400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу пәні. Ғ дыбысы және әрпі. Ашық сабақ. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беріп жатырған мұғалімдерге, соның ішінде жас мамандарға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Сауат ашу Мектеп: №2 ОМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бисенова Д.С

Сынып: 1 «А» Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ғ ғ дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары:

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.5.1. Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалім көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Ғғ дыбысы мен әрпін таниды.

Көптеген оқушылар: Ғғ әрпі бар сөздерді таба алады.

Кейбір оқушылар: Ғғ әрпі бар сөздерден сөйлем құрай біледі.

Бағалау критерийлері

  • Ғғ әрпін таниды

  • Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тілдік мақсаттар

  • Ғарыш дегеніміз не?

  • Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

Құндылықтарды дарыту

6. Мәңгілік Ел, бұл Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы

Пәнаралық байланыстар

  Жаратылыстану, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Бейнебаян

Бастапқы білім

Ғғ дыбысы мен әрпін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар


Сабақтың басы






Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Өткен әріптерді қайталау.

Парақшадағы сөздерді балмұздақ таяқшаларын алу арқылы балаларға оқыту.

- Дыбыс деген не?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстарды немен белгілейді?

- Дауыссыз дыбыстарды немен белгілейді?


Балалар, қараңдаршы бізге хат жіберіпті, қане оқып көрейін ішінде не жазылған екен?

Міне, қызық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен, жұмбақтың жауабын тауып көреміз бе?
(Балалардың жауабы)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)

Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)

Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)

Жарайсыңдар балалар!
Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда орналасады? Аспан әлемінде. Ғарышқа автокөлік бара алмайды.
- Онда немен барамыз?


Парақшалар

Балмұздақ таяқшалары











Қорап

Хат

Сабақтың ортасы


1-тапсырма. Тыңдалым.


Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне  ұшатын   адамдар.Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.

-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып , аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер   еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.

- Аспанда тағы нелер болады,балалар?

Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген. Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.

Ғарыш туралы бейнебаян көрсету


  • Балалар ғарыш, ғарышкер сөздері қай әріптен басталып тұр?

  • Ғ әрпінен.

  • Олай болса балалар біз бүгін жаңа әріппен танысамыз. (ғ дыбысымен таныстыру)


2-тапсырма.

Слайдпен жұмыс.

3-тапсырма.

«Артығын тап » ойынын ойнату


Бағалау критерийлері

Дескриптор:


- Бейнебаянды талқылайды.

- Мәтінді оқиды.

- Артық затты ажыратады.

- Бейнебаянды талқылай біледі

- Мәтінді оқи алады.

- Артық затты ажырата біледі.


 



Бейнебаян








Суреттер














Сабақтың соңы


Кері байланыс

«Жетістік баспалдағы»

 




Тәрелке, кір қыстырғыш













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі