400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу пәнінен Әңгіме оқимын .Сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде 490 сөз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: сауат ашу

Тақырыбы: Әңгіме оқимын. Сөз

Мектебі:№ 6 орта мектеп КММ

Күні: 24.04.2017

ж

Мұғалім:Янгибаева Шолпан

Сыныбы: 1 «З»

Қатысқаны:25

Қатыспағаны:

Оқу мақсаттары

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою.

Ойлау деңгейі: Білу және түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:

  • Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

  • Түсініп оқиды.

  • Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

  • Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Алдыңғы білімдер

10 мин

Әңгіме оқимын.Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Біз бақытты баламыз,

Өсіп білім аламыз.

Әріптермен танысып,

Біз білімді боламыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өлең жолдарын жатқа айту







Сабақтың ортасы

15 минут



Сұрақ – жауап

  1. Мәтін дегеніміз не ?

  2. Сөйлем дегеніміз не ?

  3. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?

  4. Адамға қандай сұрақ қойылады ?

  5. Заттарға қандай сұрақ қойылады ?

Оқылым. Мәтінді түсініп оқы.

Ақ нан неге ақ ?

Нан дүкенінен келе жатып, Ержігіт апасына тосын сұрақ қойды:

  • Апа, ақ нан неге ақ, қара нан неге қара ? Бұл ұнға байланысты ма ? Әлде ...

  • Дұрыс таптың, балам. Ұн әртүрлі: ақбидай ұны да, қарабидай ұны да болады. Ақбидай ұнынан ақ нан, қарабидай ұнынан қара нан пісіріледі.

Дескриптор:

  • Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

  • Түсініп оқиды.

Сұрақтарға жауап бер.

  1. Өлең бе, әлде әңгіме ме ?

  2. Мәтінде не туралы айтылған ?

  3. Мәтіннен мағынасы қарама- қарсы сөздерді тауып айт.

Сергіту сәті

1 минут

Жұптық жұмыс. 4-жаттығу. Суреттегі көгөністердің таласын диалог арқылы жүзеге асыр.


Дескриптор:

  • Суреттегі көгөністерді ажыратады.

  • Көгөністердің таласын диалог арқылы жүзеге асырады.


6- жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.

Торта қойдым.

Орта қойдым.

Орта қойдым,

Жорта қойдым.

Дескриптор:

  • Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

  • Түсініп оқиды.

  • Жатқа айтады.









Оқулық.

10 мин

Дәптермен жұмыс.

2-жаттығу. Көркем жаз.

Білікті диқанның егіні бітік.

Дескриптор:

  • Сөйлемді бас әріптен бастап жазады.

  • Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

3-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Қарамен берілген сөзге мағынасы қарама- қарсы сөзді тап.

Нан

Ерте тұрып таңнан,

Пісірді апам ақ нан.

Кетер емес әлі,

Таңдайымнан дәмі.

Дескриптор:

  • Өлеңді бас әріптен бастап жазады.

  • Сөздердің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

  • Мағынасы қарама- қарсы сөздерді табады.

5-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Жұмбақты шешуімен бірге көшіріп жаз. Қарамен берілген сөзге мағынасы қарама- қарсы сөзді тап.

Қалың киімді ұнатады.

Шешіндірсең, жылатады.

Пияз.

Дескриптор:

  • Жұмбақты бас әріптен бастап көшіріп жазады.

  • Шешуін тауып, жазады.

  • Қарамен берілген сөзге мағынасы қарама- қарсы сөзді табады.

Дәптер. Оқулық.

Аяқталуы

Қорытындылау

8 минут




Топтық жұмыс.

1- топ Дыбыстардан сөз құра. (Нан,бидай,ұн,пияз,қызылша)

2-топ Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса.(Бидай)

3- топ Берілген сөздерді буынға бөл.( Бидай пияз,қызылша,қалың,жұқа)



Оқулық, дәптерлер.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі