400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу сабағы Ұ дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
: ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздер оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ұ ұ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.

Жеке сөздер оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс -тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: суреттер, слайд, кеспе әріптер, буындар.

Оқу іс-әрекеетінің барысы:

І.Ұйымдастыру кезееңі.

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектерімен, жылы лебіздерін білдіреді.

2. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Шыр айналып биші қыз

Билеп – билеп алады.

Өз бұрымын беліне

Орап түсіп барады. (Ұршық)


Құстардың панасы,

Ағашта ол тұрады. (Ұя)

Ұршық, ұя сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ІІ. Негізгі бөлім.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ұс – ұс –ұс

Қарлығаш - киелі құс.

Дәптермен жұмыс.

Ұя, құдық , бұзау сөзіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысынын орның ажыратқызады. Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздін басында, ортасында, аяғында келетін сөздерге мысал келтіру. Дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.

Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Тор көздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Тор көзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса. Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.

Тордағы әріптерден сөз құра.

Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.

Ұ – лу, ұ – я, бұ – лан, сұр.

Ұр – шық, құ – лан, құр.

Жаңылтпаштар жаттау.

Тұз – мұздай

Мұз – тұздай

Талап – тұлпар

Білім – сұңқар.

  1. Сергіту сәтін өткізу. «Ұшты - ұшты» ойыны.

Ұшты – ұшты қарға ұшты. (Балалар қарға сияқты ұшады).

Ұшты – ұшты етік ұшты. (Қолдарын көтеріп ұшпақ болған бала айыбын өтейді).

ІІІ.Қортындылау.


- Балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?

- Ұ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі