Материалдар / Сауат ашу: Сауат ашу әлеміне саяхат
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Сауат ашу: Сауат ашу әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, Дыбыс, буын, сөйлем тақырыптарын қайталау. Суретке қарап сөйлемдер құрастыру .Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Сауат ашу әлеміне саяхат.

Мақсаты: балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, жазуға қолдарын жаттықтыруды жалғастыру. Дыбыс, буын, сөйлем тақырыптарын қайталау. Суретке қарап сөйлемдер құрастыру .Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту; Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу. Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: әріп қималары, үлестірмелі суреттер, маркер,карточкалар,

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

-Сәлеметсізбе!

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

-Балалар бүгін мен сендерді сауат ашу әлеміне саяхатқа шақырамын, онда кішкене шағын елдер бар екен, сол елдерде өздерінің сиқыршылары бар, олар әр түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды бергенді ұнатады.(әр тапсырманың қасына сиқыршы бейнелерін қою)

Ал саяхатқа қандай көлік түрлерімен баруға болады?

-Автобус, жеке көлік, ұшақ, пойыз, жолаушылар кемесі, су көлігі.

- Балалар саяхатқа қандай көлікпен аттанатынымызды 1 саны бар тапсырманы орындағанда білетін боласындар. Енді орнымызға отырып, 1 саны бар тапсырманы орындаймыз ,нүктелерді бір-біріне қосамыз. Балалар қарындашпен нүктелерді бір-біріне қосып кеменің сұлбасын алады.

-Саяхатқа немен аттанады екенбіз?(Экраннан кеменің суреті шығады)

-Кеме

Барлықтарында кеме шықты ма?

-Ия

- ендеше балалар сіздер әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын мен сіздерге асық беріп отырамын. Ұйымдастырылған іс-әрекет соңында кімнің асығы көп екенін білетін боламыз.

Экранға назар аударайық, Экранда суреттер берілген сол суреттерге қарап сөйлем құрастырамыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Көктемде қандай ерекшеліктер бар?

-Көктемде күн жылынып, қар еріп, құстар қайтып келеді.

-Жарайсыздар балалар, сонымен қатар көктемгі еңбек түрін білеміз бе?

-Көктемде ағаш отырғызып, құстарға ұя жасаймыз.

Келесі тапсырма «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемі» Балалар бұл тапсырмада дыбыстарды тауып. Сол дыбыстарға сөздер құрастырып көрсетулеріміз керек.

-Жақсы балалар сендер екінші тапсырманы да орындадындар,

Саяхатымызды жалғастырайық.

Келесі тапсырманы қарайық.

Тірек сызбалалар арқылы сөйлем құрастыру.

Мысалы: -Мен автобусқа отырдым.

-Сөйлем неше сөзден тұрады?

-Үш сөзден тұрады.

Балалар тірек сызбалар арқылы бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер құрастырады(Жұптық жұмыс)

-Неше сөзден тұратын сөйлем құрастырдың?

-Келесі сөйлемді құраймыз.

Сергіту жаттығуы:

Қане, қанат жазайық,

Ұшақ боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Келесі тапсырма «Ғажайып қорап» балалардың алдарына бірнеше суреттер беріледі. Сол суреттерді атап, буынға бөліп 1 буынды, 2 буынды, 3буынды екендігін ажыратып белгіленген әр қорапқа салады.

Балалар сіздерге көк және қызыл киіз үй суреттерге берілген. Бұл суреттер нені білдіреді?

Қызыл түс –дауысты дыбысты , көк түс –дауыссыз дыбысты білдіреді.

-Дұрыс айтасыздар балалар. Ендеше сіздердің алдарыңызға дыбыстарды қойдым сол дыбыстарды ажыратып киіз үйлерге орналастырамыз.

-Жақсы сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадындар. Балалар бір-бірлеріне жарайсындар деп көрсетеді. Балалар осымен саяхатымыз аяқталды , балабақшамызға оралайық.

-Бүгінгі саяхатымыздан қандай әсер алдындар?

-Несімен қызықты болды?

-Саяхатта қандай тапсырмалар орындадық?

-Бүгін қандай дыбыстарды қайталадық?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетке өте жақсы, белсенді қатыстыңыздар. Жарайсыздар! Сау болыңыздар!






42 «Айналайын» МКҚК



Бекітемін: Меңгеруші: Н.Г.Шугаева






Сауат ашу әлеміне саяхат







Тәрбиеші: Муханова Т.О











2024 жыл




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!