Материалдар / Сауат ашу. Тақырыбы: Біздің ойындарымыз. Сөйлем
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сауат ашу. Тақырыбы: Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Біздің ойындарымыз. Сөйлем Оқу қызметінің мақсаты: Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу. Сөйлем сызбасын құру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
630
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Қатынас

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Біздің ойындарымыз. Сөйлем

Оқу қызметінің мақсаты: Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу. Сөйлем сызбасын құру.

Шаттық шеңбері

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

Пікір алмасу сұрақтары.

-Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

-Қораптың ішінде қандай ойыншық болғанын қалайсың?

- «Классик» (мак) ойыны қалай ойналады?

-Скейт жасау білесің бе?

- Сіреңкенің қауіпті зат екенін білесің бе?

- Сөйлем неше сызбамен берілген?

Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Балалар қандай ойын ойнап жүр?

Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер

ме?

Саған тышқан болу ұнай ма?

Өзің қандай ойынды ұнатасың?

Ол ойын үшін қандай құралдар керек?

Балалар шағын əңгіме құрайды.

Досына доп бермеген Досан қандай бала?

2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады.

Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз

ойларын айтады.

Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы

бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын

сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ

бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар.

Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға

сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем

туралы түсініктері қалыптасады.

3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін педагог

мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны

бойынша не түсінгені анықталады. Педагогтің

айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап

алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде

пайдалануға болады.

Сендер скейтпен сырғанап көрдіңдер ме?

Скейттің пішіні қандай?

Оны қырынан қарағанда неге ұқсайды?

4-тапсырма. Ермексаздан скейт бейнесін жасау.

Скейттің ойын құралы екенін айтып, оның

бейнесін сипаттайды.

5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу.

Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды

пікірге əкелуге жетелеу.

Немен ойнауға болмайды?

Балалар қораптың ішінде не бар?

Сіріңке неге қауіпті?

Үш-төртсіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа

байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем

құрастырады.

6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен

қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға

жаттығады.

Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі

жаққа ырғалады).

Мак!Мак!Мак!

Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп,

біраяқпен секіреді).

Қап!Қап!Қап! (Ұ. Есдəулет)

Қорытынды жасап, балаларды марапаттайды.

Кімге оқу қызметі ұнады?

Балаларға сөйлесудің қандай түрі ұнады?

Сенің ойыңша, достарыңмен қалай танысу керек?

Балалар өз жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!