жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сауат ашу тақырыбы: "Мен және табиғат.Й дыбысы мен әрпі"
|
Сабақ:сауат ашу |
Мектеп: Әділбек Майкөтов атындаығы негізгі мектеп |
|
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні Жаңабергенова Ж.Ғ. |
|
|||
|
Сынып: 1а |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
||
|
Тақырыбы |
Мен және табиғат.Й дыбысы мен әрпі |
|
|||
|
Оқу мақсаты |
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу)қолдану 1.3.8.1 Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңында тиісті белгілерін қою. |
|
|||
|
Сабақ мақсаты |
й дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау, тиянақтау,сөзді, мәтінді оқуға жазуға үйрету Сөздік қорын,тілін дамыту. |
|
|||
|
Жетістік критерийлері |
Иллюстрация бойынша болжау жасайды Құрамында Й әрпі бар сөздерді оқиды Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады |
|
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану |
|
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
|
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Дереккөздер /Ресурстар/ |
|||
|
Басы |
Ұйымдастыру Бір-біріне жақсы тілектер айту. |
Шаттық шеңбері |
|||
|
Ортасы |
Сұрақтар қою. Киімді немен тігеміз? -Тікұшаққа ұқсайтын қандай жәндік? -Бұл сөздер қандай әріптен басталып тұр? -Түнде аспанды жарық қылатын не? Жұмбақ шешу. 1.Түнде күлімдейді, Суда дірілдейді. (ай) 2.Күлсең күледі, Жыласаң жылайды, Өзі сеннен аймайдй, Жасағаныңды қайталайды . Бұл не? (Айна) (Ж) Йогурт, йод сөзіне дыбыстық талдау жасау Й қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде жазылады? Қандай сөздің басында жазылады Дидактикалық ойын: «Буынды жалғастыр» ай- ой- той - жай- ине- и- и- иіс- 2. «Сиқырлы әріптер әлемі»ЭО 3.Тыңдалым 1 Сұрақтарға жауап алу. Жауапты қайдан алуға болады? 4.(Т) Кітап туралы ой.Оқушылардың ойлары тыңдалады 5.Ж.Әлмашев «Адамның досы»әңгімесін оқып беру.Талдау 6.Сөздерді оқыту Үйшік алақай айна оймақ сайман той Қалақай айран қаймақ шай атай қой май 7.Сөз құра Айнұр,Айна,Айша,Айман Айдар,Айдын,Айқын,Айдос -Бұл сөздер қалай жазылады?Неліктен? 8.Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр, 9.Дәптермен жұмыс Ой, ойын, ай, тай сөздерін жазады Айдар сиырды қайырды.Сөйлемді көшіреді 10.Суреттердегі заттардың атауын тауып жазу. Тай, ай, жайлау, май, сыйлық, қайық. 11. «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны.Мақсаты: и, й әріптерінің қайсысы келеді тауып жазу. А...на ж...на О...на о...ла Қа...ық т...ін |
Флипчарт Оқулық Жұмыс дәптері Электронды оқулық Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|||
|
Соңы |
«Ия, жоқ» ойыны Жауапары дұрыс болса шапалақтайды, бұрыс болса аяқпен еденді тарсылдатады. -Й дауысты дыбыс -Й дыбысы сөздің кез келген буынында кездеседі -Май,шай сөздерінде бір буын -й дыбысын қызыл үйге қондырамыз т.с.с |
|
|||
|
Қосымша мәліметтер |
|
||||
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз |
|
|||
|
Мақтау,мадақтау Сурет бойынша сөйлем құрастыр |
«Ия,жоқ» «Қай сандыққа саламын?» ойыны, ЭО,сөз құрау |
|
|||
|
Рефлексия |
Смайлинктер арқылы бағалау |
|
|||
|
Пәні: |
Сауат ашу |
|
|
Сыныбы: |
1-сынып |
|
|
Уақыты: |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Кк дыбысы мен әріпі. |
|
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: а) ақпараттық құзіреттілік: |
Ақпарат көздері арқылы К дыбысы мен әрпін таныстыру. К дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды меңгерту. |
|
|
ә) коммуникативтік құзіреттілік: |
Ауызша –жазбаша тілде К дыбысы бар сөздерді тауып, оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту және қалыптастыру. |
|
|
б) проблеманы шешу құзіреттілігі: |
Білімге, оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлықты тәрбиелік әңгімелер арқылы жеткізуге дағдыландыру. |
|
|
Сабақтың типі: |
Аралас сабақ |
|
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: |
Білім беруді ізгілендіру, ойын. |
|
|
Сабақтың әдісі: |
Сөздік, түсіндірмелі-иллюстративті, машықтық. |
|
|
Пәнаралық байланыс: |
Дүниетану, бейнелеу өнері. |
|
|
Оқыту құралдары: |
Оқулық, дидактикалық тапсырмалар, көрнекіліктер. |
|
|
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру Бөлімі |
Амандасу, түгендеу; оқу құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру, сабақтың мақсат — міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! |
|
|
|
-Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді -Кәрім кімнің жолдасы? -Ол қайда отырды? -Кәрім кімді көрді? -Ол не істеді? -Көлдің суы қандай екен? -Суға кімдер шомылды? |
|
|
ІІ Өткен мате-риалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. |
-Оқушылар өткен сабақта сендер қандай әріпті үйрендіңдер? -Кк әріпі қандай дыбыс? -Жарайсыңдар, балалар!Ендеше бүгін біз Кк әріпін жалғастырамыз. -Оқушылар тақтадағы суреттерді атап шығайықшы? -Жарайсыңдар! -Балалар қазір біз «Сандықтар» ойынын ойнаймыз.Тақтада үш сандық тұр. Бірінші сандыққа К әріпі басында кездесетін сөздерді, екінші сандыққа К әріпі ортасында кезесетін сөздерді, ал үшінші сандыққа К әріпі соңында кездесетін сөздерді тауып саласыңдар. Мен сендерге суреттер көрсетемін, ал сендер сол суретті ретімен сандыққа койыңдар. |
|
|
IІІ. Жаңа мате-риалды меңгерту. |
Оқулықпен жұмыс -Балалар, оқулығымызды ашып, барлығымыз суретті қараймыз. -Суретте не бейнеленген? -Демек балалар қандай мезгілде ойнап жүр? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Қыс мезгілінде қандай мереке тойланады? -Ендеше балалар оқулықтағы «Көрші» әңгімесін оқиық. Көрші Қыс.Қар жауды. Кәрім далаға шықты. Ол шанасын алды. Кәрімді Қадыржан көрді. Ол да далаға шықты. -Қадыржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана. Ол таудан сырғанады.Олардың көңілді дауыстары шығады. Қадіржан, Кәрім- тату жолдас әрі көрші. Мәтінмен жұмыс -Оқушылар әңгіме кім туралы айтылған? -Кәрім қайда шықты? -Кәрімді кім көрді? -Кәрім Қадыржанға не деді? -Қадіржан менКәрім қандай адамдар? -Оқушылар кітаптағы суретке қарап, төмендегі бергілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар. -Жарайсыңдар, балалар! Дәптермен жұмыс -Оқушылар барлығымыз жұмыс дәптерлерімізді ашамыз. Кк әріпін асықпай әрі әдемі етіп толтырамыз. Дәптерде берілген сөзді бастырып, көшіреміз. |
|
|
Сергіту сәті |
Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Жүгірді, секрді, Орнына отырды. |
|
|
V. Жаңа материалды бекіту. |
-Оқушылар тақтада ілінген суреттерді вагондағы әріптерге сәйкестендіріп атап шығыңдар. -Жарайсыңдар, балалар! Сендердің келесі орындалатын тапсырмаларын «Қол шапалақтау» деп аталады. Мен Кк дыбысына сөздер айтқанда қолдарынды шапалақтайсындар. Кеме, құрылысшы, кесе, гүл, жапырақ, жылқы, терек, отырғыш, текемет, доп, емен, Естай, күрек, кілт, күн, күрек, мектеп, көпір. «Сөз құра» ойыны. Тақтада бірнеше әріптер ілінеді. Оқушылар сол
әріптерге қарап сөздер құрастырады. |
|
|
VI. Үйге тапсырма. VII. Бағалау. Қорытынды. |
—Оқушыларүйге кітап соңындағы қосымша тапсырманы орындап келеіңдер. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға жұлдызша таратылады. -Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген