15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сауат ашу "Ы дыбысы мен әрпі" 1 сынып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Сабақтың тақырыбы:

1 " А" - сыныбы
Сауат ашу

Пән мұғалімі: Болаева Г.С
Оқу ісінің меңгерушісі:
|
Күні: 15.11.2017 |
Қатысқандар саны: 20 Қатыспағандар саны: 1 |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.5 Мәтінді түрлі формада қарастыру. 2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату. 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту. 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау |
||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, жаратылыстану пәні |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , электронды оқулық |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Ы дыбысы мен әрпі. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шеңбері |
|
|
Сабақтың ортасы 8 минут Топқа бөлу 1 минут Жаңа сабақпен таныстыру 12 минут |
Топқа бөлу. Барлығына туған күнге баратындарын айтып, апаратын сыйлық алу керек. Ол үшін әр топқп берілген тапсырмаларды орындау. І топ: Кеспе буындардан сөздер құрап, оқу ІІ топ: Берілген суреттерден өзіне ұнаған бір суретті таңдап алып, дыбыстық талдау жасау ІІІ топ: Сандар арқылы сөздер құрау ІV топ: Салынған суреттердің басқы әріптері арқылы сөз құрау V топ: Сөздерді оқып, мағынасын айту (Әр топтың жауабы тыңдалып, «Бас бармақ» арқылы бағаланып отырылды) Алған сыйлықтарының түсіне байланысты топтарға бөлінді. Бүгін Ы дыбысының туған күні. Туған күнге дайынбыз. Ы әрпі де дайын екенін кітаптағы суреттен қарау №1 Ы әрпіне келген қонақтардың аттарын тап. Ол сөздерге дыбыстық талдау жаса. №2 Суреттерге қарап, өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.
Ы дыбысы мен әрпі туралы электронды оқулықтан көріп, білімді тиянақтау |
Сыйлықтар таратылып берілді оқулықпен жұмыс Таныстырылым, электрондық оқулық |
|
|
Сергіту сәті 1 минут |
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
Аяқталуы 5-6 минут |
Дәптермен жұмыс. Тақтада Ы әрпінің жазылу ерекшелігімен таныстыру Сабақты пысықтауға арналған
сұрақтар мен тапсырмалар |
Оқулық, дәптерлер. |
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия Оқушылар «Үш конфет» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты көрсетті |
конфеттер салынған парақшалар |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, жаратылыстану Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген