Сауат ашу я арпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу я арпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмегі тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі»ММ













Ашық сабақ

Тақырыбы: «Математика әлемі. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы»




Тәрбиеші: Рахметова М.Т

























2017-2018ж



Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 11.05.2018ж Тәрбиеші: Рахметова М.Т

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Математика әлемі. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы

Мақсаты:1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау. 
1 - 20 көлемінде реттік санау. Тура және кері санау. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау.
Балалар логикалық танымдық тапсырмаларды тез шешуге дағдыланады.

Көрнекілігі: санау материалдары, суреттер, дид. материалдар т.б

Қызмет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қызмет кезеңі



Шаттық шеңбер.

Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Ал әрбір жыл мезгілі неше айдан?
- Сонда 1 жылда неше ай бар?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Бізге қонаққа ертегідегі Мақта қыз келді. Осы ертегінің кейіпкерлері өзімен бірге бірнеше тапсырмалар әкеліпті. Тапсырмаларды жақсы орындаған балаларға сыйлығы да бар екен. Ал енді, 2 топқа бөлінейік.

Шаттық шеңберге тұрып сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру-шылық қызмет кезеңі


1.Сиырдың тапсырмасы.

1-20 дейін тура және кері санау.

2.Ағаштың тапсырмасы.

Салыстыру (< >= таңбалары)

3. Қыздардың тапсырмасы. «Кім білгіш» ойыны.

Сергіту сәті

4.Дүкеншінің тапсырмасы.

Логикалық есептер.

1.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

2. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл,Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен , Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?

Логикалық сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Екі сиырдың мүйізі нешеу? 
2. Үш адамның қолы нешеу? 
3. Бес қойдың басы нешеу? 
4. Бес баланың аяғы нешеу?

5.Тауықтың тапсырмасы. Геометриялық пішіндерді ата.

1 топқа сұрақ : Қай геометриялық фигураның қабырғалары жоқ?

2 топқа сұрақ: Қарама-қарсы қабырғалары болатын геометриялық фигура қалай аталады?

6.Тышқанның тапсырмасы. Есеп шығару.

1. Балалар ағашқа дүйсенбі күні 4 жемсауыт, ал сейсенбі күні 3 жемсауыт ілді. Балалар барлығы неше жемсауыт ілді?

2.Бұтақта 7 торғай қонып отырды. 3 торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?

3. Аулада 3 балапан жүр еді,оның 2-уі кетіп қалды.Аулада неше балапан қалды?

4. Алтынайда 9 кәмпит болған,оның 3-уін інісіне берді. Алтынайда неше кәмпит қалды?


7.Мақта қыздың балалардың жылдамдықтарын,ойлау қабілеттерін тексеру мақсатында әкелген тапсырмасы.
«Адасқан сандар»



1 топ.1-10-ға дейін тура кері санайды.

2 топ.1-20- ға дейін тура кері санайды.

Артық ,кем,тең таңбаларын қояды

Сергіту сәтін орындайды.

Логикалық есептерді ауызша шығарады.

1.Алмұрт

2.Айгүл










Геометриялық пішіндерді атайды.

1.Дөңгелек

2.Төртбұрыш






Есеп шығарады.












Адасқан сандарды тауып алады.

Рефлексті түзету кезеңі

-Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма ұнады?

Мақта қыз сендерге жақсы жұмыс жасаған үшін мынадай смайликтерді дайындап қойды.


Балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Білу: 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын.

Болу: жақсы қарым-қатынаста болу

Қолдану: 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі