400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу:Дыбыс пен әріпті тану және ажырату 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыс пен әріпті тану және ажырата білу туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Сауат ашу

Мектеп: №26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Курбанбаева М.С

СЫНЫП:1 А

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

2. Менің мектебім

2.9. Дыбыс пен əріпті тану жəне ажырату

Оқу мақсаттары

1.2.9.1 əріпті тану, ажырату жəне оны

дыбыспен сəйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Е әрпін таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді, жаза алады. Сөздерді буынға бөледі, оқи алады.

Көбі: Өз бетінше дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алады. Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады, дыбыстардан сөз құрастыра алады,

Кейбірі: өз бетінше сөзге сөйлем құрастыра алады, дыбыстық талдау жасайды, өмірмен байланыстырады.


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

1. Әріп таңбаларын, оның ішінде «е» әрпін таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді

2. «Е» дыбысы қатысты сөздерді оқиды, жазады.


1.Әріптерден буын, сөз құрастырады, оқиды. 1 балл

2. «Е» дыбыс қатысты сөз ойластырып, буынға бөліп айтады. 1 балл

3. Дыбыстардан сөз құрайды, сөзге дыбыстық, буындық талдау жасайды,

«е» дыбысының сөз басында, ортасында, соңында кездесетінін айтады.

3 балл

4.Оқулықта берілген буындар мен сөздерді оқиды. 1 балл

5. Ее әрпі мен кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазады. 2 балл

6. «Е» дыбысын талдау. 1 балл

7. Әріптерді дұрыс орналастыру арқылы сөз құрастырады.

1 балл

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:


Табиғат, таза ауа, немере,


Талқылауға арналған сұрақтар:

- Отбасы мүшелері қайда демалуда?

- Неліктен табиғат аясында демаламыз?

- Таза ауа не үшін қажет?

- Неліктен табиғатты қорғаймыз?

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемді сүю, қорғау

Пәнаралық байланыстар


өнер пәндері, дүниетану, ана тілі

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Алдыңғы оқу

Дыбыс, буын, сөз, сөйлем жайлы алғашқы ұғым, түсініктері бар, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады, сөзге дыбыстық талдау жасай алады, өтілген дыбыстар мен әріптерді оқу және жазуға машығы бар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар

Басы:

Психологиялық дайындық

Балаларды реттеу:

1.«Достық шеңбері» құрылады

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Балаларды реттеу: ерекшелігіне қарай жануарлар, өсімдіктер, құстар, су жәндіктерінің суреті бойынша топтасады.

(т) 1.Әріптерден буын, сөз құрастыру, оқу. 1 балл Ой қозғау: «Жедел хат» ойыны. Таныс дыбыстар мен дағдылармен байланыс орнату. Оқушылар почташы таратқан хат ішінен шыққан әріп таңбаларынан буындар, буыннан сөздер құрастырады, оқиды. ( мысалы: қа – ла, ша – на, да – ла, та – ры т.б.)

































конверт

әріптер



























сурет



























аудиомәтін





суреттер

«немере» сөзі





























оқулық















жұмыс дәптері



кесте













орны ауысқан әріптер

Ортасы

(т) 2. «Е» дыбыс қатысты сөз ойластырып, буынға бөліп айтады. 1 балл

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

«Е» дыбысы қатысты сөздер ойластырады, сөздерді буынға бөледі.



(с) Оқушы тәжірибесі. «Е» дыбысының айтылу ерекшелігін зерделей отырып, дауысты дыбыс екенін ажыратады, дәлелдейді.



Оқулықпен жұмыс.

(с) Сурет бойынша әңгімелейді. Әңгіме табиғат пен адамның байланысын ашуға бағытталады.

Оқушылармен талқылау жүргізіледі:

- Отбасы мүшелері қайда демалуда?

- Неліктен табиғат аясында демаламыз?

- Таза ауа не үшін қажет?

- Неліктен табиғатты қорғаймыз?

(м) Аудиомәтін тыңдау: - Мен атам мен әжеме кім болам?

3. Дыбыстардан сөз құрайды, сөзге дыбыстық, буындық талдау жасайды,

«е» дыбысының сөз басында, ортасында, соңында кездесетінін айтады. 3 балл

«Ойлан, тап» ойыны.

Суреттілердің алғашқы әрпін қосып айтқанда шығатын «немере» сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасау.



(д) 4. Оқулықта берілген буындар мен сөздерді оқиды 1 балл



(д) 5. Дәптермен жұмыс: Ее әрпі мен кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазу. 2 балл

Соңы

Рефлексия, кері байланыс

(д)6.«Еркін жазу»стратегиясы. Кестені толтырады.

(т) 7. «Әріптердің орнын тап» ойыны. Орыны ауысқан әріптерден сөз құрастырады.

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушыларды мейлінше қолдап, мадақтау сөздер айтып, қателерін өзара түзетуге жағдай жасап отыру.

Қабілетті оқушының көшбасшылығына жол ашып, «е» дыбысы қатысты сөздерге сөйлем құрату.Өз бетінше дыбыстық талдау жасап, өмірмен байланыстыруына қолдау көрсету.

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Сабақ барысындағы оқушылардың өзара бағалау тәсілі:

Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс

Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары

өнер пәндері, дүниетану, ана тілі

Аудиожазба , таныстырылым.

Қоршаған әлемді сүю, қорғау


Рефлексия



Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

орындалды

Бүгін оқушылар не үйренді?

Е дыбысын, əріпін танды, ажыратты жəне оны

дыбыспен сəйкестендірді.

Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті?

Белсенді

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Тапсырма барлық жағынан сәйкес болды

Уақытты қалай пайдаландым?

ұтымды


Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім?

Түрленген тапсырмалар енгіздім

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Жедел хат» ойыны.

2: «Әріптердің орнын тап» ойыны.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Оқушылар жылдам жазуға машықтанса.

2: Ойларын жүйелі жеткізсе.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:Топпен жұмысты қажет кезде ғана пайдалану.

2:Жарыс түріндегі тапсырмалар ұсыну.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі