«Сауатты жазайық» элективті курсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сауатты жазайық» элективті курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сауатты жазайық» - элективті курсы.Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім,білік,дағдыларын жетілдіре түседі. Осы элективті курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейіп,әрі сауатты жазып, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәні сияқты қазақ тілінің дыбыстық,лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес құрастырылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай.
Материалдың қысқаша нұсқасы


С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектеп






«Сауатты жазайық»

элективті курсы













Құрастырушы: Ибадулина Риза Кадырбековна

Бастауыш сынып мұғалімі




І. Түсінік хат


«Сауатты жазайық» - элективті курсы.Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім,білік,дағдыларын жетілдіре түседі. Осы элективті курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейіп,әрі сауатты жазып, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.

«Қазақ тілі» пәні сияқты қазақ тілінің дыбыстық,лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес құрастырылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай.

Тапсырмалар арнайы топтастырылып, өзіндік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын (шығармашылық жұмыс,тесттер) ұйымдастыруға арналған тапсырма ретінде берілген. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі.Оқу процесін өтілген материалдардың қолданылу жиілігін ескере отырып ұйымдастыруға және ақырғы нәтижеге жетуді бағдарлауға мүмкіндік береді. Сауатты жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор.Осы курста сабақпен бірге практикалық жұмыс жүреді.

«Сауатты жазайық» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

3-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.


Өзектілігі:


  • Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;

  • Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;

  • Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.


Мақсаты:

  • Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;

  • Өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру;

  • Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;

  • Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу, әріптік, буындық, сөздік, сөйлем, шағын мәтін т.б.арқылы сауатты жазуға үйрету.

  • Олардың білімге деген құштарлығын,еңбек сүйгіштігін арттыру;

Міндеттері:

  • Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

  • Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

  • Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • Әріптерді бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;

  • Эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру;


Күтілетін нәтиже:


  • Шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.

  • Сауатты жазу дағдылары қалыптасады;

  • Тіл байлығы жетіледі;

  • Грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;


ІІ. Таңдау курсының базалық мазмұны

Таңдау курсы төмендегідей 5 бөлімнен тұрады:

  1. Сөйлем мүшелері - ( 4 сағат)

  2. Дыбыс пен әріп - (11 сағат)

  3. Сөз таптары - (12 сағат)

  4. Сөйлем - (3 сағат)

  5. Жыл бойы өткенді қайталау - (4 сағат)































Сауатты жазайық


Тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

1

Сөйлем мүшелері

1


2

Бастауыш.Баяндауыш

1


3

Қаратпа сөз. Қыстырма сөз

1


4

Өзіңді-өзің тексер

1


5

Дауысты дыбыстар. Оның түрлері

1


6

Жуан дауысты дыбыстар

1


7

Жіңішке дауысты дыбыстар

1


8

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

1


9

Буын

1


10

Дауыссыз дыбыстар

1


11

Қатаң дауыссыз дыбыстар

1


12

Ұяң дауыссыз дыбыстар

1


13

Үнді дауыссыз дыбыстар

1


14

Дыбыстық талдау

1


15

Тасымалдау

1


16

Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім

1


17

Зат есімге арналған тапсырмалар

1


18

Өзіңді-өзің тексер

1


19

Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік

1


20

Етістікке арналған тапсырмалар

1


21

Өзіңді-өзің тексер

1


22

Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім

1


23

Сан есімге арналған тапсырмалар

1


24

Өзіңді-өзің тексер

1


25

Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім

1


26

Сын есімге арналған тапсырмалар

1


27

Өзіңді-өзің тексер

1


28

Хабарлы сөйлем

1


29

Сұраулы сөйлем

1


30

Лепті сөйлем



31

Диктант

1


32

Өз біліміңді тексер

1


33

Қайталау

1


34

Қорытынды бақылау тесті

1





Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3.«Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» М.Қоянбаев.

4.«Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналы


5. «Айгөлек», «Балдырған» журналдары

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
210
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі