15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сәукелен әшекелейміз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші: Бейсенова Р.М
Топ: Ортаңғы «Балдәурен»
Білім беру саласы: Шығармашылық
ҰОҚ: Апликация
Бөлімі:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Сәукелені әшекейлейміз
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Жапсыру барысында бір түстің екі реңкін қолдану, мұқият жапсырудың тәсілдерін бекіту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:
Білімділігі: ою-өрнектерді жапсыруға үйрету.
Дамытушылығы: Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өз ойларын жеткізе білу.
Тәрбиелігі: Қазақ халқының сəндік қолданбалы өнеріне құрметпен қарау
Сөздік жұмыс:сәукеле,тақия,үкі
Билингвалдық компонент: тақия-skullkap-тюбетейка
Көрнекілік құралдар: қазақтың ұлттық киімдері, желім, сулық, қайшы, үлестірмелі материалдар, қуыршақ Айару.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап,ойын,практикалық,алгоритм
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешініңіс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Есеп + |
Есеп - |
Ой қозғайтың себептер |
Тәрбиеші:балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Өлеңді үнтаспадан тыңдатады.Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Көктем мезгілінің ерекшелігін атап беріндерші.
|
Балалар мұқият тыңдайды.
Көктем мезгілі.Күн ұзарады,күн жылынады. |
|
|
Ізденіс – ұжымдық-негізі бөлім |
Балалар,бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айару келді. -Сәлеметсіңдер ме,менің көңіл күйім жоқ .Өйткені қонаққа барайын дегенмін,қазақша көйлек киіп барайын деп едім,бірақ сәукелемді жоғалтып алып. -Тәрбиеші:Балалардың назарын суретке аударады. Артығын тап.дид.ойын. Суреттермен әңгімелеу. Балалар суреттерден нелерді көріп отырсыңдар? Дұрыс айтасыңдар,бұлар бас киімдер. Айару балалармен сәукелені таңдауға кіріседі. Жұмыстың жасалу жолдарын түсіндіреді.
Сергіту сәті. Саусақ жаттығуы Бас бармақтың үйіне Келді бүгін қонақтар Бес саусағың - бақытың Сонда, балам, бар құтың Бес саусағың біріксе Текке кетпес уақытың Барлық саусақ достар Бірін-бірі қостар Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді. Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Сөздік жұмысы. сәукеле,тақия,үкі. -Балалар қазір осындай киімдерді кие ме? -Қазақтың ұлттық киімі екенін қайдан білеміз |
Тәрбиеші тыңдайды, сұрақтарына жауап береді
Жұмыстың жасалу ретімен танысады. Дауыстап айтады.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды
Балалар жұмысқа кіріседі, дайын қиылған түрлі түсті қағаздан сәукелені жапсыруға кіріседі.
Жоқ кимейді. Ерекше әдемі ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. |
|
|
Рефлексиялық түзету |
Қуыршақ Айару балалардың жұмыстарын мадақтайды. -Өзіміз жасаған жұмыстарымызды көрейік. Айару өзіне ұнаған сәукелені таңдап алады.Артығын көрмеге жіберуге жарай ма, қалай ойлайсыңдар? Оқу іс-әрекетін жаман-жақсы әдісімен қорытады. -Балалар Айару сендердің көмектерің үшін өте қуанышты.Рақмет айтып жатыр. «Тақия тастамақ» ойынын ұйымдастырады. Айару балалармен қоштасады |
Балалар Айарумен келісіп көрмеге қалған сәукелені көрмеге жібереді.
Қуаныштарын білдіреді, талдауға қатысады
|
|
|
Күтілетіннəтиже:
Қайталай алады:Жаңа сөздерді
Түсінеді: жапсырудың тәсілдерін
Қолданады :Ою-өрнектерді жапыстыруда қолдана алады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген