Материалдар / "Сәуле шашқан зердеге, қылқаламмен." кездесу кешінің сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сәуле шашқан зердеге, қылқаламмен." кездесу кешінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Сыр елінің қылқалам шебері, суретші,ақын Қайырбай Закировтың шығармашылығымен танысады. Сыр елінің дара тумасы жайлы нақты деректер жиналған шара сценарийі ұстаздар үшін пайдасы мол болмақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
738
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сәуле шашқан зердеге қыл қаламмен» атты Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендианты, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Самғау» медалінің иегері,Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясының академигі, суретші Қайырбай Зәкірұлымен кездесу кешінің сценарийі.

Сахнада «Қыз Жібек» бишілер тобының орындауында «Қазақ биі» орындалады.

Жүргізуші: Құрметті де, қадірменді қауым! Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет атандырған Ұлы Тәуелсіздік иерекесі келіп жетті. Баршаңызға дүбірлі мереке құтты болсын!

Айтулы мереке қарсаңында Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәуле шашқан зердеге қыл қаламмен» атты Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендианты, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Самғау» медалінің иегері, суретші Қайырбай Зәкірұлымен кездесу кешіне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Жүргізуші:

Жасыңнан арманыңа жол бастадың,

Қылқаламың – қорғаның, алдаспаның.

Мүмкін емес таланттың танылмауы,

Өмір өзі жетектер марғасқа ұлын.


Ержетіп, қанат байлап, қиялыңа,

Шықтың-ау арманыңның қиянына.

Жеткіншек жас буындар өзіңді аға,

Балайды өнердегі зиялыға.


Қайратыңды сарп етіп құрметті елге,

Бекігенсің сырды ашып суреттеуге.

Қолдағы қыл қаламмен кең көсіле

Халықтың сәуле шаштың зердесіне.

Жүргізуші: - Иә, шынында да халықтың зердесіне қылқаламмен сәуле шашқан, бойына киелі өнердің жақұтын жиған, сурет өнерінің майталманы, ақынжанды, сегіз қырлы, бір сырлы, қазақтың бір туар азаматы - Қайырбай ағамыздың аты Қызылорда облысына ғана емес , республика көлеміне , алыс-жақын шет елдерге де танымал. Ендеше, бүгінгі кешіміздің арқауы, қадірлі қонағымыз, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендианты, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Самғау» медалінің иегері, суретші Қайырбай Зәкірұлын қошеметтеп сахна төріне шақырамыз!

Жүргізуші: Көңілі- кең дария, жазық дала,

Халқы бар, кие тұтқан өнерді аға!

Қонақжай, ортаймаған қазаны да,

Қош келдің, Қасиетті Қазалыға! - Ия, аға киелі Қазалы топырағына Қош келдіңіз! Ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқтала кетелік. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Қайырбай Зәкірұлы –еліміздің атын әлемге әйгілеп, танытып жүрген айтулы қылқалам шебері. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм бекетінде 1945 жылдың 25 ақпанында дүниеге келген.Оның бойынан әу бастан-ақ суретшіге тән қабілеттер байқалған. 1968 жылы Алматыдағы көркемсурет училищесін, кейін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмамдаған. Қ.Зәкірұлы бүгінде қазақ бейнелеу өнерінің белді майталмандарының бірі.

Туындылары 1974 жылдан бері халықаралық, республикалық көрмелерге қатысып келе жатқан суретшінің еңбегі мемлекет, қоғам тарапынан еленбей қалған емес.Қ.Зәкірұлы әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендианты, «Қазақстан» телерадиокорпарациясының «Самғау» медалінің иегері атанған.

Еңбектері елімізде ғана емес Қытай, Жапония, АҚШ, Франция; Португалия, Марокко, Йемен секілді шет мемлекеттердегі өнер мұражайларына да қойылған. Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында , Ресей Федерациясы Мәденмет министрлігінің қорында, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің көркемсурет мұражайларында да туындылары сақтаулы тұр.

Жүргізуші: Қ.Зәкірұлы шығармашылықпен талмай еңбек етуімен қатар, еліміздің қаймақтары – ақын- жазушылармен, өнер тарландарымен, қоғам қайтаркерлерімен етене араласып, сіз-бізі жарасқан жан. Қазалы топырағының бірегей тумалары ақын-жазушы Рүстем Жанай, Жетіскен Мәкеналы сынды өнер тарландарымен араласта болды. Өмірде де, өнерде де бірге жүрген жақын достардың бір-біріне деген сыйластығы, құрметі жүрек жарды өлең жолдарында көрініс табады. Келесі кезекте жерлес ақындарымыздың Қайырбай ағамызға арнаған өлеңдерін оқушылар Үйінің үйірме мүшелерінің орындауында қабыл алыңыздар.

Рүстем Жанай «Бөлек бітім» оқитын Айдын Жанат

Жетіскен Мәкеналы «Теңізден бе,Сырдын ба?» оқитын Даниел Жамет

Жүргізуші: - Рахмет өнерлерің өрге жүзсін.

Жүргізуші: Кемерден тасығасын нақ ырысың,

Атқылар шабытыңның жалыны шын.

Алғашқы топтамалар жарық көрген,

Іспетті көзайымы өнердің шын.

Әр дарынға шыңдалу керек күнде,

Уақыт өте айналдың өр екпінге.

«Желдірме» мен «Көкжиек» топтамасы,

Көңілге серпін берді ерек мүлде.

«Құс жолы» үн қосып ел жүрегіне,

Шырай нұр ұялатты реңіңе.

«Ұлбаланың бақыты», «Диалог» сынды

Еңбектерің шам жақты түнегіме.

Ия, осындай еселі еңбектің иегері, бүгінгі кешіміздің негізгі кейіпкері, қылқалам өнерінің қас шебері, қадірлі қонағымыз- Қайырбай Зәкірұлы бүгін біздің ортамызда.

Жүргізуші: -Аға, жалпы өзіңіз, өміріңіз жайлы, шығармаларыңыз жайлы көрермендерге айта отырсаңыз.

Жүргізуші:- Рахмет ,аға! Қайырбай ағамыздың өмірі, өнері, шығармашылығ жайлы тереңірек білгісі келетін көрермендер тарапынан сұрақтарға кезек берелік.

1 Өзіңіз тәрбиелеген шәкірттеріңіз бар ма?

2 Отбасыңызда сіздің жолыңызды жалғастырушы бар ма?

3. Қайырбай аға , сурет салуда қай жанр жаныңызға жақын?

4.Тәуелсіздік мерекесіне шығармашылық тартуыңыз бар ма?

Жүргізуші: Жас әнші Арыстанбек Есентаевтың орындауында

«Елбасына арнау» әні қарсы алыңыздар.


Жүргізуші: Қайырбай!

Қайырға біткен қайыңдай.

Айтып жібер бір өлең,

Жұрт көңілін қайырмай. – деп ақын Асқар Тоқмағамбетов ағамыз өлеңінде Қайрекеңнің шабытына шабыт қосып, суретшінің тағы бір қырынан танытады. Ағамыз «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей өнердің қай саласынан болса да құр алақан емес. Қ.Зәкірұлы елімізде ақындық өнерімен де танылып жүр. Кезекті ақын шығармаларынан үзінділер орындау үшін аудандық оқушылар Үйінің үйірме мүшелеріне береміз. Қарсы алыңыздар!

Оқушылар Қ.Зәкірұлының өлеңдерін оқиды

Жүргізуші: Қайырбай ағамыз қазақтың жеті өнерімен ғана шектелмеген , ағамыз қазақтың қара домбырасымен де, гитара аспабымен де еркін әуелетіп ән салуды жанына серік еткен. Енді ағамыздан қонақ кәде сұрап, өнерін тамашалайық.

Қ.Зәкірұлы өнер көрсетеді.

Жүргізуші: - Аға, өнерлі жастар - еліміздің болашағы. Сіздің құрметіңізге жас өнерпаз Елмұра Сабырованың орындауында Елмұра Жаңабергенованың « Жыр бастауы » термесі. Қабыл алыңыз!

Жүргізуші: «Қайырбай – киелі жыр өнерінің асыл рухын қотара жұтып, бойына барынша сіңірген, кейін осы өзекті сана сүрлеуінің сүзгісінен өткізіп, қылқалам – тағдырға байлау арқылы мына дүрбелең бүниені боямасыз сомдаған туындылар жазған суретші » -деп фольклортанушы Берік Жүсіпов суреттегендей қонағымызға тілек білдіру үшін сөз Қазалы ауданының мақтанышы, қыл қалам өнерінің қас шебері Тастайбек Иманғалиұлы және бүгінгі кешімізде қадірлі қонағымызға игі тілегін білдіру үшін сөз Аудандық білім бөлімі білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқасым Қуантайұлы ағаларымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Жас өнерпаз Қуандық Әсеттің орындауында «Қазақстаным» әні. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Саңлақсың халқың әркез бағалаған,

Еңбегің жүректерден орын алған.

Қыраны Алашымның самға биік,

Жұлдыздай жарқырай бер, Қайыр ағам!

Жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, бүгінгі «Сәуле шашқан зердеге қыл қаламмен» атты Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендианты, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Самғау» медалінің иегері,Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясының академигі, суретші Қайырбай Зәкірұлымен кездесу кеші өз мәресіне жетті.Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болғай! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

Зарипова Бақытгул Сүлейменқызы

Қызылорда облысы

Қазалы аудандық оқушылар үйінің

бұқаралық бөлім меңгерушісі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!