400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сәулет өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәулет өнері тақырыбында колледждің сабақ жоспары. Оқыту нәтижесі: Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КМҚК



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Қазақ тілі

ІV бөлім.  Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Даурбекова А.И.

Курс: І


Топ:

қатысқандары:


қатыспағандары:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан сәулет өнерінің көне ескерткіштері. Сөйлем мен мәтіндегі тыныс белгілері

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Оқыту нәтижесі:

Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу

Сабақ мақсаты

Барлығы: тақырып аясындадағы негізгі ойды түсінеді

Көбі: тілдік ерекшеліктерін анықтайды

Кейбірі: сөйлем мен мәтіндегі тыныс белгілерін қолданады, жинақы мәтін (монолог, жарнама, тезис, сипаттау мәтіні) жазады

Міндетттері

Тақырып аясында терминдердің мағынасын түсініп, негізгі идеяны анықтау, мәтіннің тілдік ерекшеліктерін ажырату

Бағалау критерийлері

  • - мәтіндерді салыстыра талдайды, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп мәтін құрастырады

- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: негізгі мәліметтерді қорытады, сараптау және жазу жұмыстарын жүргізеді.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: мәдени мұра, ескерткіштер, құрылыс, сәулет өнері, ЮНЕСКО т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын, ғылыми-көпшілік стильдің тілдік бірліктері ... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық «мәдениет», «өркениет» ұғымдарымен байланысады.

Сабақ барысында жауапкершілік, құрмет құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, сәулет өнері

Алдыңғы білім

Білімалушылардың алдыңғы сабақтардағы сәулет өнері, сөзжасамдық және синтаксистік, тілдік нормалады сақтайды, стильдердің ерекшеліктерін біледі.

Қажетті ресурстар

Интерактивті тақта, презентация, таратпа материалдар

Электронды оқулық Қазақ тілі 10 сын



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы



10 мин








Білімалушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру. Әр топтан бір білімалушы достарына алғыс айтып, жақсы тілек тілейді.

Үй жұмысы. Алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында Kahoot арқылы тест беріледі.

  1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

Оқытушының сөзі. «Сәулет өнері» өлеңін оқиды.

Тәңір беріп, түскендей-ақ ой көктен,
Тасты қашап, зәулім сарай салумен,
Сәулетшілер әрбір тасты сөйлеткен.
Жайнап салып ұлтыңыздың шырағы
Өлең болып тұлпар өнер пырағы,
Бізде бірақ...
Алатаудың өзі сөйлеп тұрады.
Сәулет деген сол бір өнер келмейді,
Алыс сапар бастаса да Жол мейлі,
Бізде бірақ...
Даламыздың ақ құмдары сөйлейді.
Сәулетімен көкке қолы жетпес пе ед!
Бұл бір жолда таланттылар от кешпек,
Күн мен тасын сәулетшілер сөйлетсе
Тау биіктеп, Дала кеңіп кетпес пе ед?!... (Шөмішбай Сариев)


Білімалушылардың ойын тыңдап, сабақтың тақырыбмен және мақсатымен таныстыру

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайд, қалам, дәптер











Сабақтың ортасы


10 мин

(4 м талқылауға, 2 м-тан әр топқа қорғауға)





12 мин

(4 м талқылауға, 2 м-тан әр топқа қорғауға)



















2 мин











6 мин

  1. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Оқылым тапсырмасы.


1-тапсырма Мәтінді оқып, мәтінмен жұмыс жасау. Жауаптарын ортаға салып, талқылау.

1. Белгілеуші топ мәтіннен тірек сөздерді табады

2. Баяндаушы топ мәтін мазмұнын баяндайды.

3. Сұрақ қоюшы топ мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады.


Тыңдалым тапсырмасы.


І топқа тапсырма: Сыр өңіріндегі түрлі этнос өкілдерінің еліміздің бірқатар көне қалалары мен киелі орындарына жасаған саяхатының маңыздылығы неде? Тарихи-танымдық экспедицияға рухани жаңғыру шеңберінде қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы туралы не білесіңдер? (талдауға 2 минут)

ІІ топқа тапсырма: Оңтүстік өңірге аяқ басқан мейманның түркі әлемінің рухани орталығы – Қожа Ахмет Ясауи мен Арыстанбаб кесенесіне аялдамай кетпесі анық. Сіз де ойша сол жерде болғандағы сезіміңізді монолог түрінде жеткізіңіз. (талдауға 2 минут)

ІІІ топқа тапсырма: Төбеде қазба жұмыстары басталған 40 жыл уақытта мұнда 25 мыңдай құнды жәдігер табылған. Жәдігерлерді сипаттаңыздар. (талдауға 2 минут)



Бағалау критериі

Дескриптор

мәтіндерді салыстыра талдайды, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп мәтін құрастырады

Мәтінді түсініп оқиды

Тірек сөздерді талдайды

Мәтіннің тақырыбын, стилін, жанрын анықтайды

Жоспар бойынша мәтінді әңгімелейді


Тілдік бағдар. Сөйлем мен мәтіндегі тыныс белгілері. Оқытушының сөзі: Сөйлем мен мәтіндегі тыныс белгілері

Тыныс белгілері (пунктуация) – тіл біліміндегі жазуға тән шартты белгілер жүйесі.

Тыныс белгілері жазба мәтіндегі айтайын деген ойды нақты, дәл, түсінікті жеткізу үшін қажет.

Тыныс белгілері: 1)Сөйлем ішіндегі белгілері (үтір, жақша, қос нүкте, сызықша, нүктелі үтір,тырнақша, үтірлі сызықша) ; 2) Сөйлем соңындағы белгілер (нүкте, көп нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі)


Жаттығу жұмысы. Тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу


Журналист Жақсыбай Самрат өзінің «Абылайдың ақ үйі» атты кітабында Фазыл есімді ақсақалдың балаларына айтқанын келтіреді: «Ұмытпаңдар, анау – Абылайдың ақ үйі. Сол жерде ата-бабаларыңның ізі бар, ханға сәлем беруге, ақыл-кеңес алуға, мәслихат құруға кең даладан келген кілең жақсылар мен жайсаңдардың ізі бар», – дейді екен.


Бағалау критериі

Дескриптор

сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады

Сөйлем мен мәтін тыныс белгілерін ажыратады

Сөйлемдерді тыныс белгілерін қойып жазады





Таратпа материалдарМәтін










https://www.youtube.com/watch?v=aGtF9TcwSuU





















Сабақтың соңы


5


Үйге тапсырма. Қазақстан сәулет өне рінің інжу-маржандары туралы ой толғау жазып келіңіздер

6. Рефлексия QR-код арқылы сабақтан алған әсерлерін «3 сөйлем» әдісімен жеткізеді.

Мен ... білдім;

Мен үшін ... қызықты болды;

Менің ... білгім келеді.



QR-код арқылы

Googl forms



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
9 желтоқсан
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі