Материалдар / "Саусақ жаттығулары"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Саусақ жаттығулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
523
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саусақтың ұсақ бұлшық етінің қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар үлгісі.



  • «Қуып жет»
Қолымызға қарындаш аламыз. Екі қолымызбен барлық саусақтарымызбен қарындашты ұстап тұрып әрі-бері айналдырамыз. Саусақтар бірін –бірі қуып келе жатқандай болуы керек.
  • «Әткеншектер»
Қолымызды үстелге қоямыз да қарындашты ортаңғы саусаққа салып қоямыз (қарындаш қысқа болуы тиіс), сосын екінші және соңғы саусақпен қарындашты кезек-кезек қысамыз.
  • «Волчок»
Үстел үстіне қарындашты қойып бірінші және екінші саусақпен ұстап айналдырамыз. Осылай бірінші оң қолымызбен, сосын сол қолымызбен жасаймыз.
  • «Тау»
Қолдың үстіне қарындашты қойып төмен қарай сырғанату. Бірінші оң жақ қолымызға, сосын сол жақ қолымызға жасаймыз.
  • «Көтергіш кран»
Стол бетіндегі қарындашты бір саусақпен көтеру. Қарындашты столдың шетіне қоямыз да, соны бірінші бір саусақпен жоғары көтереміз. Содан соң қалған саусақтармен осылай қайталаймыз.
  • «Тік ұшақ»
Қарындашты екінші және үшінші саусақ орталарына салып айналдыру. Ол үшін біз жіңішке және ұзын қарындашты қолымызға аламыз, тік ұшақтың айналдырғышы сияқты, қатты-қатты айналдырамыз.
  • «Үтік»
Қарындашты стол үстімен домалату. Қолымызға қалың қарындашты аламыз, стол үстіне қоямыз. Бірінші оң алақанымызбен, сосын сол алақанымызбен домалатамыз.
  • «От алу»
Екі алақан арасында қарындашты домалату. Бірінші жай жасаймыз, содан соң тездете жасаймыз, домалатамыз. Ал енді екі қарындашпен жасап көрелік.
  • «Пианино»
Қолдың ұшымен қарындашты басу. Сол үстінде жатқан қарындашты қолдың ұшымен қаттырақ басу керек.
  • «Тығылыспақ»
Жұмулы қолда қарындашты тық. Қысқа қарындашты қолыңа ал да қыс, бірінші оң қолына, содан сол қолына.







Саусақ жаттығуларын ұйымдастыруға берілетін кеңестер үлгісі
  • Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады. Баланың жаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалаңыз. Қажет болған жағдайда балаға көмектесіңіз немесе баланың өзіне екінші қолымен көмектесуін үйретіңіз.
  • Жаттығулар алдымен бір қолмен орындалады (егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуын қарастырмаса), содан кейін екінші қолмен, сосын екі қолмен бір уақытта.
  • Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген. Біріншісі ең жеңілі.
  • Әр жаттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді.Алдымен балаға түрлі-түсті суретті көрсетіңіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріңіз, бірте-бірте түсіндіруге деген қажеттілік жоғалады.
Сіз суретті көрсетіңіз, жаттығудың атауын атайсыз, ал бала білектердің және саусақтардың қай қалпын орындау керектігін есіне түсіреді. Барлық жаттығулар жақсы таныс болғаннан кейін келесі ойын тапсырмаларын орындауға болады.
  • Екі қозғалыстан басталатын және 3-4 одан да көп қозғалыстармен аяқталатын сөздік нұсқаулар бойынша қозғалыстар сериясын есте сақтау және қайталау.
Мысалы: «ешкі-ұлу» бала ешкі қалпынан ұлу қалпына ауысады (3-4 рет). Жаттығу алдымен сөздік нұсқау бойынша орындалады, содан-соң 1-2 дегенде жасау керек.Немесе «шанышқы-сақина-қоян». Кез-келген жаттығулардың ретін ұсынуға болады.
  • Ертегілердің және қысқа әңгімелерді «қолдармен айту».
Алдымен әңгімені логопедтің өзі құрастырады, содан-соң балаға өзінің әңгімесін құрастыруды ұсынады. Мысалы, бір таңғажайып жерде өзен ағып жатты (өзенді бейнелейміз). Ол өзенде бір кішкентай балық өмір сүріпті (балықты бейнелейміз). Бір күні өзенмен кеме жүзіп өтіпті (кемені бейнелейміз). Ол қатты гуілдеді, балық қорқып жүзіп кетті. Ал өзен жағасында үлкен ағаш өсіп тұрыпты (ағашты бейнелейміз) т.с.с.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!