жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Саусақ жаттығулары
Саусақ жаттығулар картотекасы
№1
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы ,құлыншақ.
Ойыншықтар «тыңдайды»,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Кей қуыршақ ұйықтайды,
Айытқаныңнан шықпайды.
№2
Аспанда бұлт көшеді,(қол
сопақша)
Жамбыр тырс-тырс жауады.(саусақтармен тырсылдату)
Құстар ұшып кетеді,(қол қанат)
Жапырақтарда түседі. (қолды толқындатып түсіру)
№3
Бау-бақшада мен болдым
Көкөністерді таптым
Міні қиярмен, сәбіз
Қызылша мен қызанақ
Жаман емес бұл егін.
№4
Бау-бақшада жинадым
Саусақтарды мен тидым
Мынау алма, апельсин,
Мынау алмұрт, мандарин,
Мынау банан, ананас,
Жинағанда қол талмас.
№5
Қорбандаған аю жүр (Саусақтармен үстелдің үстінде жүргізеді)
Маймақ болар, ол үлкен (Қолдарымен жарты шеңбер жасайды.)
Апанда ол тұрады
Балды жақсы көреді. (Тілімен үстіңгі ернін жалайды)
Қоян құлағын көрсетті (Екі саусақты көрсетеді.)
Құйрығыда бір кесек (Жұдырықты көрсетеді.)
Бірде сұр ол, бірде ақ (Алақандарын көтереді, түсіреді.)
Ұзын құлақ сескеншек
Кеміреді сәбізді. (Жымиып тістің барлығын көрсетеді).
№6
«Шөжелерім» саусақ ойынын өткізеді.
Шеп-шеп, шеп-шеп, шөжелерім, сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер, жем беремін,
дәнге толы алақаным.
№7
Балғамен қағам-қағамын, (Жұдырықты бір-бірімен соғады)
Жүз шегені мен қағамын. (Сұқ саусақпен үстелді қағады)
Биік үйді құрамын, (Екі алақанын беттестіреді)
Туыстармен тұрамын. (Саусақтартар амандасады)
№8
Кел, санайық екеуміз
Бір үйде біз нешеуміз ?
Бас бармағым -әкем,
балаң үйрек- апам,
Ортан терек- ағам,
шылдыр шүмек -мен,
биттей бөбек –сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
№9
Өрмекші, өрмекші торын торлады.
Жаңбыр жауып кетті, торынды жуды.
Күннің көзі шықты, дала жылынды.
Өрмекші, өрмекші жұмысқа кірісті.
№10
Мына саусақ орманға барды,
Мына саусақ саңырауқұлақ тапты,
Мына саусақ оны қуырды,
Мына саусақ қуырды,
Мына саусақ барлығын жеп қойды.
№11
куыр,
куыр, куырмаш
балапанга бидай
шаш
(тут
пальцы загибаем)
бас
бармак,
балалы уйрек,
ортан
терек,
шылдыр шумек,
кишкентай
бөбек
(тут
обратно разгибаем)
сен
койды бак,
сен сиырды бак,
сен
жылкыны бак,
сен тюйены бак,
сен
ше - казан жалап уйде жат
уйде кампит
бар,
каймак бар,
балмуздак
бар,
шоколад бар
мына
жерде кытык-кытык.
№12
Бір дегенім — білеу,
Екі дегенім — егеу.
Үш дегенім — үскі,
Төрт дегенім — төсек.
Бес дегенім — бесік,
Алты дегенім — асық.
Жеті дегенім — желке,
Сегіз дегенім — серке.
Тоғыз дегенім — торқа,
Он дегенім — оймақ,
Он бір — қара жұмбақ.
№13
Саусақтарым бір бірімен амандасайық,
Саусақтардан гүл ашайық,
Саусақтарды ашып-жұмып,
А-ә, г-ғ, ү-ұ, н-ң, к -қ, о-ө
Дыбыстарын дұрыс айтайық
№14
«Мысық»
Пеш үстінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі онын қышып отыр.
№15
«Қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
№16
«Әтеш»
Әдемі әтеш,
Таңатпай тұрыпты.
Ойқастап жүріпті,
Жаң –жақа қарапты.
Айдарын тарапты.
№17
«Қайық»
Қайық суда жүзеді,
Сақинасын тізеді.
№18
«Құлып»
Орманда бір үй тұр,
Есігінде құлып тұр.
Айтындаршы, балалар,
Құлыпты кім ашады?
№19
«1» -дегенім бөрік,
Кисең бойға көрік.
«2» -дегенім етік,
Киер сәнді етік.
«3»- дегенім ішік,
Терден тігер пішіп.
«4» -дегенім тымақ,
Қыста кисең жылы ақ
«5»-дегенім байпақ,
Іші жылы тайпақ. (Ө. Ақылбекұлы)
№20
«Ормандағы кірпі»
Орманға кірпі келеді (екі саусақты үстөл үстінде жүргізу)
Саңырауқұлақ тереді.(саңырауқұлақ терген қимылды жасайды)
Кездесті, міне, керегі: (бір саусағын көрсетеді)
Екеуі -қайын атынан. (екі саусағын көрсетеді)
Біреуі терек қасынан. (бір саусағын көрсетеді)
Қанша болмақ олар есепте, (екі алақандарын сұрағандай жаю)
Саңырауқұлақтарды салса себетке? (Себетке салғандай қимыл жасау)
№21
Санамақтар.
Бессаусақ.
Ал
санайық санамақ,
Саусақтарға
қарап ап,
Кәне-кәне
санайық,
Санын
біліп алайық.
Біреу,
2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда
сонда саусағым нешеу?
Мынау,
мынау, бас бармақ,
Санамақ
содан басталмақ.
Мүйіз
қалпақ басында,
Төрт
серігі қасында.
Біреу,
2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда
сонда саусағым нешеу?
Қутыңдаған
сұқ қолым,
Епетейлі
мықты оным.
Бармақтың
басты тірегі,
Өзінің
ісін біледі.
Біреу,
2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда
сонда саусағым нешеу?
Мынау,
мынау ортаң қол,
Кішілерге
қамқор қол,
Төртеуінің
ағасы,
Білектің
үлкен баласы.
Біреу,
2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда
сонда саусағым нешеу?
Бәрін
тегіс мақтап бол!
Деп
тұрсың ғой аты жоқ қол!
Орайласым
ортаншым,
Елгезексің
жортасың.
Біреу,
2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда
сонда саусағым нешеу?
Саусақтар
күшін сынасақ,
Ойнақы
епті шынашақ.
Еркелеп
өскен кенжесі,
Қамқоршы
оған өзгесі.
Қолымда
сонда саусағым нешеу,
біреу,
2, 3, 4, 5-еу.
(Ж. Сымақов)
№22
«Пәтерде көп жиһаз бар»
біреу, 2, 3, 4, (жұмырдықты ашады, жабады)
пәтерде көп жиһаз бар
Шкафқа біз жейде ілеміз (бірінші саусақты бүгеді)
Сөреге ыдысты қоямыз ( екінші саусақты бүгеді)
Аяғымыз талмау үшін
Сәл орындықта отырамыз (үшінші саусақты бүгеді)
Керуетке жатқанда
Үйқыға біз батамыз (төртінші саусақты бүгеді)
Мысықпен біз достастық
Орындыққа отырдық (бесінші саусақты бүгеді)
Шәй іштік тосаппен (шапалақ соғады)
Пәтерде көп жиһаз бар (таңқалады)
№23 Екі қол
Қолжуғыштың қасына, (алға қарай жүреміз)
Келе қалды балақан.
Ысқылады асыға, (екі қолдың алақандарын қосып үйкейміз)
Алақанды алақан.
Қарады да сосын ол:
«Тап -таза» деп қуанды.
Қандай жақсы екі қол, (екі қолын көрсетеді)
Бірін-бірі жуады. (денемізді оңға бұрып, екі алақанды, үйкейміз солға бұрып үйкейміз)
№24 Жауын
Жауын жауын жау-жау
Егін басын бау-бау
Жауын жауып.
Біз тығылайық қоя тұр.
Жуын жауын жау жау.
Жумай ендіқоя тұр.
Балалардың олды көбі су.
№25 Жел
Шөпті қозғап жел өседі.
Шөптер дыбыс береді
Ш-ш-ш
Жел ақырын басылды
Шөптер дем алды.
№26
Құркіреді күн күн......
Терезелер шың-шың,
Жауды жаңбыр топ-топ,
Шелек –шелек, көп-көп.
№27
Отырайық қисаймай,
Қолды, жайып қанатша,
Жұдырықты түйелік.
Саусақтарды талғанша.
Ашып, жұмып көрейік.
Белімізді жазайық.
Демімізді алайық.
№28 «Қолтырауын»
Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)
Тістері тура шагедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды дәл дөңгелете « қолтырауынның аузын ашқаны сияқты» ашып жабады)
-Бұл жерден өтпеді ме? (Қолдарды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)
Деп сұрадым ойын бімекке (Алақандарын бір біріне ысқылайды)
Ал ол болса тымпиып жатыр (Көздерін қысады)
Көзін қысып қылқиып жатыр
№ 29 «Үкі»
Орманда қараңғы (Екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан жаққа ашады (Орман))
Бәрі- бәрі ұйқыда (Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді»)
Үкі ғана ұйықтамапты (Басбармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелектеп қоздерін қояды. (үкінің көздері))
Маңғазданып отыр қатты (Қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді)
Әрі бері отырды да (Қолдарын жан – жаққа жая ұшп, басқа орынға ауысады)
Қаранғыға қанат қақты.
№30 «Қаз»
Қаз қанатын жиып алды,
Қауырсынын жуып алды.
Оңға қарап , солға қарап,
Жерден дәнді тауып алды.
Дәннің бәрін шоқып алып,
Қанаттарын жайып алып,
Су мен жемге тойып алыпғ
Қаңқылдады, қаңқылдады,
(Екі қолдың саусақтарын айқастырып ұстау. Ұстаған күйде саусақтарды ашып- жабу, білезіктің буындарын оңға- солға бұру.Келесі қимыл: екі қолды білезіктің тұсынан айқастырып ұстаған күйінде, алақандарымен қанат қағу)
№31 «Тасбақа»
Тасбақаға қарандаршы,
Тас жейдесін киіп ап.
Тауға мінді, суға жүзді,
Балықтарды ұстады.
Дәмді тағам ішіп алып,
Қарнын ол тойындырды.
Енді қайда барады,
Жата қалып демалды.
(Саусақтарын жұдырыққатүйіп алып, тасбақанға еліктеу. Саусақтарды үстел үстінде жүргізу. Басбармақпен ортаңғы саусақтарды ұштастыру. Саусақтады қайтадан жұдырыққа түю)
№32 «Еріншктер»
Тық-тық, тық-тық,
Тұр орныңнан бас бармақ,
Балаң үйрек, сен де тұр
Ортан терек, сен де тұр
Шылдыр шұмек, сен де тұр,
Титтей бөбек, сен де тұр
Саусақтарым, ал, жүгір
(Үстел үстінде жасалатын жаттығу. Саусақтар үстел үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек көтеріп, үстел үстіде жүгіреміз)
№33 «Қырыққабатты кесу»
Кырыққабатты кесеміз,
Сәбізді біз үгеміз.
Үстіне тұз себеміз,
Умаждап жіберміз
№34 «Балақан»
Бала бала балақан,
Кәне көрсет алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай былай ойнат
№35 «Шөжелерім»
Шөп шөп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем берейін,
Дәнге толы алақаным

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген