400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саусақ жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы мектепте қолдың ұсақ моторикасы әдістемесін түзете-дамыту сабағының мазмұнына ендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұмабекова Гулмария Омарқызы

Дефектолог.

Аяқ - қолы кемтар балаларға

арналған № 2 арнайы (түзету)

мектеп - интернаты» КММ

Алматы қаласы.


Түзете-дамыту сабағының жоспары

Сынып: 4 «Б»

Сабақтың түрі: жеке сабақ

Сабақтың тақырыбы: Саусақ жаттығулары
Сабақтың мақсаты:

Қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту. Саусақ ойыны арқылы тілін, қызығушылығын арттыру. Өзі-өзіне қызмет ету, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.


І. Сабақтың басы.

Амандасу, көңіл -күйін сұрау. Жағымды ахуал орнату.

«Танысу» ойыны. Мұғалімнің түсіндіруі.

ІІ. Сабақтың ортасы.

«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереміз. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайық.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, енді кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Сен сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұста. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтір, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

Сергіту сәті:

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)


Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)



ІІІ. Сабақтың соңы. Кері байланыс. Рефлексия

«Плюс-минус-қызық» рефлексиялық экран .

Қорытындылау. Сабақ аяқталды. Үйде де сен осы жаттығуларды есіңе түсіріп қайталауыңа болады. Ол саған өте пайдалы.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
31 тамыз
1053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі