Материалдар / Саусақ жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саусақ жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдар тіл кемістігі бар баллаармен жұмыс жасайтын педагогтерге арналады. бала тілін саусақ арқлы дамытуға көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2021
537
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САУСАҚ ҚИМЫЛЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР


1. Алақанды ашып, саусақтарды біріктіру. Қайтадан жайлап жұму. Екі қолмен кезекпен қайталау.


2. Қолды үстел бетіне қойып, саусақарды ретімен бүгу. Екі қолмен кезекпен қайталау.

3. Саусақтарды жазып, оларды кезекпен біріктіру: аты жоқ пен шынашақты, сұқ саусақ пен ортаңғыны.

4. Жұдырықты түйіп, білекті түрлі бағытта айналдыру. Алғашқыда кезекпен, кейін екі қолмен қатар.


5. Алақанды жоғары қаратып қойып, әр саусақты кезекпен көтеру. Кері ретпен қайталау.

6. Алақандарды үстел үстіне қойып, саусақтарды бірге ретімен көтеру. Шынашақтан бастап.


7. Ортаңғы және сұқ саусақпен қарындашты алу. Саусақтарды ашу, бүгу.


8. Он, он бес қарындашты үстел үстіне қойып, бір қолмен жинату. Екінші қолмен көмектеспей, қарындаштарды біреуден жинау керек. Қарындаштардың орнына санауғыштарды, басқа да ұсақ заттарды пайдалануға болады.

9. Ортаңғы және сұқ саусақпен қарындашты алып, «жүгіру» жаттығуын жасау.

10. Екі кішкентай допты не грек жаңғағын алып, алақан арасына салып айналдыру (саусақтар түзу тұру керек).

Енді бір қолмен түрлі бағытта айналдыру керек.

11. Барлық саусақтың бастарын бас бармаққа қосу керек. Оң қолда сұқ саусақпен бас бармақты қосудан бастаса, сол қолда бас бармақ пен шынашақты қосудан бастайды. Жаттығуды екі қолмен қатар істейді.


12. Балалар тәрбиешінің жасаған саусақ қимылдарын қайталайды:

а) қолды жоғары көтеріп, саусақтарды жазып, сұқ саусақ пен ортаңғы саусақта айқастыру.

б) енді аты жоқ пен шынашақты айқастырады;

в) барлық саусақты кезекпен бас бармаққа қосу арқылы сақиналар жасау;

г) тез арада бірден онға дейінгі бір санды атау, бала сәйкес саусағын көрсетуі керек;


13. сұқ саусақ пен бас бармақ арқылы сақина жасап, оның арасынан саусақтарды өткізіп, сақиналар жасау. Осылайша әр саусақпен кезектестіріп орындау.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!