Материалдар / "Саусақ жаттығулары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Саусақ жаттығулары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Саусақ жаттығулары Сабақтың мақсаты: ұсақ қол моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: саусақ жаттығулар туралы түсініктерін қалыптастыру Түзете-дамытушылық: балалардың танымдық қабілеттерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік: танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: Эрдниев, М.Монтессори әдістері, сергіту сәті Көрнекі-құралдар: саусақ жаттығулары I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы) III. Жаңа сабақ.Бүгін әр түрлі саусақ жаттығулар туралы түсініктерін қалыптастырамыз. Назарларын сабаққа аудару -Сәлеметсіздер ме, балалар!-Көңіл-күйлерің қалай? (Саусақ арқылы көңіл-күйін көрсету) Психогимнастика мимика жаттығуымен қоса.- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар ке
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Саусақ жаттығулары

Сабақтың мақсаты: ұсақ қол моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: саусақ жаттығулар туралы түсініктерін қалыптастыру

Түзете-дамытушылық: балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,

ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Эрдниев, М.Монтессори әдістері, сергіту сәті

Көрнекі-құралдар: саусақ жаттығулары

I апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

III. Жаңа сабақ.Бүгін әр түрлі саусақ жаттығулар туралы түсініктерін қалыптастырамыз. Назарларын сабаққа аудару -Сәлеметсіздер ме, балалар!-Көңіл-күйлерің қалай? (Саусақ арқылы көңіл-күйін көрсету) Психогимнастика мимика жаттығуымен қоса.- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келді, қонақтарға сәлем берейік.-Жымиямыз! (Балар күліп, сәлемдеседі).- Қонақтар бізге неге келген екен? Қабағымызды көтеріп таңғаламыз.- Күн де бүгін бұлтты болып, көңіл –күйімізді бұзып тұр ма?

-Кәне, қабағымызды түйіміз.-Жоқ. Біздің көңіл-күйімізді еш нәрсе бұзбайды. Себебі бізді, алда тамаша бір сабақ күтіп тұр.

Кәне, жымиямыз, күлеміз!-Ал, енді тағы бір рет қайталаймыз. Біз таңғалуды білеміз! Біз күлкіні жақсы көреміз! Біз қабақ түйюді білеміз.

Біз күлкіні жақсы көреміз. Қозғалу жаттығуын орындайық.- Ал, балалар сабағымызды бастамастан бұрын, қозғалу жаттығуын орындайық. (Әуен қосылады) Міне, күз мезгілінің соңғы айы, Қолын былғап шақырды.

Бір кезде баяу жел соқты, Жапырақтар билей бастады.

Бір кезде қатты жел соқты, Терезенің пердесі қозғала жөнелді.

Жел басылып қалды, Енді өкшемізді көтеріп,тез орнымызды табайық.

IY.Сергіту сәті:   Күнге қарайық, Шашымызды тарайық

Керіліп дем алып Бойымызды жазайық.

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы) Шаттық шеңбер: Біздер тату боламыз,Гүлдей жайнап аламыз.

Шаттық құрып шеңберден, Бір қуанып қаламыз.
Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.
Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереміз. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайық.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, енді кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Сен сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұста. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтір, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

«Салат» саусақ ойыны Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

IY.Сергіту сәті:  Бойыңды сергек ұста. Емін еркін тыныста

Деміңді ішке тез ал да, Сол қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да, Үшбұрыш сыз ауада

Оң қолда бос тұрмасын, Дөңгелек сызып зырласын

Екі қолды қосайық. Төртбұрышты сызайық

Логикалық тапсырмалар: Класқа кірді Мадияр Оған қоса Данияр

Одан кейін Айдана Қанша болды бар бала?

III апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Шаттық шеңбер:Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қызықты өтсін бүгінгі күн!

Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

Саусақтар жүреді.Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап, алға-артқа жүреді. Гүл. Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады: Саусақтар шынжыр болады, Үзілмейді тартсаңда. Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда. Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келіп тұр. Достық үшін пілге мен, Гүл сыйлағым келіп тұр. «Санамақ» ойыны. Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту. Бір, екі, үш, төрт, бес, Анаммен сурет саламын ,(алақанды жұмып ашады) Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады) Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу) Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады) Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету) Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету) Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу) Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

IY.Сергіту сәті:  Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда Болып шықты он саусақ

IY апта

Сабақ барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі: қызмет алушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Шаттық шеңбер: Кеудемізде күн күлсін, Бізге шуақ нұр, құйсын,

Мейірімді жан өзіңмен. Көңілім жайнап құлпырсын

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік! Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты

( қолдарын жүректерінің тұсына қояды) Бөліскен жақсы ғой өмірде,

( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты) Қуаныш, Мейірім, Бақытты! (қолдарын екі жаққа созады)

IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып Бой сергітіп алайық.   

VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Күтілетін нәтижесі: Саусақ жаттығулар туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойын арқылы саусақ жаттығуларды меңгерді.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!