
№
1
«Санамақ»
Санайық жаңаша Бір, екі, үш!
(Саусақтарды біртіндеп бүгіп санайды,)
Желбіре жалауша, Достықта біздің
күш.
(Қолдарына жалауша ұстағандай, күштерін
көрсетеді)
Оң
қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ.
Оларды
атап шақырар, Әрқайсысының аты бар.
Бас
бармақ, Балаң үйрек,
Ортан
терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.

№
2
«Кірпі»
Момақанмын алайда
(үш
саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла,
(екі қолының саусақтарын
айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп
кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
(Сұқ
саусағын сермейді.)

№
3
«Достық»
Біздің
топта ұлдар мен қыздар өзара дос,
( қолдың саусақтары өзара
бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз
сенімен достасамыз,
( екі қолдың саусақтарын
бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт,
бес
(шынашақтан бастап,
саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды
бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт,
бес
Енді санауды
аяқтадық
( қолды төмен түсіреміз,
демалтамыз).

№
4
«Сүйікті анам»
Бір, екі, үш, төрт,
бес,
Анамның суретін
саламын ,
( алақанды жұмып
ашады)
Міне басы, міне
денесі
( қолды шеңбер жасап
айналдырады)
Аяқтары, қолдары,
көздері
( қолымен кішкентай және үлкен
шеңбер салу)
Аузы, сақинадан жасалған
( ауада сақинаны салу)
Әдемі шашы да бар.
( қолдарын екі жаққа ашады)

№
5
«Салат»
Сәбізді алып
тазалаймыз,
( оң қолды жұдырыққа түйіп,
сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп
майдалаймыз,
( екі қолды жұдырыққа түйіп
кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз
.
(саусақтардың ұшымен қант
себеді)
Қаймқақ құйып
сәндейміз
(қолды жұдырыққа түйген күйі
қаймақ құйған секілді қолдарын қазғайды)
Міне дайын нәр
тағам
( екі қолын алдына жайып
көрсетеді).
Дәруменге
байыған
( алақанымен іштерін сипалап,
тойғандықтарын көрсетеді).

№
6
Сиқырлы саусақтар
Шынжыр:Оң және сол қолдағы
басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп,
жүзіктер секілді айқасып,
шынжыр жасайды
Піл:
оң қол
алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас
бармақ пен кішкене бөбек артқы
аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр
шүмек саусақ алдыңғы аяқтар,
ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
Доп:
алақандар
бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
Гүл:
қолдар,
саусақтар жоғары қарайды.
Алақандар айшанақпен қосыла
түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады.
Осы жаттығуларды орындай
отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр
болады,
Үзілмейді тартсаң
да,
Ал, піл келіп
шынжырды,
Үзіп кетті
басқанда.
Тұмсығымен доп
іздеп,
Ойнағысы келіп
тұр.
Достық үшін пілге
мен,
Гүл сыйлағым келіп
тұр.

№ 7
«Үкі»
Орманда
қараңғы
( Екі
қолдың білезіктерін біріктіре саусақтарды жан- жаққа
ашады)
Бәрі- бәрі
ұйқыда
(
Алақандарын беттестіре жақтарына таянып, ұйқыға
кетеді)
Үкі ғана
ұйықтамапты,
(Бас
бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре
дөңгелентіп
көздеріне
қояды)
Маңғазданып отыр
қатты
(Қолдарын
артқа жинап, кеуделерін көтереді)
Әрі- бері отырды
да
Қараңғыға қанат
қақты
(Қолдарын
жан- жаққа жая ұшып орындарын ауыстырады.)

№
8
«Қолтырауын»
Қолтырауын қонақ күтуде
(Екі
қолдыңсаусақтарын ашып- жабыды)
Тістері тура шегедей,
(Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол
алақанның
үстіне
беттестіре қояды,
«Қолтырауын аузын ашқан сияқты» ашып
жабады)
-Бұл
жерден қой өтпеді ме?
Деп
сұрадым ойын білмекке
(Қолдарын
төмен тастап, иықты жоғары көтереді)
Ал ол
болса тымпиып жатыр
Екі
көзін қысып қылқиып жатыр
(Алақандарын бір- біріне ысқылайды,
көздерін
қысады)

№
9
«Өрмекші»
Күні бойы
еңбекпен,
Өрмекші өрмек
тоқыды.
(Оң қолдың бас бармағы мен сол
қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді,
керсінше қайталайды, сол
қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы.)
Нөсер тек кенет
селдеткен,
(Саусақтарын
сыртылдатады)
Еңбегін оның жоқ
қылды.
( Ол алақанмен сол алақанның
үстінен тез сырғанап түседі)
Күн шықты қайта
жарқырап
(Барлық саусақтардың арасын
ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың
алақан сыртын беттестіреді күн
жасайды)
Құрғады тез ақ
төңірек
(Екі қол алақандарын
беттестіре жоғары көтеріп, біресі оңға біресе солға
иеді)
Өрмекші өрмек
тоқуға
Кірісті дереу
тезірек.
(Барлық саусақтардың ұштарын
түйістіре, тез- тез кезектестіре бір- біріне
соғады)

№10
«Сөйлейтін саусақтар»
Бір,
екі деп санаймыз
Саусақтарды біртіндеп бүгіп
санайды, кері ашып санайды.
Әріптен сөз
құраймыз
Күн шуақты сөз
екен
(Барлық саусақтардың арасын
ашып, бір қолдың алақанына екінші
қолдың алақан сыртын
беттестіреді күн жасайды)
Мысық құлақты сөз
екен
(Бас бармақ, ортаңғы саусақ,
аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды,
сұқ саусақ пен кішкентай
саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды)
Сиыр мүйізді сөз
екен
(Сұқ саусақ пен кішкентай
саусақты тік ұстай мүйіз жасайды)
Қарбыз жолақты сөз
екен.
(Екі қолдың барлық
саусақтарының ұштарын біріктіріп, үлкен қарбыз
жасайды)