Материалдар / "Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту"

"Саусақ жаттығулары арқылы бала тілін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсақ моториканы дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, үй жағдайында баламен шұғылдана білуге үйрету, ата-аналардың балабақшаға деген оң қарым-қатынас қалыптастыру, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамытамыз» ойын жаттығуы.

Мақсаты:Ұсақ моториканы дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру, үй жағдайында баламен шұғылдана білуге үйрету, ата-аналардың балабақшаға деген оң қарым-қатынас қалыптастыру, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнату.

Қажетті жабдықтар: мультимедиялық интерактивті тақта,презентация ,музыкалық сүйемелдеу, бауырсақ (көз, мұрын, жымиған ауыз бейнеленген доп), ағаш шаблоны,

Қатысушылар: ата-аналар.

Түрі: саусақ ойын жаттығуы

Жаттығу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Ата - аналарды бүгінгі жаттығу тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, шеңберге тұрғызу.

Ата-аналар бауырсақты (шарға көз, жымиған күлкімен бейнеленген фиксик бейнесі) бірі-біріне беру арқылы амандасып, есімін айтып, бүгінгі күнге жақсы тілектер айту ұсынылады.

1.«Ағаш күту» әдісі. Ата-аналарға алма шаблонын бере отырып, бүгінгі жаттығудан не күтетінін жазу ұсынылады. Алманың шаблоны ағашқа жабыстырылады.

- Құрметті бүгінгі жаттығуға қатысушы ата-аналар! Бүгінгі жаттығуымызда біз бен сіз болып, бала тілін дамытуда саусақ ойындарын қалай ұйымдастырамыз сол жөнінде жаттығу барысында саусақ ойын жаттығуларын оындаймыз. Барлығыңызға іске сәт!

2. Дамытушы ойындар

Презентацияны көрсете отырып, ата-аналармен бірге ұсақ моториканы дамытушы ойын жаттығуларын орындайды.

Слайд1. Саусақ ұсақ моториканың даму туралы түсінік беріледі.

-Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен байланыста болады. Сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.

Соңғы 5-10жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады. Неге?Себебі, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады.Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста, себебі, олар қарайды және тыңдайды (теле-аудио-видео). Олар өз қолдарымен өз бетінше жасайды.

Саусақ ойындары және жаттығулары - ұсақ моториканы, сөйлеу тілін дамытуда зор рөл атқарады. Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқан. Ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.

Саусақ ойын және жаттығулар арқылы балаларды сурет салуға дайындайды, болашақ мектепке баратын баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейін, есте сақтауды жақсартады. Шыдамдылыққа үйретеді, баланың қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Слайд-2

Жаттығуды ата-аналармен бірге орындайды.

-шапалақтау

-алақанды жаймен жұму және ашу

«Жасыру»

Қысқа қарандаш аламыз, жұдырыққа қысып, жасырамыз.

Ал енді, келесі қолға жасырамыз.

Қарандашты қыса отырып,

Алақанды ауыстырамыз,

-Қандай тамаша, бәріміз бүгін жиналғанымыз...- шапалақтаймыз.

Слайд-3

Ата-аналармен бірге орындайды.

«Пианино»

Үстелде жатқан қарындашты әр саусақтың ұшымен қысамыз.Қаттырақ қысамыз!

Ата-аналар қимылға сәкес орындайды.

Слайд-4.

Массажға арналған доппен алақанға және саусаққа арналған массаж.

Ата-аналармен орындалады.

  1. Доп баланың алақан арасында, саусақтар бір-біріне бүгулі. Допты алға-артқа айналдыра отырып, массаж қимылын жасау.

  2. Доп баланың алақанында,саусақтар бір-біріне бүгулі. Допты алақан ортасына тербелтіп домалақтау қимылын жасау.

  3. Допты сұқ саусағымен ұстай отырып, алға қарай айналдыру. (қақпақты бұрағандай қимыл жасау)

3.«Кір жуғыш машина». Адам баласы қоршаған ортада болып жатқан жағымды да, сонымен бірге жағымсыз затты да өз бойына жиып алады. Қазір біз сол жиналып қалған жағымсыз нәрселерден арыламыз. Ол үшін екі қатарға бөлінеміз. Бір қатысушы «кір», тағы бір ойыншы «кір сығушы» болады. Қалғандары екі жақтан кірді жақсылап жуады. Ойыншылар орындарын ауыстырады.

4.Әр т үрлі жармамен ойын.

Жаттығуды ата-аналармен бірге орындалады.

Слайд- 1. «Үрме бұршақ отырғызу»

Балалар құмда шұңқыр жасайды да, оған тұқымды отырғызады.

Слайд – 2. «Кім келді?»

-ашық түсті подноста себілеген құмға (манкада)әр түрлі көлемде сурет, іздер салу (дөңгелектер, сопақша, жол (үлкен саусақпен, сұқ саусақпен)

-құмда үлкен және кіші заттар салу (доп,кірпіш, текше).

Слайд-3.«Ермексазды мүсіндейміз».

Ойын әдісі: «Дәруменді завод»

Ермексазды қолда шамамен илейміз. Ермексаздан «дәрумен» мүсіндейміз .Балаға ермексаздан алма, банан, алм9рт т.б жасуға көмектесеміз.

Слайд-4 «Таяқшалармен және сіріңкемен жаттығу»

Ата-аналармен бірге орындау.

«Қоршау тұрғызамыз» (үй, баспалдақ.) жұп таяқшалармен (көлем және түс туралы білімдерін бекіту).

«Кірпі және кірпі баласы»

Ермексаздан жасалған үлкен, кіші төмпешікке сіріңкелерді қадаймыз.

«Күн шуағын шашады»

Сары дөңгелек айналасына сіріңкеден күн шапағын қыстырамыз.

Слайд-5 «Мақтамен жаттығу».Ата-аналармен бірге орындаймыз.

Қағаздан салынған шырша трафаретіне мақта кесектерін орналастыру.

5. «Жанұя ойыны » сергіту жаттығуы :

  1. Балаңыздың туған күні ?

  2. Топ тәрбиешілерінің толық аты –жөні ?

  3. Балаңыздың киім өлшемі қандай ?

  4. Балаңыз қандай өлшемді аяқ - киім киеді?

  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  6. Балаңыздың сүйікті ісі?

  7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  9. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

  10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

  11. Балаңыздың үйде киімін жинауға кім үйретеді?

  12.   Балаңыздың үйдегі күн тәртібін атап беріңізші?

  13. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды?

  14. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы қандай?

  15. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып беріңізші?

  16. Балаңыздың үйдегі тартымды қылықтарының бірі

  17. Балаңыздың қазіргі салмағы?

  18. Балаңыздың бойының ұзындығы?

  19. Көпшілік ортада баланың қарым-қатынас ерекшелігі

  20. Балаңыз бос уақытының көбін кіммен өткізеді?

  21. Балаңыз жеке сұрақтарымен көбінесе кіммен ақылдасады?

  22. Жанұяда балаңызға қандай мадақтау қолданылады

  23. Балаңыз қалай ояанады, ұйықтайды?

  24. Балаңыздың денсаулығымен дамуында қандай ерекшелікті айтар едіңіз?

6. Рефлексия «Алақан»

Сол қолын қағазға бастырып,саусақтардың ішіне жазу керек:

Бас бармаққа — не ұнағаны

Сұқ саусаққа — өзіме не алдым

Ортанғы саусаққа — не кедергі болды.

Аты жоқ саусаққа — тағы не білгім келеді?

Шынашаққа — тілек жазу

Қорытындылау.

-Құрметті ата-аналар! Сіздер ойын- жаттығу басталмас бұрын мына алманың ішке бетіне бүгінгі жаттығудан не күтесіздер сол жөнінде жазған болатынсыздар, ал, сіздің тілегіңіз бүгінгі жаттығудан орындалды ма? Алманы ағашқа ілсек.

-Барлығыңызға бүгінгі ойын- жаттығуына қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Істеріңізге сәттілік!











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ