400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саусақ жаттығулары Умирбаева Гулмира тәрбиеші

Материал туралы қысқаша түсінік
материал педагогтерге тәрбиешілерге қажетті деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саусақтарға арналған жаттығулар

Ш амдар

1 нұсқа

Бастапқы қалып. Қолымызды алға үстел үстіне қоямыз. Саусақтарымызды түзу, араларын ашып ұстаймыз. Бір мезгілде екі қолымыздың жұдырығын түйеміз, бір мезгілде жазамыз. Саусақ қимылдарын өлең жолдарымен бірге жасаған жөн.


Шамдар жанды,

Ш амдар сөнді.

Жаттығу бірнеше рет қайталанады.

2 нұсқа (күрделенген)

Оң қолымыз бен сол қолымыздың саусақтарын кезекпен «бір – екі» деп санай отырып, бүгеміз және жазамыз.

«Picture 3 Бір» дегенде: оң қолдың саусақтары түзу, сол қолдың саусақтары бүгілген.

«Екі» дегенде: сол қолдың саусақтары түзу, оң қолдың саусақтары бүгілген. Жаттығуды алдымен баяу, содан соң жылдам орындау қажет. Алғашқыда жаттығуды санау арқылы орындап, кейін өлең ырғағымен орындауға болады.

Біз шамдарды жағамыз,

Қыдыруға шығамыз.

Шамдар әсем жанады,

Жолды дереу табады.


Салат

1. Оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылаймыз.

2. Екі қолды жұдырыққа түйіп кеуде тұсына ұстап, бір - біріне

ысқылап жоғары-төмен қозғаймыз.

3. Саусақтардың ұшымен «қант себеміз».

4. Қолымызды жұдырыққа түйіп (қаймақ құйған сияқты) қол

білезігін жоғары-төмен қозғаймыз.

5. Екі қолымызды алдымызға жаямыз.

6. Алақанымызбен ішімізді сипап, тойғанымызды көрсетеміз.

ЖPicture 5 аттығуды өлең жолдарын айта отырып орындау қажет.


Сәбізді алып тазалаймыз,

Үккішпен үгіп майдалаймыз.

Қанттан сеуіп дәмдейміз.

Қаймақ құйып сәндейміз.

Міне, дайын нәр тағам –

Дәруменге бай тағам.



ҚPicture 6 ұймақ пісіреміз

1 нұсқа

Үстел үстіне қолымыздың сыртын және алақанымызды кезекпен тигіземіз.

Анам құймақ пісірді,

Дастарханға түсірді.

Ана «рахмет» дейміз,

Қаймақ қосып жейміз.

2 нұсқа

1 . Сол қолымыздың алақанын, ал оң қолымыздың сыртын үстел үстіне тигіземіз.

2. Керісінше, сол қолымыздың сыртын, ал оң қолымыздың алақанын үстел үстіне тигіземіз.

Жаттығуды «бір-екі» деп санау арқылы да, өлең ырғағымен де орындауға болады.



Ағаштар

Б астапқы қалып.Қолымыздың басын алдымызға алақандарымызды өзімізге қаратып орналастырамыз. Саусақтарымыздың аралары ашық және күшпен керіп отырамыз. Жаттығуды орындап болған соң қолдарымызды сілкеміз.

Өсіп тұрған ағашты,

Тентек жел кеп тербетті.

(бір жақтан екінші жаққа қолдарымызды тербетеміз).

Бетімізге жел есті,

Ағаштарды билетті.

(саусақтарды бүкпей қолдарымызды жоғары-төмен тербетеміз)


Тамыр

1 нұсқа

Б астапқы қалып. Саусақтарымызды төмен қаратып, араларынашыпжәне күшпен керіп ұстаймыз. Осы қалыпты 5-10 ға дейін санай отырып сақтаймыз. Жаттығуды орындап болған соң қолдарымызды бос ұстап, сілкеміз.

Ұ зын, сұлу ағаштар,

Жер бетінде өседі.

(қолдарымызбен «ағаштарды» көрсетеміз).

Жер астында тамырлар,

Ол үшін су ішеді.

(Picture 11 қолдарымызбен «тамырларды» көрсетеміз).


2нұсқа

Бастапқы қалып. Саусақтарымыз төмен түсірілген және сырт жағымен бір-біріне қосылған. Саусақтарымыздың араларын күш түсіріп, ашып ұстаймыз. Жаттығу соңынан қолдарымызды сілкеміз.




Құс су ішеді

БPicture 12 астапқы қалып. Саусақтарды «уысқа» жинаймыз – бұл тұмсық. Шынтақты үстелден көтермей, «тұмсықты» үстелдің үстіне тигіземіз. Одан әрі құсқа ұқсап, қолымызды жоғары көтереміз – бұл құстың басы. Басты шалқайтып суды жұтамыз.

Иілдім, су іштім,

Шалқайып жұттым.


Жанұя

Нұсқа 1.

Бастапқы қалып. Жұдырығымызды түйеміз. Содан соң бас бармақтан бастап бір-бірлеп ашамыз.

Бұл саусақ – атам,

Бұл саусақ – әжем,

Бұл саусақ – әкем,

Бұл саусақ – анам.

Бұл саусақ – мен,

Біздер тату тұрамыз,

Бақытты жанұямыз.

(Соңғы екі жолды айтқанда саусақтарды ритммен жұмып, ашамыз).

Нұсқа 2.

Алақанымыз ашық, саусақтарымыз түзу. Кезекпен саусақтарды бас бармақтан бастап алақанға жинаймыз.


Үйшік

БPicture 29 астапқы қалып.Жұдырығымызды түйеміз. Кезекпен бас бармақтан бастап саусақтарымызды жазамыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес –

(саусақтарымызды жазамыз.)

Саусақтар шықты қыдырып.

(ритммен саусақтарымызды бүгеміз, жазамыз.)

Бір, екі, үш, төрт, бес –

(саусақтарымызды кезекпен кішкентай саусақтан бастап, бүгіп алақанға жинаймыз.)

Қалды олар тығылып.

(ритммен саусақтарды жазамыз, қайтадан бүгіп алақанға жинаймыз.)


Жұмысқа шықPicture 30

Бастапқы қалып.Жұдырығымызды түйеміз. Кезекпен бас бармақтан бастап саусақтарымызды жазамыз.

Ағайындар тұрыңдар!

Тез жұмысқа шығыңдар.

Бас бармақ сен ағаш жар,

(бас бармақты жазамыз.)

Сенсің үйді жылытар.

(Сұқ саусақты жазамыз.)

Ал сен су тасисың,

(ортаңғы саусақты жазамыз.)

Сен тамақ әзірлейсің,

(аты жоқ саусақты жазамыз.)

Сен ыдысты жуасың.

Шаң тозаңды қуасың.

(кішкентай саусақты жазамыз.)

Содан соң ән саламыз,

Біздер тату баламыз.

(Соңғы екі жолды айтқанда қолымызды оңға, солға бұлғаймыз.)


Саусақтар ұйқыға кетті

Саусақтарды бас бармақтан бастап кезекпен алақанға жинаймыз.

Мына саусақ шаршады,

Ұйқысы оның кеп отыр.

Мына саусақ «мен әбден,

қалжырадым» деп отыр.

Мызғып алды бұл саусақ,

Мына саусақ қалды ұйықтап.

Ұзақ ұйықтап тыныққан,

Кіп-кішкентай бұл саусақ.

Оянды саусақтар,

(саусақтарды түзу ұстаймыз, араларын ашамыз.)

Қыдыруға шығыңдар!

(ритммен саусақтарымызды бүгеміз, жазамыз.)


Саусақтар амандасады

БPicture 31 астапқы қалып.Алақанымызды алдымызға қойып, саусақтардың араларын ашып, түзу ұстаймыз.

Бас бармақтың ұшын кезекпен сұқ саусақтың ұшына, ортаңғы саусақтың ұшына, аты жоқ саусақтың ұшына және кішкентай саусақтың ұшына тигіземіз. Жаттығу алдымен бір қолмен, кейін екінші қолмен орындалады. Содан соң екі қолмен бір мезгілде орындау қажет.

Бас бармақ басқа саусақтармен «амандасқанда» олардың аттарын атауы қажет.

  • Сәлемет пе, сұқ саусақ!

  • Сәлем саусақ ортаңғы!

  • Аты жоқ саусақ қалайсың?

Қарсы ал күліп әр таңды.

  • Сәлем, саусақ кішкентай,

Қуанта бер баршаны.



Саусақ – бала

Бастапқы қалып.Жұдырығымызды түйеміз.

Кезекпен кішкентай саусақтан бастап барлық саусақтарымызды жазамыз. Егер бұл қиындық туғызса, екінші қолымызбен көмектесуге болады.

  • Саусақ - бала қайдасың?

  • Мына ағаммен орманға,

Бүгін ерте барғанмын.

  • Мына ағаммен орманда,

Кеше ағаш жарғанмын.

  • Мына ағаммен би билеп,

  • Мына ағаммен ән салдым.


Біз билейміз

БPicture 35 астапқы қалып. Кезекпен пернені басқандай әрбір саусақпен үстел үстін соғу керек.Саусақтардың қимылдары буындармен бір ритмде орындалуы қажет.


Біз би – лей – міз, би – лей – міз,

Жал – қау – лық – ты біл – мей – міз.

Жау – қа – зын – дай құл – пы – рып,

Өс – кен ә – сем гүл – дей – міз,


Достар

(Қарамен жазылған сөздерді қолмен бейнелейміз.)


ЕPicture 36 рте ерте ертеде бір кішкентай адам өмір сүріпті. Ол өзіне үй тұрғызып алыпты. Үйі әдемі болып салыныпты, оның шатырында биік мұржасы бар екен. Кішкентай адам үйін айналдыра қақпасы бар шарбақ салыпты. Үйдің айналасына әдемі гүлдер отырғызыпты. Олар күлте жапырақтарын таңертең ашып, кешке жабады екен. Гүлдердің үстінде шыр айналып аралар ұшып жүріпті. Олар ызыңдап ұшып, гүлдерден шырын жинапты.

Кішкентай адам жалғыз өмір сүріп әбден жалығыпты. Бір күні ол өзіне дос іздеуге жолға шығыпты. Келе жатып ол құсқа кездесіпті, оған «құс, құс, дос болайық!» депті. Бірақ құс оған тіл қатпастан, қанаттарын қағып-қағып ұшып кетіпті.

Кішкентай адам одан әрі жүріп келе жатып, балыққа кездесіпті. Балық та кішкентай адаммен дос болғысы келмей, құйрығын суға шолпылдатып, жүзіп кетіпті. Кішкентай адам одан әрі жүріп келе жатып, жылқыға кездесіпті.Жылқы адамға: «Ей, кішкентай адам, дос болайық, мен сенің ауыр жүгіңді көтеріп көмектесетін боламын» депті. Кішкентай адам оған қуана-қуана келісіп, одан әрі екеуі бірге жүріп кетіпті.

Келе жатып олар итке кездесіпті. Ит:«Гав-гав -гав, кішкентай адам, мені өзіңмен ала кет, мен сені қорғайтын боламын» депті. Олар одан әрі үшеу болып жүріп келе жатып, жолда оттап жүрген ешкіні кездестіріпті. Ешкі: «Ме- ме, кішкентай адам, дос болайық, мен сені тәтті сүтіммен асыраймын» депті. Олар әрі қарай төртеу болып жүріп келе жатып, мяулаған дауысты естіпті. Ол мысық екен. Мысық: «мяу-мяу, кішкентай адам, мені өзіңмен бірге ала кет, мен тышқандарды қорқытамын, олар ештеңені кеміре алмайтын болады» депті.

Кішкентай адам келісіп, олар әрі қарай бесеу болып жүріп кетіпті. Алдарынан өзен шығыпты, өзен үстінде көпір жоқ екен. Өте алмай бөгеліпті. Олар бірігіп көпір жасапты. Көпірмен өзеннің арғы жағына өтіпті. Кішкентай адам өзінің баяғы мұржалы үйін көріпті. Ол барлық достарына арнап үлкен сарай тұрғызыпты. Олар тату-тәтті, бір-біріне көмектесіп ұзақ өмір сүріпті.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі