Ата-
аналарға арналған шебер сынып
Тақырыбы:
«Саусақ ойындарын қолдану арқылы бала
тілін дамыту»
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс
жасау барысында саусақ ойындары мен
сөздік ойындарды пайдалана отырып,
балалардың тілін дамыту мақсатында
балабақша мен отбасының бірлігін
қамтамасыз етіп, байланысты нығайту.
Бала
тілінің дамуында саусақ моторикасының
ролі жайында ата -аналардың педагогикалық
сауаттылығын арттыру.
Ата-
аналарды оқу үрдісінде пайдаланылатын
саусақ ойындарының дәстүрден тыс
түрлерімен таныстыру.
міндеттері:
Мектепке
дейінгі балаларға ұсақ саусақ
моторикасының дамуының маңыздылығын
көрсету.
Шебер
сынып қатысушыларының тәжірбиеде алған
білімдерін қолдану біліктіліктерін
бекіту.
Топта
эмоциональды сенімділік қарым қатынас
орнату үшін жағдай жасау.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Салеметсіздерме
ата-
аналар! Қазіргі таңда балалардың көбі
кеш сөйлеп жатады, тіл байлықтары аз,
балалар өз ойларын толық жеткізе алмайды.
соған байланысты осындай мәселелерді
шешу мақсатында «Саусақ ойындарын
қолдану арқылы бала тілін дамыту» атты
шебер сыныбың алдық.
Осындай
болғандықтан сіздермен саусақ ойындарының
маңыдылығымен таныстырып кетейін. Ол
үшін ортаға 8 -10
ата -ана
шықсаңыздар.
«Сөйлейтін
қолдар» амандасу ойыны. Бұл ойынды тек
қана екі қолымызбен ғана ойнаймыз.
Тәрбиеші белгілі бір сөздерді айтады,
ал ата -аналар сол сөзді қолмен жасайды.
Амандасамыз.
Қуанамыз.
Қолдау
көрсетеміз
Күресеміз
Қоштасамыз
«Су-
джок терапиясы» ата -аналарды
су-
джок терапиясымен таныстыру. Су джок
терапиясының маңыздылығы жайында
қысқаша ақпарат айтып кеттім.
Су-
джок массажды доптармен саусақтарға
арналған санамақты айта отырып,
саусақтарға массаж жасау.
«Біз
үйде нешеуміз» саусақ ойнын өткіздім.
Келесі
«Қыстырғыштар» атты саусақ оынымен
таныстырдым. Бұл күнделікті әрбір үйде
қолданылатын қыстырғыштар , бұлардың
бала тілінің дамуы үшін маңызы өте зор.
Осы қыстырғыштармен сөздік ойындарды
қолданып саусақ ойының өткізсе, әрбір
саусақ ұшына массаж жаcалса бала тілі
дамиды. Өйткені баланың саусақ моторикасы
дамыса, баланың миы дамиды, ал миы жетілсе
онда баланың тілі шыға бастайды.
Бұл
ойындардың түрі өте көп, біз бүгін
сіздерге 1-2 түрін ғана көрсетіп отырмыз.
Біздің осы шебер сыныпты өткізіп отырған
себебіміз, сіздерде үйде балалармен 5-
10 минут осындай саусақ ойындарын
өткізсеңіздер жақсы болар еді. Балабақша
мен отбасы тығыз байланыста болып, бір
мақсатта жұмыс жасасақ еңбегіміз жемісті
болады.
Қостанай
ауданы Затобол кенті әкімінің аппараты
ММ «Гүлдер»
бөбекжай
бақшасы КМҚК
Тақырыбы:
«Саусақ ойындарын қолдану арқылы бала
тілін дамыту»
Балабақша
ішілік жалпы ата- аналар жиналысына
арналған шебер сынып
Өткізген
: Садырбекова Г.К
Затобол
кенті
2019ж