Материалдар / Саусақ ойыны мен жаттығулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саусақ ойыны мен жаттығулары

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2020
1189
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape32

Shape1

«№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ

















Picture 3 Shape2

А т а – а н а л а р м е н ұ с т а з д а р ғ а а р н а л ғ а н к е ң е с









Shape3

Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың

тілдерін дамыту























Shape4

Дайындаған: Тусупбекова Амина Сарсеновна










Саусақ ойыны мен жаттығулары арқылы балалардың тілдерін дамыту



Адамның сөйлеу тілі және қозғалыс жүйесі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Себебі, сондай байланыс қолмен және мидың сөйлеу орталағында орналасқан.

Соңғы 10-15 жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені айқын байқалады. Өйткені, ата-аналар балалармен аз сөйлеседі, олардың жұмыстан қолдары босамайтынын айтады. Балалар өз беттерімен тілдік қарым-қатынаста болады, себебі, олар қарайды және тыңдайды.

Саусақ ойындары және жаттығулары - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.  Саусақ және тілдік қимылына, жауап беретін орталық, бас миына өте жақын орналасқандықтан ұсақ моториканы дамыта отырып, баланың тілдік қорын белсендендіреміз және түзетеміз.

Саусақ ойыны және жаттығулар арқылы балаларды дұрыс сурет салуға дайындайды, болашақ мектепке баратын баланың жазу дағдысын қалыптастырады, зейін, есте сақтау қабілеттері жақсарады.

Саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау саусақ ойыны деп аталады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. 
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. 
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын сабақ арасында және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. 

Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.





Shape5



Shape6

М а қ с а т ы:



Shape7

Саусақ ойындары мен жаттығуларын сабақтарда және бос уақытттарда балалармен жұмыс жүргізу барысында озық пайдаланып оқушылардың ойын, логикалық ойлау қабілеттерін, тіл белсенділіктерін арттыру.





















Барлық  жаттығулар  3 топқа бөлінеді:

1-топ Қолдың білектеріне арналған жаттығулар:

  • еліктеу қабілетін дамытады;

  • бұлшық еттерді жиыруға бірнеше уақытқа дейін сақтау білігін дамытады.

  • бір қозғалыстан екінші қозғалысқа ауысуға үйретеді.


2-топ  Саусақтарға арналған шартты жаттығулар:

Бұрын алынған дағдыларды жоғары деңгейде жүзеге асырады және неғұрлым нақты қозғалысты талап етеді.

3-топ  Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар;

  • қозғалыстың нақты координациясын дамытады;

  • қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді;

  • бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.





Саусақ жаттығуларын орындауда:


1.Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады. Баланың жаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалау керек. Балаға бірге жасап көмектесу керек.


2.Жаттығула ралдымен бір қолмен орындалады (егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуымен қарастармаса), содан кейін екінші қолмен, сосын екі қолмен бір уақытта.


3.Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген. Бірінші ең жеңілі орындалады.

Әр жаттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді. Алдымен балаға түрлі-түсті суретті көрсетесіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріп, одан кейін бірге жасап үйретесіз. Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі.

Сонымен қатар ертеден келе жатқан «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге,оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.









Shape8

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.

«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)

Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)





























































Shape10 Shape9

"Анама арналған моншақтар".

Мақсаты: ұсақ саусақ моторикасын дамыту

Әдістемелік ұсыныстар: Оқушы мұғалімнің көмегімен бір саусаққа – қызыл түсті, екіншісі – сары, үшіншісі – жасыл акварель бояуын жағып,кезекпен кезек алдын ала сызылған шеңберге моншақ тәрізді басады .Осылайша қағазда түрлі-түсті «моншақ» пайда болады.





Shape11



























Shape12

«Пішінді құрастыр» жаттығуы.


Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық пішіндерді жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:


  1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;

  2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

  3. Үй құрастыру;

  4. Жалауша құрастыру;

  5. Жұлдызша құрастыру;































Shape14 Shape13

«Кірпі» жаттығуы


Момақанмын, алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері

жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!





























Shape15

«Салат» саусақ ойыны


Сәбізді алып тазалаймыз, ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына

ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз.( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,

жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз, ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне, дайын нәр тағам, ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған! ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын

көрсетеді).







Shape16



























Shape18 Shape17

Құстар қанат қағады





 

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ-деп, ән салады.











770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!