жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Саусақ театры арқылы баланың тілін дамыту
“Аталар сөзі – ақылдың көзі”
(Ата-аналармен бірге өткізілетін тәрбие сағаты)
Мақсаты: оқушы бойында әдептілік және алғырлық адами қасиеттерін қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер. Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, буклеттер.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың “Дүние - үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер” деген нақыл сөзі бар. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды. Бұл баяғы заманнан қалған архитектуралық ескерткіштер, грек адамдары, мысыр пирамидалары, қытай сарайлары, скульптуралар, лағыл тастар мен мәр мәрдан жасалған кереметтер, өткен өмір адамдарының жай-күйін аңыз етіп шертетін сурет пен музыка. Бірақ сол адамдардың асылы адам баласының рухы мен ақыл-ойын барша ұрпаққа паш еткен ескірмес, өшпес өлең жыр, нақыл сөздер, шешендік ойлар.
1-ші оқушы:
“Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық” – демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен нақыл сөздерін, әр түрлі қиын сұрақтарға ұшқыр ойлы жауаптарын біз, жастар ата жолын қуып жалғастырып, ары қарай дамытып отырмасақ қазақ халқының жер бетінен мүлдем тілі мен діні, ұлты жоғалып кетуі мүмкін Сондықтан да, балалар өз ата-бабаларымыздан қалған мақал-мәтел, ұлағатты сөздерін өзімізден кішілерге насихаттап, мұраны жеткізу, одан тәлім алу біздің парызымыз.
Жүргізуші: Ендеше “Атанаң сөзі – ақылдың көзі” тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Айнур: Амансың ба, Гүлдария. Бүгінгі көшіміз ерекше, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, келген қоанқтардың алдында біраз қиналып тұрмын.
Гүлдария: Айнур, несіне қиналасың. “Сөз атасы - сәлем” емес пе, алдымен амандасайық.
Айнур: Амансыздар ма, аталар мен аналар, армысыздар ұстаздар, ақылдастар алқасы.
Гүлдария: Тәрбие сағатына қатысқалы отырған топтарды ортаға шақырамыз. “Бала шешен”, “Сал сері”, “Өсиет” топтарын қарсы алайық.
Айнур: Сайысқа түсетін сайыскерлер ата-бабамыздың аталы сөздерін, ұлағатты ойларын өз мәнінде түсініп, жатқа үйреніп, нақышын келтіріп айта алатын жүзден жүйрік, мыңнан түлпар шыққанболашақ шешендер мен жыршы-жыраулар.
Гүлдария: Сайыстың бағдарламасымен танысайық.
І бөлім “Мен атамның жалғасымын”. Әр топ өздерін таныстырады
ІІ бөлім “Асылдың сөзі ақылдың көзі”. Жақсылық пен жамандық туралы үй тапсырмасын әңгімелейді.
ІІІ бөлім “Алтын кеме” берілген тапсырмаға жауап береді.
ІҮ бөлім “Атаның сөзі ақылдың көзі” ұлы данышпандарымыздың аталы сөздерін жатқа айтады.
2-ші оқушы:
Сәулелі сөз сөне ме?!
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге –
Ақ тілеуі атаның.
Ата: Бәрекелді, балалар. Өздеріңнен шығар даналар!
Жүйрік тілді ақан бол
Жақсыларға жақын бол,
Достарыңмен тату бол
Дұшпаныңа қату бол!
Әже: Ата жолын қуатын
Әже жолын қуатын,
Өзіңе айтар батамыз
Сайыста болар қуатың.
Ұсақ болма ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол,
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтін нұры бол!
Азаматтың бірі бол,
Шешен сөздің пірі бол! Әумин!
Айнур: Ойға тоқ, нарқын сез.
Ата сөзі алтын сөз.
Гүлдария: Ей, тәккәппар дүние,
Маған бір қарашы,
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы... – деп ақын жырлағандай І бөлімге кезек береміз.
Айнур: Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды –
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жан ашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл
Әкпе, бауыр жүрегің.
ІІ бөлім “Асылдың сөзі ақылдың көзі” “Бала шешен”тобы Абыз туралы көрніс көрсетеді.
120 жасқа келген Абыз бабаға Әсет би амандаса келеді.
Әсет би: Ассалаумағалейкум, Абыз баба.
Жасыңыз келіп қалыпты 120-ға
Атамыз айтып еді, дейтінтұғын ұрпақтарға
Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.
Абыз баба: Е, ұрпаққа жеткізетін
Әсет би өзің болсаң
Мен айтайын, сен тыңда.
Ата – анаңның қадірін
Балалы болғанда блерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің
Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің.
Қалтыңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің.
Ақ білектің қадірін әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін
Жас өткенде білерсің.
Қара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің.
Жақсы туыс қадірін
Көмгеніңде білерсің
Аяқ-қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің.
Қызыл тістің қадірін
Тоқтағанда білерсің
Білгеніңді сөйлеп қал
Білгендерден ғибрат ал.
Гүлдария: Ортаға “Сал сері” тобын шақырамыз. Саханаға билер мен елден келген ақсақалдар шығып мәміле құрады.
Ақсақалдар: - Ертең елге қайтамыз, елдегі қариялар, білікті жастар үш билеріміз не деді дегенде не деп айтамыз?
Төле би: Онда тыңдаңдар
Шешендіктен не пайда
Артыңа сөз қалмаса.
Батырлықтан не пайда
Халқына қайрат қылмаса.
Хандықтан да пайда жоқ
Қарашасын жаймаса.
Модалықтан пайда жоқ,
Шариғатты өзгертіп,
Надандарды алдаса.
Қазыбек би: Үй жаныңда биік төбең болса,
Ол ерттеулі аттан кем емес.
Отбасында білгір қарт болса
Ол жазылған хаттан кем емес
Ей, үш жүз керіспеген
Асылы бізге керіскен жөн емес.
Әйтеке би: Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,
Біз үш керіспейік, келісейік!
Ал керіске қойсақ үшеумізге де
Бірдей хандық түгіл ондық та жоқ.
“Өсиет” тобы Бөлтірік шешеннің адам баласын қор ететін және зор ететін не екенін сараптаған өсиетін көрсетеді. Сағанаға Бөлтірік шешен мен бірге бір топ қарт шығады.
Қарт: Бөлтірік, адам баласын қор қылатын немесе зор қылатын не нәрсе?
Бөлтірік: Адамды қор ететін де, зор ететін де мыналар:
“Күншілдік” деген бар, содан сақтан,
“Кекшілдік” деген бар, содан сақтан,
“Астамшылдық” деген бар одан алыс жүр.
“Сараңдық” деген бар, қалыс жүр.
“Қараулық” деген бар одан таза бол.
“Бәлеқорлық” деген бар одан ада бол.
“Ынсапсыздық” деген бар одан аман бол.
Гүлдария: Иә, туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ата сөзін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Айнур: Ата – баба ардақты
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
Бірде Жетес шешеннен адамның, жердің, сөздің сәні не деп сұрапты, сонда Жетес
Адамның сәні - өнер, білім, ақылы.
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы,
Сөздің сәні өнеге, ақылы,
Пікірдің сәні – ел падалы мақұлы – депті, ендігі сайыс сөздің сәні мақал-мәтел айтысы. Ортаға сайыскерлерді шақырамыз. “Бала шешен” тобында Айберген, “Сал сері” тобынан Мәди өнерлерін көрсетеді.
- Ассалаумағалейкум, Айберген. “Алыстан алты жасар бала келсе,
алпыстағы шал сәлем береді” деген екен бұрынғылар, сәлемдесуге келдім
- Амансың ба, “Қуыс үйден құр шықпа” деген тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
- “Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық” деген, түсейік.
- “Сыйға сый, сыраға бал” деген, өткенде өздеріңе риза болып қайттық
- “Аз да бітер, көп те бітер,татулыққа не жетер”, ауызбіршілікке не жетсін.
- “Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар” деген о, не дегеніңіз.
- “Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер” дегендей, қайтайық мал келетін уақыт болды.
- “Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар”, әлі кездесерміз сау бол!
Енді “Сал сері” тобы мен “Өсиет” тобы мақал-мәтелмен айтысады.
Гүлдария: Бірде Бөлтірік шешен жақсы мен жаманды жіктей келе былай деген екен:
Жақсы деген кісінің
Алды, арты бірдей жарық болар.
Жақсы деген ісімнің
Бас, аяғы бірдей анық болар.
Жаман деген кісінің
Алды, арты бірдей жау болар
Жаман деген ісіңнің
Бас аяғы дау болар
Сайыскерлеріміз “Жақсы деген немене, жаман деген немене” екеніне
ой жүгіртеді.
“Бала шешен” тобы.
Бір сөз айтсақ жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсақ жаманға
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі
Өзін өзі мақтайды
Көкірегі соқырға
Өмірде таң атпайды.
Шешенің сөзі шын асыл
Қап түбінде жатпайды.
“Өсиет” тобы.
Жақсы адам елдің бас серкесіндей,
Жұғымды болар елдің еркесіндей. Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсыға үлкен, кіші бәрі жақсы
Жақсының бірге өскен көкесіндей.
Жақсы адас алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың түрғысындай.
Айнур: “Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен бомай ма хайуаннан .
Ынсап, ар, ұят табылмаса
Өлген артық дүниені былғағаннан деп Шәкәріматамыз айтқандай, осы естігендеріңізден ғибрат алып, ой түйеді деп сенеміз.
Гүлдария: Қырдан өскен самалы,
Салтымыз бар бағалы.
Ал қағазға аталар
Шешен сөздер жазады.
Еске алғанда жас күнкін
Ән сағанда қашты мұң.
Жас ұрпақтың ісімен,
Жалғасады дәстүрім.
Ата бабаларымыздан қалған дана сөздерімізді қаншалықты білетінімізді “Алтын көмбе” бөлімінде білеміз. Бұл бөлімде әр топтан бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.
1. Жеті жетім деген не?
2. Бес асыл мен бес дұшпан.
3. Үш арыз.
4. Үш жұрт.
5. Үш байлық.
6. Жеті атаңды ата
7. Жеті қазына.
8. Жеті жоқ.
9. Жеті күн.
Жеті жетім.
Тыңдалмаған сөз жетім,
Қиюсыз қалған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу қазсыз көл жетім,
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүл-дүл,
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл мизан өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе
Мейлің тасы, мелің күл – деп Абай атамыз айтқандай, аз да болса ғибрат алса, біздер бақыттымыз.
Атам – кітап, мен – дәптер,
Ақыл толы сөзінде.
Қызығам да әлбетте.
Көшіремін өзіме.
Еш дүниеде сатылмас
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас,
Өмір кітап – атамыз.
Жаңарғанын сананың,
Ұмытады мұны кім.
Өсиетін атаның,
Мұра тұттық біз бүгін! – дей отырып сайыс қортындысын айтуға және сыйлық тапсыруға кезекті әділқазылар алқасына берейік.
Бойларында от бар екенін байқадық,
Жүрегінде шоқ бар екенін байқадық
Ұрпақтары Мағжан ата ауылдың
“Бала шешен” екен деп біз атадық.
Кешімізді аяқтай отырып, келесі кеште кездескенше күн нұрлы, өмірлерің сырлы болсын демекпіз
"Алтын күз" ертеңгілік туралы қазақша ашық сабақ
Мақсаты:
1) Алтын күз мерекесін өткізу.
2)Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т.б.
Барысы:
«Саржайлау» әні ақырын орындалады.
І) Әнұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге әнұранды айтып шығады.
Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? «Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар!
-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге шығып отырады.
-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.
Амандасу
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Айкерім
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Айназ
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
Назерке
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Малика
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған,алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
Батырхан
Сәбіз
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де!
Зухраб
Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Аружан
Өрік
Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Алишер
Шие
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Рахат
Қарбыз
Теңбіл-теңбіл қарбызды,
Тентек Серік жарғызды.
Мөлдір
Қызанақ
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?
Зарина
Алмұрт
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Айша.С
Алма
Мен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Бейбарыс
Шалқан
Кім білмейді шалқанды,
Талайлар маған таң қалды.
Әбілмансұр
Пияз
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Мадина
Бұршақ
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!
Дильназ
Қияр
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
Чингизхан
Жапырақ
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.
Нұрбол
Күнбағыс
Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды.
Айжан
Сәбіз
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар.
Нұргүл
Күн
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
- «Қара жорға» биі
-Ойын ойнайық балалар: «Картоп жинау» ойыны
- «Жапырақтар» биі қыздардың орындауында.
ІІІ) «Шалқан» орыс халық ертегісі.
Кейіпкерлер:
Олжас - Шалқан
Чингизхан - Ата
Айжан- Апа
Назерке - Қыз
Әбілмансұр – Күшік
Зарина – Мысық
Мөлдір – Тышқан
- «Күрең күз» вальс биі
ІҮ) «Балақан» әні –бәрі бірге хормен айтады.
Сергіту сәті:
«Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел соғады.
Кіп-кішкене ағаштар,
Үлкен болып өседі.
«Ормандағы аю»
Ормандағы аюдың,
Теріп-теріп алайық,
Құлпынайы көп екен.
Ү) Хормен ән
«Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктен, нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,жайнап өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
ҮІ) Би «Шоқ қыздар» ұлдар билейді.
- «Құстар» әнін бәріміз бірге қосылып айтамыз.
- «Алтын үз» ханшасы балаларға сыйлығын таратып береді, рахметін айтып
қоштасады.
- Осымен «Алтын күз» мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген