Материалдар / "Саз әлемі" танымдық сабақ

"Саз әлемі" танымдық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды барлық музыка сабағында қолдануға болады.Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатынасты.Сабақта видероликтер.слайдтар қолдандым.
Авторы:
06 Ақпан 2019
861
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін:

Күні: 13.12.2018ж

Класы: 5

Тақырыбы: «Саз әлемі»

Түрі: танымдық сайыс сабақ

Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл қыздарын тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Өнерпаздарды жан жақты зерттеп әнді көпшілік алдына қысылмай еркін орындауға бейімдеу, кәсіптік шеберлігін шыңдау.

Көрнекілігі: кабинет ішін безендіру,интербелсенді тақта, шарлар, фотостенд,музыка техникасы,синтезатор,домбыра,гитара.


І.Мұғалім:Сәлем достар! Бүгінгі «Саз әлемі» музыкалық сайысына баршаңызда қош келдіңіздер!

«Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады» деп ғұлама Дмитрий Шостакович айтқандай ән өнері барлығымызға жақын өнер.

ІІ.Сайысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.Ендеше балдар карточка таңдап алып әркім таңдаған топқа барып отырайық. (парталар алдын-ала үш топқа бөлініп орналастырылған,яғни «Домбыра» «Гитара» «Синтезатор» топтары)

ІІІ.Топқа бөлініп алсақ сайысымызды жақсы көңіл-күймен бастау үшін үйренген әндеріміздің бірін орындап жіберейік.

Өнерге ғашық баламын

1.Өнерге ғашық баламын

Биікке шығу талабым

Аз ғана өтсін уақыт

Жұлдызы болам жарық ұлы даланың

Жолымен ата-бабамның

Жүректі ғана боламын

Даланың тербеп үнін

Бұлбұл боп күндіз түні

Әнге саламын


Қайырмасы:


Көз ашып әнменен

Көз ілем әнменен

Ғашықпын естүссіз

Ғашықпын әнге мен

Бұл өмірде менің тілегімде ән

Білемінде ән,жүрегімде ән

Бұл өмірде менің ғұмырымда ән

Шуағымда ән,сыңарымда ән.

2.Киелім шырқап бар әні

Тоқтамай алға шабамын

Ән десе алып ұшып

Көңілім бақыт құшып шабыттанамын

Ойымның барлық қалауын

Бойымның жалын алауын

Басқадан емес осы

Жанымның жақын досы әннен табамын

Қайырмасы:

ІV.Сайыстың турларымен танысу

  • І-тур “Әуенді тап”

  • ІІ-тур “Бұл кім?

  • ІІІ-тур Синоним табу

  • ІV-тур Адасқан сөздер

  • V-тур “Бұл қай ән

V.Бағалау. Топтар бірін-бірі бағалайды,яғни «Домбыра» тобы «Синтезатор» тобын, «Синтезатор» тобы «Гитара» тобын,ал «Гитара» тобы «Домбыра» тобын тақтада орнатылған парақшаға стикер жапсыру арқылы бағалайды.

VІ.

І-тур. «Әуендәі тап» әр топқа екі әуеннен жасырылады

VІІ.

ІІ-тур. «Бұл кім?» деп аталады.Бұл жерде белгілі өнер жұлдыздардың фотоларының бір бөлігі көрсетіледі,сол фотодағы кім екенін табу керек.

VІІІ.

ІІІ-тур.Синоним табу.

Ережесі: Бұл бөлімде төрт жол өлең беріледі. Сол өлеңдегі асты сызылған сөздерге синоним яғни, мағыналас сөздер айтасыздар.

Сіздерге берілетін өлең А.Құнанбаев. «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, (Суық, ызғар)

Масатыдай құлпырар (Жайнар, әдеміленер) жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер (Шуақтанар, жадырар) күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып (Қуанып, мәз болысып) жас күлер ќұрбысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп,(Амандасып, қал-жағдай сұрасып) құшақтасып

ІХ.

ІV-тур.Адасқан сөздер. (әр топ басшылары ортаға шығып конверт ішіндегі қиылған парақтардағы сөздерден өлең шумақтарын құрастырады)

ХІ.

V-тур.Эстрадалық әуенді жасыру.Әр топқа эстрада жұлдыздарының халыққа танымал,белгілі әндері жасырылады.Шапшаңдық танытып тез жауап берген топ ұпайға ие болады.

ХІІ.

Сабақ соңында топ басшылары жиналған стикерлерді,яғни ұпайларды есептеп жеңімпазды анықтайды.

Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Оқушыларға сабақтан жақсы әсер қалдырып,жақсы көңіл-күймен шығу үшін көңілді ән орындалады.Назарларыңызға рахмет!


















Сағыз орта мектебі










Тақырыбы:

«Саз әлемі»







































1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1. мектебіміздің директоры Айгүл Зейноллақызы

2.Бейнелеу және сызу пәндерінің мұғалімі Гүлзада Абайқызы

3.Балалар қозғалысының ұйымдастырушысы Ақжарқын Асылбекқызы

2-жүргізуші: Ал енді осы сайыскерлерімізге сараптама беріп, сараптайтын сарапшыларымызбенда таныстырып өтейік. Бүгін біздің мектебімізде болып жатқан «саз әлемі» атты ән байқауында сарапшы болуға еліміздің жарық жұлдыздары,эстрада жұлдыздары келді. Олар:

1.Мөлдір Әуелбекова

2.Мадина Садвакасова

3.Қарақат Әбілдина

4. Нұржан Керменбаев


1-жүргізуші: Бағалануы 10 балдық жүйе.

1.Ән орындау мәдениеті (эмоция,сезім)

2.Сахнада өзін өзі ұстауы (жүріс тұрысы, қимылы)

3.Киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы

4.Өнер деңгейі

2-жүргізуші: Олай болса құрметті әншілерімізді сахна сыртына шығарып салып, сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі

Әнші деп те, күйші деп те айт оны

Әнге сенің қаншы икемің бар екен

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді? деп, алғашқы ән кезегіне жол береміз. Қабыл алыңыздар, алдарыңызда Дина «Бір тілек» әнімен

2-жүргізуші: «Әннің де естісі бар, есері бар

Тыңдаушының құлағын тесері бар» дегендей меніңше , бұл ән өте жақсы орындалды. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:«Бап шаппайды, бақ шабады» деп бағын сынауға келген Динараның орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:Дауысың қандай сырлы еді

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан деп тамаша өнер көрсеткен әншімізге қошеметтеп, қол соғып қояйық. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Әндер, әндер! Ұш әуемде

Ұш көгімде, күллі әлем

Көктем келсе гүл боп елге

Менде бүгін түрленем деп, Арайлымның «Роза темно алые» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:Бойында Арайлым от бар екен байқадым

Жүрегіңде шоқ бар екен байқадым

Әрқашанда осы шоқты өшірмеі

Жалындатып шарықтағын әрдайым. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Біздің мектеп қыздары өнері асқан

Билейді мың бұралып бала жастан

Қайда біздің өнерпаз өыздарымыз

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

2-жүргізуші: 5 «а» сыныбының мың бұралған биші қыздарын ортаға ду қол шапалақпен шақырайық.

1-жүргізуші: Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін сақтамақ

Мадияр шықсын ортаға

Бүгін әнші атанбақ, сахнада Мадияр «Қызыл өрік» әнімен.

2-жүргізуші:Алдымызда ұзақ жол

Ізденуден талмаңдар

Қиындыққа мойымай

Өнер жолын жалғаңдар деп, Мадиярға тек жеңіс тілейміз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Ал оқушы ұстаздар

Ортаға назар салыңдар

Айжан шығып келеді

Қол соғып қарсы алыңдар, сахнада Айжан «Ауырмайды жүрек» әнімен.

2-жүргізуші:Жез таңдай күміс көмей Айжан қыз

Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз

Балалықтыңбалдәуренін өткізіп

Бақыт,шаттық,қуаныш біз тілейміз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші: Жақсы әнші өнеге

Сегіз қырлы бір сырлы

Өнерді үйрен бір берлеп

Әнде шырқа, би билеп

Халық айтса біледі

Талаптыға нұр жауар

Өнерлі өрге жүзеді

Таланттылар құр қалма дей отыра сахнаға «Аюми» тобын «Бір үміт» әнімен шақырайық.

2-жүргізуші: «Аюми» біз сендерді өнердің биік шыңдарынан көрейік. Өнерде жолдарың ақ болсын. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші:Құр айқай бақырған

Құлаққа ән бе екен?

Өнерсіз шатылған,

Кісіге сән бе екен?- деп Ұлы ойшыл ақын А.Құнанбаев атамыз айтқандай сахна төріне Гүлназды «Махаббат жалыны» әнімен ду қол шапалқпен шақырайық.

2-жүргізуші: Өнер жолына басқан қадамыңа гүл бітсін, өнерін шыңдала берсін дейміз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек

1-жүргізуші: Жаз өмір жарқылдаған сол бір шағым

Жаныма дарытпаймын дүние тағын

Әнменен қарсы аламыз әрбір таңды

Жайғандай ерке нәзік жар құшағын – дей отырып алдарыңызға Гүлнұр деген әнші қызымызды «Асыл әже» әнімен шақырайық.

2-жүргізуші: Гүлнұрға өнерін өрге жүзсін, биіктерден көріне бер деген тілек жолдаймыз. Олай болса кезекті біздің қымбатты да асыл әділ қазыларымызбен, сарапшыларымызға берсек.

1-жүргізуші: Осымен ән байқауымыз өз мәресіне жетті

Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда

Әділқазы алқасы атыңды ақта

Әншілерге арманмен бақыт жолда.

2-жүргізуші: Қазір алға шыққан жеңімпаздарымыздың бағасын шығарып марапаттау дайын болғанша би шашуымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш қызықты кеш

Көрермен халайық

Өнерпаздар алға шашып

Биікке қанат қағайық дей отырып сахнаға шақырайық.

2-жүргізуші: Күнде жиын болмас дәл осындай

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз

Ұл қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.

1-жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздың алдағы уақытта көптеген байқаулардың лауреаттары атанып, талғампаздығымен, орындаушылық шеберлігімен үлкен табыстарға жетуіне сенім мол.

2-жүргізуші: Көңілдің ақ тілегін қол етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды концертіміз.

1-жүргізуші:Концерттік кешімізді аяқтай отырып, «Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзімен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді.

2-жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз командаларыңызға жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Бірге: Ән аманат сіздер үшін.

Бар болыңыздар,

Сау болыңыздар!































1 Бестөбе орта мектебі







Музыкалық сайыс

















Музыа пәні мұғалімі: Нокина А.М.









2012-2013 оқу жылы

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі