400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сазды кеш "Нәзік сазғы толы- баян аспабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық аспапта жақсы ойнау орындаушының техниканы шебер меңгеріп, шығарманы әсерлі орындауымен ерекшеленеді. Орындаушының дыбыстарды естуі ерекше болады. Ол дыбыстың күшін, сипатын, бояуын алдын ала естіп, бағдарлап, қайткенде адам жанына күшті әсер ететінін шамалап отырып, қол қимылдары мен саусақтардың әрекеттерін соған бағындырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка бірлестігі



Баян сыныбының сынып сағаты





Тақырыбы: «Нәзік сазға толы – баян аспабы!»



Күні: 8 ақпан 2017 жыл



Уақыты: 16:00



Мақсаты: оқушылардың аспапта ойнауын жетілдіру, ата-аналарға ойнап көрсету, оқушыларды сахнада ойнауға ойнауға үйрету



Көрнекілік: сахнаны безендіру





Жауапты: Қарабатырова Гүлнар

Досова Индира

Өмірзақова Мөлдір







Концерттік бағдарлама

  1. Бел.х.биі «Крыжачок» 1с Орунбасарова Н



  1. М.Глинка «Полька» 1с Амандықова Л

Қойшыбаева Б



  1. Х.әні «Қамажай» 1с Жұмаахметұлы Е

Әнетұлы Д 2с Утепқалиұлы Ж



4. В.Иванов «Полька» 1с Нұрғабылова М



5. Д.Кабалевский 1с Абай Д

«Маленькая полька»

6. Ыбырай «Гәкку» 2с Дүйсенова Г

Орпабаева Д

6с Күзембаев М

7. Х.әні «Ақ баян» 2с Қосалы Ф

8. Х.әні «Ағажан Ләтипа» 2с Дүйсенова М

9. О.х әні

«Ой, полна, полна коробушка» 2с Бақытжанұлы Б

10.С.Рахманинов

«Итальян полькасы» 3с Жарасов М

11. Ақан сері «Қараторғай» 4с Ақкөлұлы Р

12. С.Тұрғынбаев «Ақмаржан» 5с Теберікова М

13. Сүгір «Бозінген» 5с Болысбаева Б

14. А.Жұбанов «Тәжік биә №1» 5с Юнусова С

Баян аспабын оқушылардың есту қабілеті бойынша үйрету әдістері

Музыкалық аспапта жақсы ойнау орындаушының техниканы шебер меңгеріп, шығарманы әсерлі орындауымен ерекшеленеді. Орындаушының дыбыстарды естуі ерекше болады. Ол дыбыстың күшін, сипатын, бояуын алдын ала естіп, бағдарлап, қайткенде адам жанына күшті әсер ететінін шамалап отырып, қол қимылдары мен саусақтардың әрекеттерін соған бағындырады. Осының бәрін орындаушы шығарманың әрбір оралымын, оның әуендік – үндік құбылысын алдын – ала іштей естіп отыру арқылы жүзеге асырады. Сондықтан «іштей есту» дағдысын оқушыға музыкамен айналысудың ең алғашқы сабақтарынан бастап үйрету керек.

Сырнайда ойнауды үйрету барысында ең әуелі оқушының музыкалық есту – елестету мүмкіндіктерін дамытып әрі соған арқа сүйеп отырған дұрыс. Ол үшін оқушыға бірден нота үйретуді бастамай, белгілі бір дайындық кезеңін өткізген жөн. Бұл кезеңде оған кішігірім әуендерді «мұғалімнің қолына қарап» отырып немесе «музыкалық есту қабілетіне сүйеніп» ойнау үйретіледі. Яғни, оқушы ойша, тек құлақпен естіп отырып қана аспаптан қажетті дыбыстарды теру, іріктеу арқылы ойнап шығады.

Бұл аса бір ұқыптылық пен мұқият жұмыс жасауды қажет ететін «нотаға дейінгі» кезең. Осы кезеңдегі жұмыс негізінен үш түрге бөлінеді.

  • Әуенді аспапта теріп шығару;

  • Оны гармонизациялау;

  • Сүйемелдеуін құрастыру;



Есту қабілетіне сүйеніп ойнау деп біз орындаушының есту-елестету мүмкіндіктеріне с.үйене отырып, ойында жатталған әуенді сырнайда нотаға қарамай ойнап шығуын айтамыз. Есту қабілетіне сүйеніп ойнаудың нәтижелі болуы есту және қол мен саусақ қимыл әрекеттерінің өзара тығыз байланыста болуына тікелей қатысты. Сондықтан мұғалімнің нотаға дейінгі кезеңіндегі басты мақсаты – оқушының есту-елестету қабілетін анықтап, оны дұрыс қалыптастырып әрі қарай дамыта түсу. Сондай-ақ оның есту және қимыл әрекеттерінің ара қатынасын реттеп жөнге келтіріп, бұрынғысынан да шыңдай беру. Есту қабілетіне сүйеніп ойнау дағдысы әуеннің дыбыстарын сырнайда іріктеп, түймелерді дәл басу барысында қалыптасады. Ол үшін үйренетін әуен өте қысқа әрі қарапайым болуы тиіс. Әуеннің дыбыстарын сырнайда теріп ойнау екі түрлі болады: Әуенді алғашқы берілген сарындылықта және оны жаңа күйге көшіріп тасымалдап ойнау.

Музыкалық есту-елестету дағдысын қалыптастырудың ең қарапайым әрі тиімді түрі ән айту болып табылады, сондықтан оқытуды ән айтқызудан бастаған жөн. Алғашқы сабақтар оқушының музыкалық қабілетімен (есту және ырғақ сезу) жан-жақты терең танысудан басталады. Ең басты назар аударатын нәрсе – оқушының әуенді тыңдап, оны жадында сақтап, содан соң дауысымен қайта айтып бере алатын дәрежеде болуын қадағалау. Мұғалім жекелеген дыбыстар мен кішігірім әуендерді аспапта ойнап берген соң оқушы оны сырнайға қосылмай ө даусымен қайталап айтып шығады. Әнді жекелеген дыбыс пен буынға бөліп немесе сөзімен орындауға болады. Оларды мазмұнына қарай әсерлі орындайды әрі тезірек жаттайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.02.2019
814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі