Сценарций "Алтын күз-әсем айналам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарций "Алтын күз-әсем айналам"

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий Алтын күз мерекесіне орай
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы Затобол кенті әкімдігінің «Гүлдер» Бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны








«Келді міне Алтын күз!»

Мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобы






Тәрбиешілер: Бохай Р

Нурбаева Ж.Е.

















2019 жылы

Тақырыбы: «Келді міне Алтын күз!»

Мақсаты:

- Алтын күз мерекесін  өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
-
 Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қатысушылар: «Жұлдыз» тобының балалары, тәрбиешілері, ата-аналар, күз ханшайымы,бағбаншы

Ертеңгіліктің барысы:
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Данияр:
Малика:
Р: Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобының  «Келді міне Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!

Ж: Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз

 Қырдан кепті қыдырып,

 Алтын күз бізге нұр төгіп.

Балалар бәрі бірге:
Бүгін мейрам, бүгін той.

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап.

Алақанды соғып қой.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!

Ән: Алтын күз
Р: Жүргізуші: Балалар біз бүгін қандай мереке тойлауға келдік?
Дұрыс айтасыңдар «Алтын күз» мерекесі. Ендеше бүгінгі мерекені «Алтын күз» әнімен бастайық.

Ж: Жүргізуші: Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
Күз мезгілінде қандай ерешеліктер бар?
Р.Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарына бара беріңіздер. Балалар бізе біреу келе жатқан секілді.
Бағбаншы: кіреді.
Ж.Жүргізуші:  Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Ж:Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Ж:Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін балалар сіздерге өз өнерлерін көрсетсің.
Би: «Жапырақтар» (топтың қыздары)
Р: Жүргізуші: Қыздарға үлкен рахмет!
Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.Балалар ойын ойнаймыз ба?
Ойын: « Картоп жинау» (ұлдар)
Шарты:Шашылған жапырады теріп алып, өз ағаштарының қасына тез барып тұру.
Р: Жүргізуші: Ал келесі кезекті тақпақтарға берейік:
Тақпақтар:

Р:Жүргізуші: Балалар тақпақтарға рахмет.

Бағбаншы: Балалар өте өнерлі екен. Маған бақшама қайтатын уақыт болды, бақшада Күз ханшайымын көрсем сіздерге жіберемін.
(музыкамен бағбаншы кетіп қалады)
Ж:Жүргізуші: Балалар Күз ханшайымы бізге тез келу үшін біз оған арнап қатты дауысымызбен ән айтайық.
Ән: «Күзгі вальс»

Ж:Жүргізуші: Келесі кезекті біздің ұлдарға берейік.
Би: Саңырауқұлақтар (Ұлдар)

Р:Жүргізуші: Ұлдар жарайсыңдар! Музыка қосылады. Балалар біреу келе жатқан секілді, бәріміз есікке назар аударамыз!
Күз кіреді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Мен Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Ж:Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет! Сені күтіп қалдық
Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың сізге дейін дайындаған өнерлері бар.
Балалар күз ханшайымына дайындаған тақпақтарды айтайық:
Тақпақтар:

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар тақпақтарын өте ұнады. Мен енді сендерге бір ойын ойнатқым келеді.
Ойын: «Қолшатыр» (қыздар)
Ж:Жүргізуші: Балалар ойын ойнауды ұнады ма? Күз ханшайымы ойыннызға үлкен рахмет, ал енді біздің балалардың сізге дайындаған әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Алтын күз»

Ж:Жүргізуші: Жарайсыңдар ал біздің тағы да ұлдар дайындаған би бар екен.
Би: «Ұлдар»
Р:Жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың әні ұнады ма?
Ендеше күз ханшайымы кетпей тұрғанда оған қыздар дайындаған сәнін көрсетейік.

Күз ханшайымы Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Р:Жүргізуші:  Мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобының «Келді міне Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын
Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттау.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2021
311
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі