Материалдар / Сценари
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценари ұстаз ұлы есім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2023
119
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Ұстаз – ұлы есім!»

Жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар!

Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,
Ормандарың шулап жатыр нуымен.
Ал баланың тәрбиесін беретін,
Құттықтаймыз, ұстаздар мерекесі күніменен.

Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын! Бармысыздар құрметті ұстаздар!
Ұстаз қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - ұстаз.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Олай болса білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!

(Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.)
Жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға.
Хор: Ән «Ұстаз-ана»
Тақпақтар:

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған Насихат


Менің атым «Елмұра»,
Ұстазымның шәкірті.
Ұстазым маған айтады,
Сен баласың тәртіпті! Елмұра



Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем Аяна


Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы. Азиза


Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды. Фатима


Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген. Ақбота


Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың. Аянат


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы Әмина


Жүргізуші: Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз – оқушыларды білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді. Ұстаз деген есім - аз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға оралтады.

Көрініс:Алғашқы қоңырау.

Тақпақтар:
Мұғаліміміз айналды
Анамызға екінші
Біз оқысақ сабақты
Анамыздай қуанып
Қояды бес бағасын. Жанарыс




Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің. Жанерке


Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың
ұстазы. Абдураһман


Маған білім үйреткен
Майрадай апайым
Тәрбие мен ақылды
Үйреткенде апайым Мариям

Маржандай апайды
Құрметтейміз бәріміз
Марожандай апайды
Сыйлатұғын бәрініз Аяулым

Ұзтаз,ана болды ол
Әрқашан да біздерге
Бар балаға берді ол
Қуанышпен өнеге. Алинұр



Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің,
мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да. Алиса


Ұлдар биі: «Флешмоб»

Ерсұлтан
Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.
Зердесін болашақтың зерлеткендер.
Айару

О, Ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,
Сая тапсын Ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде –

Ән: «Балдырған»
Орындайтындар: Насихат, Фатима

Ибрахим

Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.
Айназ
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.

Қыздар биі: « Көбелек»

Ерхан

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып билеткен

Таныстырған ең алғаш

Әріптер мен суретпен

Тәрбиеші апайымыз.

Ән: «Балабақша»



Жүргізуші: Құрметті ұстаздар сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өренді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын ағайын!












































МКҚК «Еркемай» бөбекжайы



Тексерілді:________

Балабақша әдіскері:О.Б.Каирхожаева





«Ұстаз – ұлы есім!»

«Аққу» ересек топ.




Орындаған:Түселбай Майра

Мендикулова Маржан






2022-2023ж









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!