Ересек «Жауқазын»
тобының Ұлыстың ұлы күні- Наурыз
мерекесіне арналған
ертеңгілігінің сценариі
Мақсаты:
Халықтың салт – дәстүрін, әдет
– ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екндігін
түсіндіру, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын,
балаларға ұғындыру. Балалардың санасына халқына деген мақтаныш
сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін, салт-
дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
Айзада:
Аманбысың, армысың, халқым
менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекелі,
Ардақты Наурыз тойы, салтым менің.
Алихан:
Кең болсын қазағымның
керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Айзада:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні —
Наурыз мейрамын тойлағалы
отырмыз.
Наурыз — бұл тек
көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік
п
ен жақсылықтың мейрамы.
Ұлыстың осы бір ұлы кұні
адамдар бір-біріне деген өкпе-
ренештерін ұмытып,
кешірімге келіп татуласып,
табысқан.
Жүргізуші:
Наурыз менің елімнің
берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Ақерке:
Елім бүгін көрсетіп,
ел екенін,
Төрінде отыр торқалы мерекенің,
Халқымның қасиетіндей бұзылмайды,
Қаймағы Ынтымақ пен Берекенің, — дей
келе
Ортаға «Жауқазын» тобының биші
қыздарын шақырамыз
-
Би
«Қамажай»
(Шашу болу
керек)
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өздеріңізге арнаған
өлең
жолдарын қабыл
алыңыздар!
Дария:Наурыз күнін қарсы
алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән
салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз
келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа
халайық.
Заңғар:Осыншама
жақсылық
Алып келген
Наурызым!
Төрлет бізге нәр
беріп,
Шуақ шашып ақ
жүзің
-
Ән «Қош келдің төрлет,
Наурызым!»
-
Өлең
жолдары:
Інжу:
Қазағым, наурызың құтты
болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Мұхамедияр:
Наурыз тойы- ақ батаның
бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Айша:
Наурыз келіп көктем сазы
білінер,
Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
4. Ойын
«Бәйге»
-
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған
тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік
те.
Құтты болсын, ұлыс күні
жұмылдырған
Бәрімізді Ынтымақ пен
Бірлікке!
Салт- дәстүрден
көрініс
«Тұсау
кесер»
-
Өлең
жолдары:
Аяулым:
Алтын күні шуақ шашып
аспаннан,
Жаңа жылым жыр думанмен басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата
алған.
Әлтәйр:
Бақыт тілеп
жолдастарға
Жаңа өмірді қарсы
алайық
Ақ кқңіл, ақ
тілекпен
Асқақтата ән
салайық
Айсұлу:
Наурыз келді ал тойлаңдар,
жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап- күліп тараңдар!
Жұлдыз:
Таң шапағы қарсы алып
наурызда,
Құт-береке тілейміз ауылымызға.
Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық,
Шат көңілмен бәріміз ән
салайық.
-
Жүргізуші:
Дастарханы
халқымның тола берсін,
Бақыт құсы
қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың
төресі – наурыз тойы,
Жылдан - жылға
құт тойы бола берсін!
«Ұлдар
биі»
-
Ойын: «Ханталапай»
қыздармен
-
Өлең
жолдары:
Нұртас:
Салтымен ата-
бабамның
Жаңғырады қайта
заманым
Жыл басы бұл-
Наурызым!
Қайырлы болсын
қадамың!
Даниель:
Наурыз айы- гүл
айы
Наурыз айы- нұр
айы
Наурыз айда
халқымның
Құлпыра түсер
шырайы!
Санжар:
Наурыз келді құт
болып
Мына бізге сүт
болып
Аққа аузымыз
толады
Бар жақсылық
толады
Әлішер:
Жаңа жылым келіп жетті
аңсаған,
Басқа ұлттармен татулыққа жар
салған.
Дәстүрімен мақтанамын елімнің,
«Мен қазақ!»- деп дүниеге жар салам.
-
Ойын: «Арқан
тарту»
-
«Қыздар
биі»
-
Ақтілек:
Ұлы күнде
халайық
Қалай қарап
қалайық
Ортамызға
шақырып
Қыдыр Атамыздың батасын
алайық!
Қыдыр ата бата
береді