Бекітемін:
Мектеп директоры: Г.Балгимбаева
«Қарымсақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!
2017-2018 ОқУ
ЖЫЛЫ
Фанфары
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар
мен қонақтар!
1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді
жыр етем, Бір өзіңде бақыт, білім,
берекем.
Шәкірттерің өрістесін,
өрлесін, Құтты болсын Білім күнің –
мерекең!
2-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер
ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп, Ұстазына жеткенше
сағынады.
2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл
қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп, Осы шақты аңсайды бүкіл
халық.
1-жүргізуші:
1 қыркүйек – айрықша мәні бар,
айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады.
Ол әсіресе,
бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды.
Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: 1- сыныбын білім әлеміне
апаратын ұстаз – Сейтказинова Алия Сталханқызы
/музыка әуенімен келіп
сапқа тұрады/
1-жүргізуші:
«Әрбір елдің келешегі-
мектебіне байланысты»-деп ағартушы Мағжан Жұмабаев
айтқандай, еліміздің болашағы мектебіміздің 11-сынып
оқушыларын ортаға шақырамыз.
/музыка/
2-жүргізуші: Бүлдіршіндер ертеңгі ел
мамандары,
Құтты болсын алғашқы
қадамдары!
1-жүргізуші: Құтты болсын басталған
оқу жылы, Құтты болсын, болашақ
баспалдағы!
Мектеп, тік тұр! ҚР
Мемлекеттік туы енгізілсін! / музыка/
2- жүргізуші:
Құрметті оқушылар, аяулы
ұстаздар, ата-аналар, қадірменді
қонақтар, мектеп өмірінде дәстүрге
айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық
деп жариялаймыз!
/ҚР мемлекеттік гимні орындалады/
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын
қонақтарымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер: /келген қонақтармен
таныстырады/
1. Жайнақ батыр округінің бас
маманы _____________________________
2. Ауылымыздың ақсақалы екі
бірдей немересі мектеп табалдырығын аттап
отырған Хакуев Солтамурит ата
3. 1
сынып ата – анасы Құнапия
Дариға
2-жүргізуші:
Абзал жандар,
биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, – дей келе, құттықтау сөз
мектеп директоры Балгимбаева Ғалия Ысқаққызына
беріледі.
1-жүргізуші: Ардақты асыл мекен
мектебіме, Аяулы асыл жандар көп келеді. Құрметпен қонақтарға сөз
берейік, Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.
2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау салтанатында
құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті
қонақтарында.
1-жүргізуші: Жайнақ батыр
округінің бас маманы
______________________
2-жүргізуші: Ауылымыздың
ақсақалы Хакуев Солтамурит ата
1-жүргізуші:
2017-2018 оқу жылының басталуы
туралы мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу – тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Акимқожанов Айдын Қасымбайұлына
беріледі.
Ән: « Мектебім, аяулы мектебім» Орынд: Жолтай
Маншүк
1-жүргізуші:
Өрендер кетер, сендерден енді
балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына
қаланып.
Келесі құттықтау сөз кезегі 11-сынып
оқушысы
Мектеп табалдырығын аттағалы
отырған жас бүлдіршіндерді құтттықтап, қадамдарыңызға гүл бітсін,
«Ақ жол» болсын деп тілек білдіруге
шақырамыз.
/11-сынып
оқушысы Ашаханова
Хава
Оқыған әпкелеріңіз
Қадірлі мектеп – бұл мектеп,
Сендердей біз де болғанбыз.
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін.
«Қоңырау» биі
2-жүргізуші: Ата-ана тәрбиелеп
балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын
деп – келесі сөз кезегі 1-сынып ата-аналары
атынан Құнапия
Дариғаға беріледі.
2-жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты да болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабың!
Сөз кезегі мектеп табалдырығын
алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге
беріледі.
1-жүргізуші:
Қағылмақ, міне, әуенге
бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау, Нұр
толқып жүзің, гүл толып құшақ, Шаттыққа толсын
омырау!
2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі
құрметпен 11-сынып оқушысы Жолтай
Абдурашит 1-сынып оқушылары Пашен
Ахметали және Хакуева Мадинаға беріледі.
/Қоңырау соғылып жатқан
сәтте…/
2-жүргізуші:
Қызыл гүл жайнады
төрімде,
Қызықты күнім де, кешім де.
Алғашқы қоңырау дауысы, Қалады мәңгілік
есімде.
1-жүргізуші: Алтын ұя – киелі
шаңырағым,
Мен өзіңе қашан да табынамын.
Алыс, жырақ өзіңнен кетсем
егер, Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын
2-жүргізуші: Сылдырла, сыңғырла тағы
да,
Шақыра білімнің бағына.
Бөбек пен түлек жұп болған,
Алғашқы қоңырау қағылды!
Мектеп,тік тұр!
ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!
2-жүргізуші: Ал енді 1-сынып оқушыларының
алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге
саяхатында сәт сапар!
/музыка әуенімен 1-сынып оқушылыры
кетеді/
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне
арналған «Мен
патриотпын» атты алғашқы сабаққа
шақырамыз.
1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты
жиынды жабық деп жариялаймыз!