Ұлытау облысы Сәтбаев
қаласы
«Нұрбөбек» бөбекжайы
КМҚК
Тусупбекова Назира
Жумагалиевна
«Көктем-ана,қыздар
гүл»
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме құрметті ақ жаулықты әжелер,
асыл Аналар, қадірлі ұстаздар, қызғалдақтай құлпырған
қыздар!Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл
мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты
болсын!Өздеріңізге арналған
мерекемізге қошкелдіңіздер.Сонымен,ортаңғы
тобының «Көктем-ана,қыздар гүл» атты
ертеңгілігін бастаймыз.
(Залға қолдарына гүл
шоқтарын ұстап ән әуенімен кіреді)
Ән: «Көп жаса
Анашым»
Жүргізуші:Сіздерден өскен
балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Хормен:
Құрметті
әже, аналар!
(Орындарына
отырады)
Жүргізуші:Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы
гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай
болса мерекеге көктемді
шақырайық.
(Әуенмен Көктем
кіреді)
Көктем:Сәлем, сәлем,
балақайлар,
Әзиз әже, назды аналар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы
аналар!
Жүргізуші:Салеметсіз бе ару
көктем!Ару көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып
мерекемізге келгеніңізге рахмет. Балалар сені көптен күтті. Саған
арнап дайындаған тақпақтарын қабыл
ал.
Көктем:Жарайсыңдар
балалар!
Көктем:(Орындықтын астынан
танғалып құс торғайды тауып
алады)
Балалар қараңдаршы мына жерде
торғай тығылып қалыпты.Көктемде құстар бізге ұшып келеді.Сол бізге
алғаш ұшып келген құс торғай. Балалар торғаймен ән
саламызба?
Балалар:Иә
Ән: «Көктем
келді»
Көктем:Жарайсыңдар балалар.Қандай
ақылды өнерлісіңдер.Сендердей тәрбиелеген аналарыңа рахмет!Енді мен
қайтайын Жүздерің балбұл жайнап гүлдей құлпырып жүре
беріңдер.8-Наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Сау
болындар балалар!
(Әуенмен Балапан
кіреді)
Жүргізуші:Сәлеметсің бе, Балапан!
Мұнда қайдан жүрсің?
Балапан:
Анамды
құттықтауға бара жатып адасып кеттім. Осы жерден өтіп бара жатып,
әуеннің дауысын естіп келдім.
Жүргізуші:Балапан сен уайымдама,
бізбен бірге көңіліңді көтеріп мерекеміздің қонағы бол.Анаңды бірге
іздеп тауып береміз. Иә балалар?
Балалар:Иә
(Әуенмен Сиыр
келеді)
Сиыр:
Сен неге
маған таңдана қарап тұрсың?
Балапан:
Сен менің
анамсың ба?
Сиыр:Менің қандай үлкен,биік
екенімді қара.Сенің анаң меннен әлдеқайда кіші.Менің төрт аяғым
бар.Алайда сенің анаңның екі аяғы мен екі қанаты
бар
Балапан:
Ой,менің
анам сізден кіші ма?
Жүргізуші:Балапан сен мұңайма анаң
табылады.
Балапан:
Жақсы.
Сиыр бүгін 8 наурыз аналар мерекесі екен.Мен балалардың өнерін
тамашалағым келіп тұр.
Жүргізуші:Қане балалар, олай болса
би билеп берейік!
Би:Бим-бам-бум
Сиыр:Рахмет сендерге балалар!
Менде анамды қатты жақсы көремін. Анама тез тез барып сыйлық алып
құттықтауға кеттім.Сау болыңдар!
Жүргізуші:Балалар, бүгін тек
аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі.
Біз әжеміз туралы тақпақтарымызды айтып мерекемен
құттықтайық!
Жүргізуші:Құрметті әжелер!
Ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар!
Ұлдар
биі:Джентельмен
(Әуенмен қарға
келеді)
Балапан: Анашым,анашым...(деп қарға
қарай жүгіреді) Сіздің екі аяғыңыз бен екі қанатыңыз бар.Сіз менің
анам болдыңыз ғой
Қарға:Ия,менің екі аяғым,екі қанатым
бар.Бірақ мен сенің анаң емеспін.Мен сенің анаңнан биік ұша
алам,оған қоса сенің анаң менен биік,аяғы менікінен ұзын.Және сенің
анаң мен сияқты қарқылдамайды...Қар-қар
Балапан:
Жылайды
Қарға: Сен,неге
жылайсың,қымбаттым?Мен саған
көмектесемін...дейді.
Жүргізуші:Қане балалар, олай болса
ойын ойнап берейік!
Қарға:Қайғырма,тағы да байқап
көр.Сен міндетті түрде анаңды табасын...(деп қарға ұшып
кетті)
(Әуенмен кукарику деген
дауыс шығады)
Балапан:Анамды ақыры таптым
ау,анашым,анашым (деп айқайлайды сыртқа шығып
кетеді)
Қыздар
биі:Шөжелерім
Балапан:Рахмет сендерге балалар!
Сау болыңдар!
Жүргізуші:Қандай керемет балапан
өз анасын тапты.
Еркелесем
күлімдейді,
Ұрысқаны
білінбейтін.
Маңдайымнан сипап
мені,
Құлыншағым күнім
дейтін.
-дей отыра ерке кыздарымызды
қарсы алыңыздар.
Қыздар әні трио :Ерке
қыз
Жүргізуші:Осымен көктемнің алғашқы
8 Наурыз мерекесіне арналған «Көктем-ана,қыздар гүл» атты
ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.Ана-өмірдің гүлі.Ана-әлемдегі ең
ардақты да,аяулы жан.Мерекелеріңіз құтты
болсын!!!
Ән:Топ топ
балақан