400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев І республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзінде: «Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек. Мемлекеттің тірегі-адал азаматтар.Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуы тиіс. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз бар. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек»-деді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т. Рысқұлов ауданының білім бөліміне қарасты

№ 6 мектеп гимназиясының

салтанатты ашылу сценарийі



(Мектеп, ұстаз тақырыбындағы көңілді әндер ойнап тұрады. Оқушылар сынып жетекшілерімен қатарға тұрғызылады ).


ФАНФАР

Би «Қазақ биі». «Әдемі-ау» бишілер тобы (хабарлаусыз)


Фанфар.

Жүргізушілер ортаға шығады.


Дулат: Қайырлы күн! Қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар !

Аружан: Сәлеметсіздер ме , өскен елдің өрелі ұрпақтары!

Дулат: : Құрметті қауым! Бүгінгі жаңа мектептің ашылу салтанаты Тұрар Рысқұлов ауданының 85 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп тұр. Атаулы мерекеге орай киелі Құлан жерінде жаңа білім шаңырағы бой көтеріп, мектеп ғимараты оқушыларға есігін айқара ашуда. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісімен бастау керек» деген болатын. Бұл пікір әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Ұл-қыздарымыз сапалы білім алу үшін оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Биыл мемлекет тарапынан білім саласына баса назар аударылды.

Аружан: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев І республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзінде: «Оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек. Мемлекеттің тірегі-адал азаматтар.Елімізде осы қағидаға негізделген жаңа қоғамдық этика орнығуы тиіс. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөз бар. Мектеп ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды балалардың бойына сіңіретін орталыққа айналуы керек»-деді.

Дулат: Иә, жас ұрпақ әділ, адал, үнемшіл, еңбекқор, білімпаз, отаншыл әрі жанашыр болуға ұмтылуы керек. Ұлттық жаңа сапасы дегеніміз – осы!

Аружан: Ендеше, баршамызға жаңа білім ошағының ашылуы құтты болсын! Іші дарынды, ақылды, мектептің абыройын асқақтататын оқушыларға толы болсын! Мектептің жаңа ұжымына сәттілік пен мол табыстар тілейміз!




Дулат:

Қазақстан! Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,
Құтты болсын, шәкірттер мерекеңіз!


Аружан: Құрметті қауым! Бүгінгі дүбірлі қуанышты бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонағымыз, облыс әкімі --------- құттықтау сөз беріледі.


( Облыс әкімінің құттықтау сөзі)


  • Жылы лебізіңізге көп рақмет!



  • Ортаға келесі құттықтау сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ----------- беріледі.

( Ардагерлер кеңесінің төрағасының құттықтау сөзі)


Дулат:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.


Аружан: Иә, мектеп деген-даналардың мекені! Қазіргі заманда біздің мақсатымыз ол тәрбиелі, өнегелі, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, білім сапасы жоғары халқымыздың асыл қазынасын салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп, отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің негізі мектептен басталатыны белгілі.


Аружан: Ендеше ортаға, Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас қанат» квартетінің орындауында «Мектебім» әні ( Артында би қойылымы)


Дулат: Әрбір бала - бір жұлдыз. Олардың жарқырап, сәулелі жұлдыз болып тек биіктен көрінулеріне ұстаздары да тілекші . Әр шәкіртінің жұлдыз болып жарқырауына үлкен себін тигізетін ұстаздар бүгін алғаш рет шәкірттерімен қауышып тұрғанына қуанышытымыз.


Аружан: Ендеше, көптен күткен салтанатты сәт таяп қалды. №6 мектеп-гимназиясының кілтін директордың міндетін атқарушы Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлына табысталады.


Фанфар

(Ауызы шарлармен байланған қораптың ауызын шешіп, ішіндегі кілтті мектепті салған мердігер мектеп директорына табыс етеді. Шарлар ұшып кетеді)


Дулат: Құрметті Ербол Шырақпайұлы, Асылбек Жасұзақұлы ! Мектептің салтанатты лента қию рәсімі өздеріңізге ұсынылады.


(Осы кезде екі жақтан қазақша киім киінген, қайшы мен лентаны табаққа салып әкелетін қыздар келеді. Музыка ойнап тұрады. Әкім тағы басқа мәртебелі қонақтар тұсау кесу рәсімін орындап мектептің ішіне қарай бет алады, әжелер шашу шашады, аралайды)


1. Фойеде домбырашылар күй ойнап отырады

2.Спорт залда спорттық іс-шара(сабақ үрдісі)

3. Бастауыш сынып кабинетінде сабақ үрдісі (Мұғалімнің аты-жөні)

4. Кітапханада іс-шара

5. Физика, химия, биология, информатика сабақ үрдісі( түрлі формада)


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі