Тақырыбы:
1001 мақал, 101 жұмбақ.
Мақсаты:
педагогтар
мен балалардың бірлесе жұмыс жасауына
ықпал ету, тілдік шеберліктерін арттыру,
ана тілімізді құрметтеуге
шақыру.
Көрнекілігі:
презентация
Жүргізуші:Халық
ауыз әдебиеті біздерге ұрпақтан –ұрпаққа
ауызша жетіп отырған, сол мұраны
ұрпақтарымыз ұмыт қалдырмас үшін алдыңғы
буын мына біздер соны дәріптеуіміз
керек. Ол үшін өзіміз жақсы білуге
тиіспіз.
Қатысушыларымызды
2 топқа бөліп алайық.
1
топ-«Асыл мұра»
2-топ
–«Бабалар аманаты»
Әділқазылар
алқасы:
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Олай
болса сайыстың кезеңдерін таныстырып
өтейін:
І-кезең – Сөз мәйегі-
мақал
ІІ-кезең
– Тапқыр
болсаң, тауып көр....
ІІІ-кезең
- Ой жүйрік.
ІV-кезең – Ойды
сөз қойғайды...
Жүргізуші:
-
Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі.
Онда халық тарихы, оның әлеуметтік
тіршілігі, ақыл-өнегесі тоғысқан. Халық
даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа
сиғызып, асқан шеберлік танытқан.
І-кезең
– Сәз мәйегі мақал
Екі топ мақал айтып жарысады.
ІІ-кезең
– Тапқыр болсаң, тауып
көр.
Жұмбақ– адамның ой-өрісін,
алғырлығын, білімін сынау мақсатында
нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап
сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ шешу – бір сәтке болсын күнделікті
қарабайыр тіршіліктен алыстатып,
зейініңізді, есте сақтау қабілетіңізді
арттырады. Ұсынылып отырған қызықты
жұмбақтар топтамасы арқылы миыңызды
шынықтырып, ой-өрісіңізді тереңдете
түсіңіздер.
Біреуін
тастап, мыңын ал.(дән)
Бір
есіктен енесің,
Үш
есіктен шығасың,
Шығасың
да кіресің.(Жейде)
Арасында
екі тас
Төрт
аяқпен жалғыз бас.(тасбақа)
Төрт
аяқты аң емес,
Қауырсынды
құс емес.(төсек)
Тісі
көп, бірақ ештеңе жемейді. (Тарақ)
Не
нәрсе барлық тілдей сөйлей алады.(Жаңғырық)
Мысықтан
бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады.
(Тышқан)
Тұмсығы
мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты.
(Үтік)
Сыпырамын,
сыпыра алмаймын,
Тазартамын, тазарта
алмаймын. (Көлеңке)
Жылмаң-жылмаң
етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді,
Із-міз
тастап кетеді. (Ине)
Басы
тарақ, арты орақ. (Әтеш)
Базарда
да сатылмас,
Таразыға тартылмас.
Ондай
тәтті табылмас. (Ұйқы).
Отыз
екі батырмыз,
Ел күзетіп жатырмыз.
Сапта
қатар тұрсақ та,
Құламаймыз бір
шақта. (Тіс)
Ашылып,
жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік)
ІІІ-кезең
- Ой жүйрік.
Ойлай
алмаған Тереңге бойлай алмайды.
Ойнап
сөйлесең де, ойлап сөйле.
Ойы
шолақ адамның ісі олақ. Ойна, жұмысты
да ойла.
Ойлай
берсең, ой да көп, сана да көп,
Ойнай
берсең, ой да жоқ, сана да жоқ.
ІV-кезең
– Ойды
сөз қозғайды.
ІV-кезеңнің
шарты: кезекпен әр топ жасырылған
жұмбақтың шешуін табады, ал келесі топ
жұмбақтың шешуіне мақал айтады. Ойлануға
10 секунд уақыт беріледі.
1. Екі көрші
бірін-бірі көрмейді. (Көз)
Көз қорқақ,
қол батыр.
2. Болса да көкте
мекені,
Кездеспейді екеуі. (Күн мен
ай)
Ағын су өлмейді,
Асқар тау
өлмейді.
Ай мен күн өлмейді,
Қара
жер өлмейді.
3. Жаурағанды күйдірер,
Аяғы
жоқты жүрдірер.
Өз еркіне жіберсең
–
Дүниені бүлдірер. (От)
Отан оттан
да ыстық.
4. Жұрттың бәрі соны
сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
(Күн)
Көп күлкісі күннен де жылы.
5.
Бар ма, жоқ па оны білмейсің,
Ол жоқ
жерде өмір сүрмейсің. (Ауа)
Туған
жердің ауасы да шипа.
6. Иілсең
иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды
кісіге
Ұқыпты ісіне. (Айна)
Айна
айна емес, халық айна.
Жүргізуші:
-
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда -
демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз
тобы да анықталды.
.
Жүргізуші:
-
Мына бір түйіннің шешуін тауып көріңіз.
1.
Ең тәтті де, ең ащы да, ең жұмсақ та, ең
қатты да не? (ТІЛ).
- Түйіннің шешуі
неліктен тіл деп ойлайсыз?
Жүргізуші:
Әрбір
тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана
тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер
балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік – деп,
1001
мақал, 101 жұмбақ сайысын аяқтаймыз.
Б
екітемін
"Қарлығаш" балалар
бақшасының директоры Г.Қ.Мурзабаева
Әдіскер: Р.Д.Наубаева