№6 «Нұрай»
балабақшасы
«Қош келдің, Әз
Наурыз!»
№8 «Еркемай»
тобы
Тәрбиеші: Галиева
С.Е.
Абилкадырова
З.А.
Ән – күй жетекшісі: Бортасова
А.А.
Көкшетау
қаласы
Тақырыбы: Қош келдің, Әз
Наурыз!
Мақсаты: Қазақ халқының Наурыз мерекесі
туралы толық білуге талпындырып, ұлттық салт -дәстүрлерді, әдет-
ғұрыптарды, үлкендерді сыйлауға, кішілерге ізет көрсетуге
тәрбиелеу. Балалардың жеке ән салу, тақпақтарды мәнерлеп айта білу
қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Мерекеге сай
безендіру
Жүргізуші: Ілесіп наурыз бен көктем
жетсін
Көңілін үлкен кіші көкке
өрлетсін
Еңсесі көтеріліп ер
азамат
Ескі жылмен реніш, өкпе
кетсін
Жаңа жыл құтты болсын! Наурыз
тек қана жақсылығын, жақсы жаңалығын әкелсін! Еліміз тәуелсіздік
алғаннан бері Наурыз мерекесін айрықша өткізіп келеді. Наурыздың
22-ші жұлдызында күн мен түн теңеледі. Қыс өтіп, көктем келіп мал
төлдейді.
Назым: Наурыз- жаңа күн, жыл басы,
жаңа жылдың бірінші күні. Ескі жылдағы өкпе араздықты ұмытып, «Ұлыс
оң болсын, бәле жала жерге енсін, ақ мол болсын, ел тоқ болсын!»
деседі.
Жан: Наурыз тойының мақсаты –
халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже
жасайды. Үлкен кіші бір-бірін кешіріп, төс
қағыстырған.
(музыка әуенімен Алдар көсе
кіреді)
Алдар
көсе: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен
Наурызбай ауылына бара жатыр едім. Ол жақта наурыз мерекесі болғалы
жатыр.
Жүргізуші: Ия алдар көсе жаңа ғана
балалармен осы наурыз мейрамы туралы айтып жатқан едік. Олай болса
алдар көсе бізде сізбен бірге Наурызбай аулына барып меркені
тамашалайық. Балалар Наурыз мерекесінің қалай өтетінін балалар өз
көздерімен көріп тамашаласын.
Әже
1:Тамыры терең , дәстүрі
жаңарған мейрамның біз үшін маңызы өте зор. Сондықтан, ертеде ата-
бабамыз көтерілген күнге қарап тәу еткен, жақсылық
тілеген.
Армысың, қайырымды күн
ана!
Атар таңға, шығар
күнге
Тәу-
тәу!!!
Басымызға
амандық
Елімізге береке дарыта
көр
Тәу-тәу!!!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Әже! Сіздерде
наурыз мейрамына қызу дайындық жүріп жатқан сияқты. Сіз не істеп
жатырсыз
Әже: Ой балам несін сұрайсын өзің
көріп тұрғандай біз Наурыз мерекесіне дайындалып жатырмыз. Наурыз
көже дайындап жатырмын.
Жүргізуші: Наурыз көже, Наурыз көжені
қалай дайындайсыз маған дайындалу жолын айтып
беріңізші.
Әже: Наурыз көже Наурыз
мерекесіндегі ұлттық тағамның бірі. Наурыз көженің құрамы әртүрлі
дәннен, әртүрлі дәмнен құралады. Бидай, тары, бұршақ, сүрленген ет,
сүт, айран, тұз жеті дәмнен құралуы керек. Наурыз көжеге арнап
соғымның жамбасы, жая, қазы қарта сақталады. Оны «сүр»
дейді.
Ән:
«Наурыз»
Жүргізуші: Әже бізде сіздерге жай келген
жоқпыз. Балалармен бірге наурыз мерекесін қарсы алып өздерінің
өнерлерін көрсетуге келді
Би: «Қыздар
биі»
(Әдемі музыка ойналады осы
кезде Тазша бала кіреді)
Тазша
бала: Күн мен айға
әлемнің
Берем ыстық
сәлемін
Қарттарыма
сүйеніп
Сәлем берем
иіліп
Сәлеметсіңдер ме, балалар,
туған туыстар? Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Балалар мерекеден
қалып қоямын ба деп құмырсқаға мініп тез жеттім. Жолда Қыдыр атаны
көрдім. Осы Наурызбай аулына келе жатыр.
Қыдыр
ата: Амансыңдар балалар! Барша
жиналған қауым. Жер ананың жібіп, көктің шығатын мезгілінде келіп
жеткен Наурыз мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Тазша бала бүгінгі мерекеде ән
шырқалды, балалар өлең жырларын да айтты. Ендігі кезекті ойынға
берсек қайтеді.
Тазша
бала: Бәрекелді! Дұрыс айтасың мен
оны ұмытып кетіппінғой! Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды
білесіңдер?
Балалар: «Қыз қуу», «теңге алу», «арқан
тарту» «Ақ сүйек» «Көкпар»
Тазша
бала: Олай болса балалар мен
сендерге өзіміздің ұлттық ойынымыз «Арқан
тарту» ойынын ала келдім. Бұл ойында
ұлдарымыздың жүйрік, жылдам екенін және білектерінің күшін сынау
үшін осы ойынды сендермен ойнағым келіп
тұр.
Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың
наурыз мейрамына арналған тақпақтарын
тыңдаңыздар.
()
Ән: «Той, той
Наурыз»
Салт-дәстүр: «Бесікке
салу» (Әже ортаға шығып бесікке салу
рәсімін көрсетеді)
Би:
«Батырлар»
Жүргізуші: Балалар, Наурыз мейрамында ата
– бабаларымыз, үлкендер бір – біріне жақсы тілектер айтқан. Олай
болса бізде бір – бірімізге жақсы тілектер
айтайық...
Қыдыр
ата:
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын,
Қайда барсақ жол
болсын!
Ұлыс бақты
болсын!
Төрт түлік ақты
болсын,
Ұлыс береке
берсін,
Бәле-жала жерге
енсін!
Ұлы халқым тоқ
болсын!
Көйлектерің көк
болсын!
Қайғы уайым жоқ
болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!
Ал, балалар менің кететін
уақытым келді. Жолға дайындалуым керек. Сендерге көп рахмет.
(осыдан кейін кетеді)
Тазша
бала: Қыдыр ата менде сізбен брге
жолға шығайын. Ел аралап наурыз мерекесін
тамашалайық.
Жүргізуші: Наурызбенен ұласып көктем
жеткен
Үлкен –кіші көңілін көкке
өрлеткен
Жан –жануар табиғатты
түрлентіп
Ескі жылмен, реніш өкпе
кеткен!
Сәулесі бар Наурызда таңғы
үміттің
Басын қосқан сан адам сан
ғұрыптың
Ұлыстың ұлы күнін паш
етейік
Белгісін достықпенен
мәңгіліктің, - дей отырып бүгінгі наурыз мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сау
болыңыздар!