Материалдар / Сценарий 4 сынып бастауышпен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий 4 сынып бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныппен қоштасу дайын сенарий.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2024
545
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бала шақтан болашаққа» атты бастауышпен қоштасу кешінің жүргізілу барысы


Өтетін күні: 18.05.2023

Өтетін орны: №13 мектеп мәжіліс залы

Уақыты: 9.00

Жүргізушілер:

1.Мерей

2.Дарина

3.Медина


/Сахнаға үш жүргізуші шығады./


Мерей: Қыздар, біздің сыныптың ұл-қыздары қайда жүр? Ұстаздар қауымы да, ата-аналарымыз да, қонақтарымыз да келді. Ал біздің балалар әлі жоқ.


Дарина: Концерт басталғанға санаулы ғана уақыт қалды. Мүмкін хабарласып көреміз?


Медина: Жиырма үшіне хабарласып болғанша концертіміз де аяқталып қалады ғой.

/Осы кезде интербелсенді тақтадан сыныптың оқушылары көрсетіледі./

1. Дүкенде-3оқушы

2. Асханада-4оқушы

3. Әткеншек-3оқушы

4. Асық-4оқушы

5.Ерегес- 3 оқушы

6. Үлкен мектепті аралап көру 3оқушы

7. Көмектесу-3оқушы


Мерей: Мыналар біздің сыныптың оқушылары ғой. Қараңдар.


Дарина: Иә. Концертіміз әне-міне дегенше басталады. Ал бұлар болса дүкенде жүр. Дүкенге концерттен шыққан соң да баруға болады ғой. Қызық өздері.

/осы сәтте сахнаға 3 оқушы жүгіріп шығады/


Мерей: Жігіттер сендер қайда жүрсіңдер?! Тездетіңдер.


Медина: Міне тағы біразы. Концертке дейін ауқаттанып алайық деп отыр-ау шамасы. Концерттің басталып кеткені, қонақтарымыздың күтіп отырғаны естерінен шығып кеткен сияқты.

/осы сәтте сахнаға 4 оқушы жүгіріп шығады/


Дарина: Тездетіп орындарыңа тұра қалыңдар.


Мерей: Дамирлан қыздарды әткеншекте тербетіп, ал қыздар болса мәз. Балабақшадағы сәби күндері естеріне түсіп кетті-ау деймін. Бастауыш сыныпты қимай жүрген сияқты.

/осы сәтте сахнаға 3 оқушы жүгіріп шығады/


Медина: Бүгін барлықтарыңа не болған?


Дарина: Бұл қалай болғаны?! Бәрі бүгін дүкен аралап, әткеншек теуіп, енді бірі асық ойнап кеткендері несі? Барлығын дәл бүгін жасау керек педі?

/осы сәтте сахнаға 4 оқушы жүгіріп шығады/

Мерей: Сонша ойнағанда неше асық ұттыңдар?


Медина: Біздің жігіттер сыныптың қыздарына қандай қамқор. Басқа сыныптың балалары біздің сыныптың қызына тиіскен-ау шамасы. Содан ерегесіп тұрған сияқты.

/осы сәтте сахнаға 3 оқушы жүгіріп шығады/


Дарина: Біздің балалар үлкен мектепте не істеп жүр? Құдды бір мұражай аралап жүргендей. Өздерінің алдағы уақытта оқитын жерлерімен танысып жүр-ау. Асығатын түрлері жоқ.

/осы сәтте сахнаға 3 оқушы жүгіріп шығады/

Мерей: Жиналып қалған сияқтымыз. Тағы екі-үшеуі қайда?


Медина: Жарайсыңдар қыздар! Үлкендерге көмектескен әрине жақсы, бірақ концертіміздің басталуына санаулы ғана уақыт қалды.

/осы сәтте сахнаға 3 оқушы жүгіріп шығып, барлығы екі жақ қатарға әдемі ретпен тұрады./


Дарина: Барлығымыз да келген сияқтымыз.


Мерей: Құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! «Бала шақтан болашаққа» атты 4 «А» сыныбының бастауышпен қоштасу кешіне қош келдіңіздер! /бірге айтады/


/ГИМН орындалады/


Дарина: Сендерге бір сұрақ қойсам бола ма?


Медина, Мерей: Әрине. Құлағымыз сенде.


Дарина: Жер жүзінде жеті керемет барын бәріміз білеміз. Осы жеті кереметті басқаша атаңдар десе, сендер бірінші керемет деп нені немесе кімді атар едіңдер?


Медина: Ойлануды қажет ететін сауал екен. Дегенмен, мен бірінші керемет деп ойланбастан маған дүниенің жарығын сыйлаған ата-анамды айтатын едім.


Мерей: Мединаның айтқанымен толық қосылам. Мен үшін де баға жетпес бірінші керемет ата-анам.


Дарина: Сендердің ойларыңды білдім. Ал, сыныптастарымыз бұл сауалға қалай жауап берер екен? Кәне достар, қайсың атап бере аласыңдар?

/Осы кезде Томирис қолын көтереді/

Томирис: Мен өз ойымды айтсам бола ма?

Мен үшін де бірінші керемет ол-ата-анам.

Ал екінші керемет білім мен тәрбиенің қара шаңырағы аталатын-алтын ұя мектебім.

Үшінші керемет сол алтын ұяның жүрегі, білім шаңырағының кілті ұстаз.

Төртінші керемет ол біздің баға жетпес болашағымыз.

Бесінші керемет осындай Тәуелсіз күннің жарығын сыйлаған, ер жүректі батыр бабаларым.

Алтыншы керемет Нұрлы жолдағы Мәңгілік Ел, Тәуелсіз, бейбіт ел, сан ұлтты бір шаңырақтың астына жинаған бірлігі жарасқан, балалары алаңсыз білім алып отырған біздің Отанымыз Қазақстан.

Жетінші керемет 4 жыл бойы білім теңізінде бір кемемен жүзген, ұйымшылдықтары мен достықтары жарасқан сыныптастарым, достарым.



Дарина: Керемет жауап. Олай болса, біз бастаймыз. /Бірге/

/Сахнада 3 жүргізуші ғана қалады. Оқушылар өз орындарында тұра береді./


Медина:

Ата-ана деген баланың-

Асқар тауы биігі

Бала деген ата-ананың,

Ойнақтаған киігі


Мерей:

Ата-ана деген баланың,

Мәуелі бастар шың басы

Бала деген ата-ананың

Өмірінің жалғасы.


Дарина: Бәріміз үшін де бірінші керемет саналатын ата-аналар жайлы өлеңдер топтамасын тыңдап көрсек қалай қарайсыңдар.

/Ата-аналар туралы өлеңдер топтамасы/

  1. Уасима

О, Ана!

Неткен ғажап есім ең!

Сен дегенде елжіреп,

Сен дегенде көсілем.

Сен дегенде шалқимын

Болаттай жанып балқимын,

Ақшақардай айналып,

Қыр гүліндей жайқалып

Самалың боп аңқимын

  1. Рамазан

О,Ана!

Неткен ұлы есім ең!

Тұрса да қажып тағдыры,

Бар шаттығым-бала деп,

Тәнін торлап таң нұры,

Мін бақпай ұрпақ өсірген.

Бар қатені кешірген,

Жасайды мәңгі аруана

Жалғасып тарих көшімен


  1. Томирис

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.


Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.




  1. Жәмила

Әкем біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке, көрген емен

Қабақтарын шытқанын, түнергенін.


Әке – білек, саусағы – балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары,

Ана - тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.


  1. Әділет

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің.

Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.


Ана деген- асыл жандар болаттай

Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.


  1. Дамир

Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап, 
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап. 
Ортада Сіздер барда дара шыңдай, 
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ. 

Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де, 
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
 
Жүреміз жалғастырып дәстүріңді,
 
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
 


/ «Ана тілім –тұғырым» әні Ілияс, Алан, Нұрдәулет, Дамерлан/


Медина: Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына байланысты. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.


Мерей: Біз үшін екінші керемет саналатын алтын ұя мектебімізге айтар алғысымыз шексіз.


/Мектеп туралы өлеңдер топтамасы/


  1. Әрсен

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.

  1. Жантолы

Білім берген алтын ұя мектебім,

Мен өзіңнен тәрбие алып көктедім.

Балалықтың әрбір қызық сәттерін,

Мектеп үйім мен өзіңде өткердім


Сенен білім алатын мен балғының

Арналады бір өзіңе ән-жырым.

Ұлы мектеп білімнің құт-мекені,

Ақыл етіп шығаратын барлығын.


  1. Нұрдәулет

Бақытым самғасам да, көгімде ұшар,

Мектебім жүрегімнің төріндесің,

Өзіннен бастау алған бала сезім.

Білемін еш уақытта жеңілмесін.


Өмірдің қол созғанмен жаңасынан,

Өткеннің кім жете алар бағасына.

Кешегі арман қуған күн алыста,

Кеттің-ау сағым жылдар арасында .


  1. Ернұр

Мектебім - алтын ұям, құт босағам,

Білімге бастау алдым осы арадан

Жалықпай табасың деп сен үйреттің

Шешуін қиындықтың тосар алдан.


Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,

Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.

Анамның құшағындай елжіретер,

Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?


  1. Дильназ

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.


Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.


Мерей: Мектептің жүрегі ол әрине ұстаздар қауымы. Сынып жетекшімізге, сондай –ақ орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, музыка, дене шынықтыру пәндерінен беретін ұстаздарымызға мың алғыс айтамыз. Олай болса, ұстаздарымыздың құрметіне «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


/ «Ұстазым» әні орындалады. ҚЫЗДАР/




Дарина: Медина, сен үшін ұстаз деген кім?


Медина: Мен үшін ұстаз алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, қолымызға қалам ұстауды үйреткен, біздің әр қателігімізді кешіріп, әр жеткен жетістіктеріміз үшін қуанған, бізді өз баласындай көретін үшінші керемет иесі.


/Ұстаз туралы өлеңдер топтамасы/

  1. Балжан

Мейірімді шапағатын тербеткен,

Арманға асқар құлашымды серметкен.

Мен бақытты балдырғаның саяңда,

Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.

Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,

Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.

Әліппені жаттатқызған, ұстазым,

Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.

  1. Аделья

Мұғалім ардақты ұмытылмас,

Өзіме бала к

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!