Арулар – асыл
жандар!
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер,
өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен
құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,
ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей
білуге үйрету.
Көрнекілігі:
аналар жайлы нақыл
сөздер,мақал-мәтелдер.
Мұғалім: Қымбат, бүгін көңіл – күйің
ерекше ғой. Қуанып тұрғаныңның сыры
неде?
Оқушы: Аналардың жүздері бал – бұл
жайнап, жылылық пен мейірімділік жанға жақсылық сыйласа қалайша
қуанбайын.
-Ал сіз қандай көңіл –
күйдесіз?
Мұғалім: Анасы бар адамдар қартаймайды
деген рас екен – ау. Аналар мен балалардың жарқын жанарларына
қарап, бақытты тапқандарына риза болып
тұрмын.
Оқушы: Ендеше, бүгінгі мерекеміз
аналардың, арулардың құрметіне арналады дегіңіз келіп тұр ғой.
Жігіттердің бірін шақырып анаға арнаған өлең
тыңдайық.
Мұғалім: 3ғ сыныбының оқушысы Қалкенов
Бақтияр М.Жұмабаевтың «Ана» өлеңі.
Оқушы:Қабыл алыңыздар. Бұл өлең
сіздерге арналады. Асыл аналар, құрметті
қонақтар!
-
Қалкенов Бақтияр
М.Жұмабаевтың «Ана» өлеңі.
-
Қадырова Қымбат, Кабдулова
Әминә «Асыл әжем» әні.
-
Ана туралы тақпақтарын
оқу.
(музыка баяу
орындалады)
Оқушы:Ананың тілі, ананың
махаббатты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес
пе?
Мұғалім: Па, шіркін, ананың айналып –
толғанғаны кімнің есінен кетеді.
Оқушы:Шырылдап жерге түскенен – ақ
сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың
бар.
Мұғалім:Ол – ана: қара жерді баспай
жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап
уанбай, жылап іздейтінің – ана.
Оқушы: Сен жан болып дүниеге келдің.
Сенің іздейтінің бір – ақ жан.
Мұғалім: Ол ана. Ол саған бәрінен де
қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де
үлкен.
Оқушы: Сондықтан да сен бір – ақ
жанды білесің. Ол – ана.
Мұғалім: Міне, анаға деген махаббат
сенің құндақта жатқан күніңнен ақ басталады. Ананың жолы
басқа.
Оқушы: Ана деген сөздің өзі ыстық.
Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға
мүмкін емес!
Мұғалім: Мен білетін қазақ
әйелі-қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің
нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз
биік.
-
Сахналық
көрініс
«Әжесі мен Бағлан» (Дана мен
Жансерік)
- Жүрегім кім
менің?
- Мен!
- Тірегім кім
менің?
- Мен!
- Сәнім кім
менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан
қозым,
Не деген тәтті баласың
өзің!
Ой, қарғам
менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен
емес!
Жо... жоқ, қарға
болмаймын,
Керегі жоқ
ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ»
етеді,
Алысқа ұшып
кетеді.
Қасыңда боп
әрдайым,
Мен ешқайда
бармаймын.
-
Қыздарға гүл сыйлау ойыны
(музыка)
-
Ана туралы тақпақтарын
оқу.
Оқушы: Тіршілікке нәр берген ана сүті
қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек
мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Құрметті
аналар! Сідерді ойынға шақырамын. 3 ана, 3 бала ортаға
келіңіздер.
(Балалардың көзі жабылып, өз
аналарын сипап тауып алулары қажет)
-
3 сынып оқушыларының
биі
-
Аналарға сыйлық
тапсыру
-
Ана туралы жыр.
Хор.
Мұғалім: Құрметті аналар! 8-наурыз
халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан
сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні
өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре
беріңіздер.
Оқушы: Құрметті қонақтар ,біздің «
Арулар асыл жандар!» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Көбелек
биі.
I
–бөлім
Көбелек:
Мұғалім:
Көбелек:
-
Сәлеметсіз
бе?
-
Балалар айтыңдаршы, бүгін
аналардың мерекесі ғой, иә солай
ма?
-
Онда мен анама мына гүлді ме,
әлде мына әсем гүлдерден сыйласам ба
екен.
-
Қалай, дұрыс па
балалар?
-
Ойым дұрыс
па?
Мұғалім:
Көбелек:
Мұғалім: Әрине
тамашалаймыз.
Көбелек:
II –бөлім
Ерке
қыз:
- Қандай әдемі көбелектер!
Керемет, сұлуын – ай!
- Сәлеметсіз
бе?
- Сен қандай
әдемісің!
- Қарашы, қанатың қандай
әдемі!
- Мен де сен сияқты болғым
келеді!
Көбелек:
Ерке
қыз:
Көбелек:
Ерке
қыз:
Көбелек:
Ерке
қыз:
Көбелек:
Ерке
қыз:
-Жоқ,сен түсінбей тұрған
шығарсың мені.
Көбелек:
-Менің түсінігімше сен бақытты
даладан іздеп жүрген секілдісің.Жоқ,олай емес бақыт деген үйіңдегі
анашың, мейрімді достарың,уайымсыз, қайғысыз жүргенің.Міне осы
бақыт дегенің.
Ерке
қыз:
-Шынымды айтсам көбелек мен
анамды қатты сағынып кеттім.
Көбелек:
-Жүр онда ерке қыз анаң күтіп
қалған болар.