400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий 8 наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

3Шуағын шашқан - "Аяулы анашым"

Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы 
Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.
1 бала: Жігіттер мында не болып жатыр? Мадияр

2 бала: Неге ата-аналар жиналды екен? Алипов Санжар
3 бала: Бүгін не мереке ме?
Орумбай Санжар
4 бала: Әрине, Аналар мерекесі ғой, қыздар қайда?
Альтаир
5 бала: Ой, қыздарды қайтесіндер, Олардың бәрі бұзық қой. 
Аңсат
6 бала: Қыздар бұзық емес, олар ерке.
 Сарсенбай Санжар
7 бала: Қыздар бізге керек. 
Мадияр
8 бала: Онда қыздарымыз қайда екен? 
Сарсенбай Санжар
9 бала: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар. 
Аңсат
10 бала: Онда қыздарымызды шапалақтап ортаға шақырайық.
 Алипов Санжар

Жүргізуші: Ернар

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі вальс биі,

Таң қалдырып қанекей би белендер.
Музыка әуенімен ұлдар қыздармен вальс билейді.


Жүргізуші: Ілияс

Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, ардақты ұстаздар, аяулы қыздар! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы жүздеріңіз жарқын болсын! Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақ:
Камила: Жанымызды жайнатқан,
              Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
              Тілейміз біз балалар.

Байжан:: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ  мамам!» - деп, шаттанам 
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
              «Бөпешім!»- деп жатпаған.

Сабина: Теңдесі жоқ данасың, 
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.


Хаким: Аналарды сүйеміз, 
                Сөзін ойға түйеміз.
                Әжені де ардақтап,
                Әдеппен бас иеміз.

Жүргізуші: Ілияс
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз.


ХОР: «Ақ мамам»


Жүргізуші: Ернар

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.


Тақпақ:

Амина: Сенен өскен балалар 

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!


Зейд: Үлкен, кіші әркімде 

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!


Елубай Жансая: Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.


Иманали: Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім


Фердаус: Титтей бөбек кезімнен 

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «ана» дегізген


Ән: « »

Жүргізуші: Ілияс

Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі - дей келе аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік!
Тақпақ:

Әбдулкарим: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.


Жақсылық Амина: Наурыздың сегізі, 

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізім.

Нурали: Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам


Даяна: Мәпелеп мені өсірген 

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде


Ануар: Ана деп күнде ән салам 

Ауылға бүкіл жар салам

Қуанту үшін анамды

Күнде-күнде бес алам


Жүргізушілер: Ілияс ( галстугін дұрыстап)Азамат маған қарашы мен әдімімім бе?
               
Ернар: И....и...Ілияс саған не болған?
               
Ілияс: Не болушы еді,  қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші           

     Бірге: Олай болса қыздардың орындауында  

Жүргізуші: Ернар

Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін .

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер қонақтарың.


Би: « »


Жүргізуші: Ильяс

Бүгін аналардың мерекесі ғана емес,әжелердің де мерекесі.Бүгінгі қариясы бар үйдің,қазынасы бар дегендей әжелер әзіліне кезек берейік.


Әзіл: «Әжелер»


1 әже:(Чип –чип әні)

Мадияр

Немерем менің блатной

Күндіз тыным таппайды

«Видик көру керек » деп

Кешкі ұйқыға жатпайды

2 әже:(Қызыл өрік әні)

Аңсат

Немерем менің кір-кір боп

Үйдің бетін көрмейді

«Киндр» сатып әпер деп

Еш тыныштық бермейді

1 әже:(Т.Төреалі «Бол жанымда»)

Мадияр

Немерем менің ән салса

Махаббат деп айтады

Қызың бар ма деп едім

«Жоқ» деп басын шайқады.

2 әже: (Ойпырым-ай)

Аңсат 

Келіндер келіп қапты ғой

Біз де үйге кетейік

Немере шіркін тәтті ғой

Барына шүкір етейік


Жүргізуші: Ернар

Немере деген балдай ғой

Тәттілігі шайдай ғой! Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын. Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер.


Жүргізуші: Ілияс

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.

ХОР: «Әже»

Тақпақ:

Асанали: Сыйлаймын мен жырымды, 

Саған арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын Ақ анам!

Саида: Еркелесем күнім дейтін, 

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін. 


Аруна: Айналайын, Анашым, 

Аялайсың, бағасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың


Аяулым: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Мусина Жансая:  Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!


Мөлдір: Ойнаймыз күлеміз 
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.

Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.

Жүргізуші: Ернар

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Жүргізуші: Ильяс

Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет Енді балалар аналарымызға арнап жапсырып жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
4265
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі