400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

СЦЕНАРИЙ 8 НАУРЫЗ "Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз "халықаралық әйелдер күніне арналған балабақша сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 наурыз аналар мерекесіне арналған

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

Музыка залы әсем безендірілген

Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!

Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар

мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз

жайдарлы бола берсін дейміз!

1бала:Қымбатты әжелер, аналар

Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән: «Ақ мамам»

Әннің соңында отырады

Тақпақтар:

1бала: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерді ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

2бала: Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ мамам!» - деп, шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

«Бөпешім!»- деп жатпаған.

Жүрг:

Ішке әуен ырғағымен Көбелек кіреді

Көбелек: Мына гүлдердің әдемісін-ай!Иісін-ай өздерінің!Көктем қандай көркем тамаша мезгіл!

Жүргізуші.Көктем келіп,бізге дүниеге әдемі көбелекте ұшып келіп қалыпты.Сәлеметсің бе,көбелек!

Көбелек: Сәлеметсің бе!Балалар айтыңдаршы бүгін аналардың мерекесі ғой иә?Мен анама мына әсем гүлдерді сыйласам ба екен?Дұрыс па балалар?

Жүргізуші: Бірақ та,көбелек сен өзіңде гүл сияқты әдемісің ғой,гүлден-гүлге қонып әдемі өзіңнің сұлулығыңмен табиғатымызға әсем бересің.

Көбелек: Рақмет сізге!Балалар мен сендерге өзім ғана келмей мен секілді өсіп келе жатқан сіңілілерімді ала келдім,қанеки солардың өнерлерін тамашалаңдар!Қанеки көбелектер келе қойыңдар!

Би: «Гүлдер » қыздар қолшатырмен би

Жүргізуші. Өте әдемі тамаша,рақмет сендерге гүлдер!

Жүргізуші. Иә балалар, ана әрқашанда ең аяулы жан болып табылады.Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді.

8 - наурыз барлық бала аналарына сыйлық сыйлауға тырысады. Әрбір бала анасын қуантуға тырысады.


Жүргізуші: Ана үшін ең қымбат жан-бала. Қиын сәттерде қасынан табылатында,қорғайтында анамыз.Сондықтан да анамыздың жүзінен күлкі кетпесін.


1-бала: Сегізінші наурыз келді,

Шаттық сезім, ой келді.

Қуанышты күні енді,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жанымызды жайнатқан,

Сіздер ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз аналар.

2-бала: Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған

Сақтандырып күнде еккен

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс

3-бала: Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

4-бала: Адал бол деп-балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат

Тілегің де мархаббат

Анамызға мың алғыс

Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп

Сай салада ағады

Бүршік шашып

Жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады...

Мал маңырап, төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: Көктемде!

Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Көктем кіреді.

Көктем: Армысыздар балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар балақайлар

Мен құлпырған көктеммін

Келіп жеттім мейраммен

Шаттаныңдар мейірімді аналар

Бұл мейрам сіздер үшін арналар.

Жүргізуші: Рахмет, сізге Көктем біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ-әндері мен билері де бар.


ӘН. «Көктемде»

1-бала: Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз алуан,

Шығып алып көк белге


2-бала:Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп

Күн ашылса болғаны,

Көлдеңдейді көбелек.


3-бала:Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып

Қызғалдақ боп құлпырап

Көктем – біздің балалық.


Би: «Көктем келді»


Көктем: Мен де балаларға мерекелік көңіл күй әкелдім .Менің сіздерге әкелген ойыным бар. Ол ойынның аты «Кім жылдам»


Ойын : «Кім жылдам».


Шарты. Отырған қыздарға ұлдар бас орамалы мен алжапқышты тез киіндіру қажет. Кім жылдам киіндірсе сол жеңіске жетеді.


Жүргізуші.Құрметті Көктем біздің балалар аналарына қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыс еткісі келіп отыр.

(Балалар аналарына сыйлықтарын табыс етеді)

Көктем мен Көбелек қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер

Біздің балаларымыздың дайындаған

Мерекелік шарамыз аяқталды!

Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
21.02.2023
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі