Сценарий Абайдың қара сөздеріне арналған « Болмасаң да ұқсап бақ» атты оқу сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий Абайдың қара сөздеріне арналған « Болмасаң да ұқсап бақ» атты оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№42 орта мектеп ММ қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Сергазинова Г.О.



8 сынып оқушылары арасындағы өткен қалалық мәнерлеп оқу сайысы



Абайдың қара сөздеріне арналған « Болмасаң да ұқсап бақ» атты оқу сайысы



Мақсаты: Абайдың қара сөздерін дәріптеу.

Оқушылардың өнерін, шығармашылығын шыңдау.



Міндеттері;

  1. Ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізе білу.

  2. Оқушылардың сахнада өзін-өзі ұстай білу шеберлігін дамыту.

  3. Ақынның шығармасын оқуда ынтасы бар таланттарды табу.

















Өскемен қаласы, 2011 жыл











Абайдың қара сөздеріне арналған «Болмасаң да ұқсап бақ» атты оқу сайысы

Олжас: «Болмасаң да ұқсап бақ» атты Абайдың «қара сөздерін» оқу сайысына Қош Келдіңіздер!!!

Би: Көшпенділер

Еркежан: Сөз кезегі №42 орта мектептің директор орынбасары Габдрасулина Айгул Абдильдиновнаға беріледі.

Мадияр « Өлсем орным қара жер..»

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махабат, ғадауатпен майдандасқан

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?

Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан

Жерін тауып, артқыға сөз болмай ма?

Сонда жауап бере алман мен бейшара,

Сіздерге еркін тиер, байқап қара.

Екі күймек бір жанға әділет пе?

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Жүрегінің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,

Етекбасты көп көрдім елден бірақ.

Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске ктермін түк өндірмей.

Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей

Олжас: «Өлді деуге болама, ойлаңдаршы, өлмейтұғын

артында сөз қалдырған»,- деп төрелігін өзі шешкен Абай

бүгін жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты – асыл сөздері.

Еркежан: Бүгін сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Олжас: әділқазылар төрайымы қалалық қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің әдіскері Сахариева Гүлнәр Сейсеновна.

Еркежан: №14 орта мектептің мұғалімі , қазақ әдебиеті шығармашылық топ жетекшісі Салаева Тұрмыс Асхатовна

36 орта мектептің мұғалімі Нургалиева Динара Қинаятовна

17 орта мектептің мұғалімі Ракижаева Рабиға Молдагаровна

7 орта мектептің мұғалімі Жакиянова Жанна Мәдениетовна

42 орта мектептің мұғалімі Сергазинова Гүлнәр Орынбасаровна

Олжас: Жүйрікпен жүйрік өзара жарысқанда

Құрбылар бір бірімен қалысқанба

Әділқазы сіздерге сенеміз біз

Әділін дұрыс шешсін жарысқанда.

Келесі сөз әділқазылар төрайымы қалалық қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің әдіскері Сахариева Гүлнәр Сейсеновна

Еркежан:Бастайық сайыс сәнін,

Тілімнің арта түссін айбыны деп.

Сайыстың тарландары ортаға сал

Тілімнің тірлік көзі екендігін

Сөз кезегі сендерге сайыскерлер.

Сахнаға №1 сайыскер шақырылады.№2 сайыскер дайын отырсын.

Сахнаға №2 сайыскер шақырылады №3 сайыскер дайын отырсын..................................................................................

Олжас: Абай біздің Данышпан,

Алға бастап шуақ шашар нұрымыз,

Сусындайтын мөлдір бұлақ суымыз,

Мәуелі бақ, мәңгі жасыл нуымыз,

Биік ұстар тәуелсіздік туымыз.

Еркежан: Сайысымыздың 2- кезеңі Абайға арналған арнау



Сахнаға №1 сайыскер шақырылады.№2 сайыскер дайын отырсын.

Сахнаға №2 сайыскер шақырылады. №3сайыскер дайын отырсын....

Еркежан: Абай біздің ақылпаз,

Үйренетін өнер, білім пәніміз,

Сарқылмайтын ғибрат алар нәріміз,

Мақтан етер, үлгі тұтар сәніміз,

Әдебиетте асқақ салар әніміз!

Олжас:сайысымыздың 3-кезеңі тақырыпқа өлең шығару.

Сахнаға №1 сайыскер шақырылады.№2 сайыскер дайын отырсын.

Сахнаға №2 сайыскер шақырылады. №3 сайыскер дайын отырсын..................................................................................



Олжас: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен Абайдың қара сөздерінен «Болмасаң да ұқсап бақ» атты мәнерлеп оқу сайысы өз мәресіне жетті.Әділқазылар өз шешімін қабылдағанша Үміт балалар үйі өнерлі балалары және №42 орта мектептің оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.

Еркежан: Қарсы алыңыздар

Би: Көбелектер

Ән: Саржайлауым Лоскутов Владислав

Би: Құстар

Ән: Бұлқынды жүрек Лоскутов Владислав

Би: Кесе биі

Олжас: Қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымы, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің әдіскері Сахариева Гүлнәр Сейсеновнаға беріледі.

Еркежан: Ал сайыскерлер жеңістеріңіз құтты болсын!

Қатысқандарыңыз үшін рахмет! Қош сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
3632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі