400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий ,Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Күздің атауы неліктен «Алтын күз» деп аталатынын түсіндіру. Табиғаттағы қорғауға тәрбиелеу.

Барысы: Балалар қолдарын жапырақ ұстап, «Алтын күз» әнімен залға билеп кіріп, орындарына отырады.

Тәрбиеші:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және біздің кішкентай бүлдіршіндер «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Балалар есікті біреу қағып тұрған сияқты кәне қарап көрейік. Балалар бізге «Күз ханшайымы» қонаққа келіпті. Қанекей қол шапалақтап қарсы алайық.

Күз ханшайымы:

Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен бүгін «Қошақан» балабақшасында «Алтын күз» өтіп жатыр деп естіп, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.Балалар сендер білесіңдер ме? Күз өте ерекше мезгіл , күзде жапырақтар сарғайып, жеміс- жидектер пісіп, құстар жылы жаққа ұшады. Күз кезінде күн суытып, жаңбыр жауады. Күз молшылық мезгілі, сондықтан күзді «Алтын күз» деп атайды.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, Күз ханшайымы. Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады екен. (балалар жауабы) Ал , қанекей балалар «Күз ханшайымына» өз өнерімізді көрсетейік.


Ән «Жау, жау жаңбыр»


Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар? (3ай)

Дұрыс айтасыңдар, ендеше ортаға күз айларын шақырайық. -Қыркүйек, қазан, қараша.

М.Кәусар: Бірінші қыркүйек

Білімге бастады,

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.


Нұркелді: Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай,

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.


Дамир: Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып



Тәрбиеші: Мінеки балалар, біз күз айларымен таныстық.

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл ,сары , қызыл, көк

Сан- алуан көкөніс мен жемістер- дей отыра «Жемістер мен көкөністер» биі (Нұрберді, Дамир, Мирас, Нұркелді, Айсат, Бекарыс, Әліби) ортаға шақырамыз.


Тәрбиеші: Көкөністер, жемістер

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Олай болса жемістер мен көкөністерге арналған өлең шумақтарына кезек берейік..

Мадина,Қызылша:Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.


Арнұр,Жуа: Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.


Азамат,Қияр: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!


Әбілмансур,Шалқан: Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды.


А. Кәусар,Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!


Дариға,Қызанақ: Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырын ішпеген?


Нұрберді,Картоп: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.


Амира,Өрік: Мен өрікпін ,өрікпін

Бау- бақшаға көрікпін


Әлиби,Шие: Мен шиемін, шиемін.

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін


Бекарыс, Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың


Санат,Алма: Мен алмамын, алмамын.

Таңдай жұлар бар дәмім.


Жұлдызай, Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.


Тәрбиеші:Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өлең шумағы ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы балалардың өнері бұнымен біткен жоқ

Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.

(Нұрберді, Әлижан, Азамат, Дамир, Айсат) көкөністер

(М.Каусар, Адель, Жұлдызай, Салтанат, Амира)жемістер

Ойын: «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, өнерлі балаларымыздың тағы да өнерін тамашалаңыз!

«Бұлттар» биі (барлық қыздар)



Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың сізге арнаған ертегі қойылымы бар бірге тамашалайық.

«Шалқан» ертегісі (ата-Арнұр, әже-Мадина, қыз-Дариға, ит- Мирас, мысық- Санат, тышқан- Әбілмансур

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Ертегілерін маған өте ұнады. Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім. Шешіп көреміз бе?

1.Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)


2. Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)


3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)


4. Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл, тәп-тәтті (Қарбыз)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

Би: «Саңырауқұлақтар» (Әлижан, Мансур, Арнұр, Санат, Азамат, Даниял, Ибрагим )

Күз ханшайымы: Балалар, өнерлі де ақылды екенсіңдер. Ал енді менің сендерге сыйлығым бар, соны тастап кетемін. Топқа барып жейсіңдер. Күз ханшайымынан күз мерекесіне тартуым.

Тәрбиеші: Күз ханшайымына рахмет айтып шығарып салайық.

Күз ханшайымы: Балалар сендерге көп рахмет! Ал енді сау болыңдар! Келер жылы кездескенше.


Тәрбиеші: : Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Ән : «Күз»


Тәрбиеші:

Қараңдаршы қандай сұлу,

Бидай басқан мына дала.

Әрбір адыр, әрбір жота,

Алтын жайып тастағандай

Күз айы біз молшылықтың, байлықтың мезгілі деп айтып жатырмыз, осындай молшылықты барлықтарыңыздың отбастарыңызға тілеймін. «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
318
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі