Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий ,Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз »

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жүргізуші. Құрметті ата- аналар , қонақтар. Сіздерді «Алтын күз » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне «Бүлдіршін» тобының балаларын қарсалайық.

Бөлме мерекеге сай безендірілген ( Барлық балалар шығып көңілді би билейді.)

Би "Жалпы би"

. Ортаға 3 бала шығады:
Зере : Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!

Дариға : Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Қ.Айша: Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

Хор «Алтын күз»

Орындарына отырады.

Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?


Балалар: Ол күз ханшайымы!


Тәрбиеші: Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық.


Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.


Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы!


Күз ханш: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Күз ханшайымы деген мен болам. Армысыздар қонактар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен сендердің әндеріңді , өлең шумақтарыңды тыңдайын деп келдім. Сыйымды да ала келдім. Мен сыйлаған байлықтарыма риза болып тойлап жатсыңдар, сендерге көөп рахмет. Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Жүргізуші: жооқ, төрге шық. Біздің балалар сізге арнап жаттаған өлең шумағын қабыл алыңыз.

Бекарыс : Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!


Альбина: Қарашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді?


Эльдар: Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма, осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен.


Бейбарыс: Сары теңге жапырақ,

Бояған ба көл бетін?

Тоңазыпты топырақ,

Ызғарлы екен желде тым.


Салтанат : Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.



Б.Кәусар: Гүл жайнаған даланың,

Жапырағы солыпты.

Таңырқадым, қарадым,

Танымастай болыпты.


Сәбижан : Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Азамат: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды,

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.


Жүргізуші: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Кезегімізді әнге берейік. Зере, Айша, Адель орындауында
         «Күз»  әнін қабыл алыңыздар!

«Саябақтағы» көрініс. (Себетпен қызбен ұлдар шығады.)

Арнұр : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
Адель : Енді, енді не етеміз?!
Арнұрға қалай көмектесеміз?
Аңсар : Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Арнұр : Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Нурислам : Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Аңсар : Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Арнұр : Ах!
Хормен: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер Алиби : Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Хормен: 1 балаға дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер Алиби : Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер Алиби : - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Арнұр : Енді не істеймін?
Дәрігер Алиби : Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Адель : Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
Нурислам : Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Інжу : Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!

Исмаил : Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!


Әбілмансур: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!

А. Кәусар: Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын


Санат : Жинап жатыр ауылым,

Сап-сары ала қауын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай, ауырын.

Мирас : Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шылады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Д.Айша Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша- бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Оның аты-құлтынай.

Аслан : Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты- Шабдалы. Айдар : Өрік Назерке:Жүзім

(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып кетеді)

Күз ханш: мен сендерге әкелген жұмбағым бар, жасырсам таба аласыңдар ма?

1 Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсем жылатады. пияз

2. Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

3. Доптар жатыр желiсi бар,
Қабат - қабат терiсi бар. (Орамжапырақ)

4.Бұтақта ілініп тұрады,

Піскенде себетке толады. Жеміс


Күз ханшайымы: Мына жерде әдемі ағаштар не көңілсіз отыр?

Жүргізуші: Күз ханшайымы ағаштарыңыз көңілсіз отырса, оларды бір билетіп көңілдендіріп алайық,

Күз ханшайымы: онда тамашалайық.

Ұлдар «Ағаштар биі »

Жүргізуші : өте керемет , күз ханшайымы сізде балалармен бірге қосылып ойнап , бір көңіліңізді көтеріп алсаңыз, балалардың қатарына тұрыңыз.

Күз ханшайымы: жарайды, менде көңілімді көтерейін

Жүргізуші: Нөсер жаңбыр жауады,

Сай – саладан ағады.

Жердің бәрі балшық боп,

Бассаң балқып барады.

«Аспаптар» (балалардың орындауында)

Жүргізуші: рахмет. Балалар бізге Күз ханшайымымен қоштасатын уақыт келді.

Күз ханшайымы Балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер, мен сендермен қоштасқым келіп тұр. Басқа да балаларға баруым керек, мен сендерге әкелген сыйымды тастап кеттім, сау болыңдар!

Балалар:Сау бол, Күз ханшайымы.


Жүргізуші: мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдарма?

«Жаңғақ пен алма жинау» ойыны.

ойын шарты: екі топқа 5 баладан шығып әр топ өздерінің заттарын жинайды.

Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
                      Отбасындай бір ұямыз
                      Береміз ендеше 
                      Би өнеріне кезегін.

Қыздар биі: «Түрлі- түсті Алтын күз»

Жүргізуші : Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
 Ән «Күз келді»



















МКҚК «Қошақан» балабақшасы













«Алтын күз»

ертеңгілігі

«Бүлдіршін» мектепалды даярлық тобы



















Қажымұқан 2019ж



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2020
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12