400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сценарий Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
алтын күз мерекесіне арналған сценарий, көріністер такпактар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз ортаңғы топ

Вход детей

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен.

Танданырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қайырлы қонақтар! Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

Тақпақтар: 2 бала

Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Ән: «Күз парам пам-пам»

ФОН

Жүргізуші: балалар қазір қандай мезгіл ? жапырақтардың түстері қандай? Балалар қараңдаршы мында бір сары жапырақ жатыр екен, көңілсіз өзі. Неге ол көңілсіз екенін қазір біз білеміз. Балалардың дайындаған шағын көрінісін тамашалаңыздар.

ФОН Көрініс: «Сары жапырақ»

Жүрг:

Қоңырқа күз болыпты,

Құрап жапырақтар солыпты,

Суық желде соғады.

Сары жапырақтар үзеді.

Сары жапырақ: Тахмина.

Жазда жоғары тұрдым,

Күзде жерге қондым.

Ешкім мені жемейді,

Тәтті екен демейді

Жел болса қуады,

Мені ол айналдырады.

Ешкім мені аямайды.

Бәрі мені керек қылмайды.

Жүрг:

Секендеп ешкі келеі,

Жапырақты ол көреді:

МУЗЫКА Ешкі: Аяулы

Ме-ме-ме

Қандай құрғақ жапырақ

Күзгі жапырақ, сары жапырақ

Кешкі асха жарамайсың

Дәмді, тәтті сен болмайсын.

Жүрг:

Алтын айдарлы қораз келді

Сары жапырақты олда көреді.

Жапырақ:

Жазда жоғары тұрдым,

Күзде жерге қондым.

Ешкім мені жемейді,

Тәтті екен демейді

Жел болса қуады,

Мені ол айналдырады.

Ешкім мені аямайды.

Бәрі мені керек қылмайды.

МУЗЫКА Қораз: Мухамедали

Қу-ка-ре-ку! Қу-ка-ре-ку

Алтын айдар басымда,

Ерте оянам жасымнан,

Құрғақ жапырақты жемеймін.

Одан да бидай іздейін.

Жүрг.

Суық жел соғады,

Жапырақты айналдырады.

Кірпі асығып келеді,

Жапырақты а ол көреді.

МУЗЫКА Кірпі: Біржан

Тұмсығымда түйме,

Арқамда болса күйме,

Күйме толы ине

Қолымен маған тме.

Менің үйіме барайық

Қыста бірге болайық

Басымның астына салайын,

Тәтті ұйқыға батайын.

Жүргізуші:

Кірпі үйіне асықты

Жапырақты өзімен әкетті.

Пайдасы болған жапырақ

Кірпімен енді дос болмақ.

Музыкамен залға ТИІН кіреді.

Тиін: сәлеметсіздер ме балалар, сендерде не болып жатыр? Алтын күз мерекесін тойлап жатырсыңдар ма? Менде алтын күзге дайындалып жатырмын, міне қараңдар мен қалай дайындалудамын, мен саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды кептіріп жүрмін. Қараймын сендердін орталарында да саңырауқұлақтар бар екен.

ФОН

Би: Саңырауқұлақтар.

ФОН

Ән: «Егін алқабы»

Тақпақтар: 2 бала

ЗАХОД ТҮЛКІ

Түлкі кіреді: сәлем балақайлар мен көңілді түлкімін, мен осы ормандағы ең әдемі ең қу түлкімін.

Тиін: сәлеметсін бе Түлкі. Сен біздің ортамызға неге келін? Алтын күз мерекесін тамашалауға келдің бе? Сенің қандай дайындығын бар? Қыс мезгіліне дайынсың ба?

Түлкі: жоооооқ. Мен қысқа ешқашан дайындалмаймын. Мен анадан мынадан ұрлап жүріп солай қыстап шығамын ғой.

Тиін: жоқ Түлкі, олай болмайды. Мен балаларға көкөністерді әкелдім. Сен қазір балаларға қарашы олар қалай көкеністерді ажыратады екен.

Ойын: «Көкөністерді ажырату»

Көрініс: «Бақшадағы көрініс»

МУЗЫКА Қыз: Мариям

мені анам бақшағы

көкеніске жіберді

сәбіз, жуа, қызылша

бәрі сонда деген.

Міне келдім бақшаға

Бірақ әлі салатқа

Не керек, не жұламын,

Білмей тұрмын қарап та

Сәбіз: Әкежан

Мен әдемі сәбізбін,

Салатқа әр кез дайынмын.

Дәруменге баймын мен

Дәмді асымын әркіммін!

Орамжапырақ: Жансая

Қабақ-қабақ кимімін

Ақпын әрі сөлдірмін,

Орамжапырақ мен болам

Пияз: Аяжан

Мені тыс ащы дейді,

Мені тәтті емес дейді,

Бірақ мен пайдалы мын

Салатты мен дәмдеймін.

Картоп: Арман

Картоп-біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынды бәріміз.

Бізді өзімен бірге

Әр тамаққа керекпіз

Пісір, қуыр, салат қыл

Әр кезде де дәмдіміз.

Қызанақ; Мөлдір

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Қоян: Нейла

Орамжапырақ сәбізді

Ешкімге мен бермеймін,

Көкеністің бәрінде

Өзім жинап жүрмін.

Көкөністер:

Құтқара көр сұлу қыз.

Қояннан біздді құтқаршы.

Қыз:

Ұзын құлақ сұр қоян

Осы жерден кете ғой,

Көкеніске тиіспесең

Саған сыйлық беремін.

Көкөністер:

Рахмет саған сұлу қыз

Саған берер сыйымыз.

Қыз:

Себетім толы ризамын,

Апарайын анама,

Керек болса көкеніс

Келемін тағы бақшаға

ФОН

Би: «Көкөністер»

Жүрг: ал балалар, балалар

Енді бері қараңдар,

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам

Қулығымды асырам,

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ жасыру:

Жиып теріп болатын

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың (Күз)

Жүрг: дұрыс күз мезгілі, ал енді ортаға алтын күзді шақырайық.

Музыкамен алтын күз кіреді

Алтын күз:

Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар.

Мен алтын күзбін

Жайдары жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім бүгін сендерге

Балалар: Сәлеметсіз бе

Жүрг: Сәлеметсізбе Алтын күз, отырыңыз жайғасып,

ал енеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар,

жапырақпен сиқырлы әсем биді сыйға тартыңдар.

Би: «Жапырақтар»

Алтын күз: рахмет балалар.

Уақыт өтпес тірліксіз.

Бақыт келмес бірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер

Жеміс жидекті көп жеп дендерің сау болсын. Келесі кездескенше аман сау болыңдар. (Сыйлығын береді)

Жүрг: қоштасады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
26
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі