Материалдар / сценарий Алтын күз балабақша ортаңғы топ

сценарий Алтын күз балабақша ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілер
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Кәусар» балабақшасы КМҚК









ЕРТЕҢГІЛІК





Дайындаған тәрбиеші:

Алимбаева Гульзада Сабденбековна

«Күншуақ» ортаңғы тобы




Далақайнар ауылы 2019 жыл



Тақырыбы:«Арайлы алтын күз» Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. Репертуарда: -Ән: 1. «Күз тамаша» 2. «Кап – кап – кап, тук – тук – тук » 3. «Күзгі вальс» -Би: 1. «Жапырақтармен би»

2. «Ленталармен би»

3. «Бұлттар мен тамшылар биі»

4. «Қолшатырлы қыздар»

5. «Вальс». -Тақпақтар:Күз туралы -Ойын: 1. Ойын «Қолшатыр кімге тиеді?»

Көрініс:Көкөністер таласы: Пияз,қырыққабат,картоп,қияр,қызылша,қызанақ. Таңғажайып сәт: Алтын күз ханшайымы, Қыркүйек айы, Қазан айы, Қараша айы (3 қыз) Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, әріптестер «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы жылдың Алтын күзі отбасыларыңызға береке, құт, ырыс әкелсін! Олай болса "Күншуақ" тобы дайындаған мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Ортаға бір ұл, бір қыз бала шығады:

1 бала: Н. Аңсар (қолында қолшатыры бар ортаға шығады)

Құрметті қонақтар «Күншуақ» тобының «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

Армасыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

2 қыз бала: Ж Амина (қолында қолшатыры мен жапырағы бар ортаға шығады)

Құрметті ата – аналар «Күншуақ» тобының мерекелік ертеңгілігін тамашалаңыздар

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді!


Н. Аңсар мен Ж. Амина бастарын иіп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: -Қараңдаршы, бүгін біздің тобымыз қандай әдемі болып кеткен

қолымызға не үстап келдік?

-Жапырақтар

-Осы жапырақтардың түсі қандай?

-Сары

Қуандырып біздерді, өлкемізге күз келді,

кел жемісті алтын күз кемелдейсін халқымыз.

Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.


Қазір біздің балалар «Күзгі жапырақтар» биін билеп береді. 

(Осы кезде әдемі «Песня листопад» әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!

Балалар:-Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсан тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын

-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын мен жалғыз келген жоқпын мен өзіммен бірге күз айларын ала келдім, Қыркүйек, Қазан, Қараша.


Қыркүйек Т Амина

Алтын күз – қыркүйек,

Жер қара, күн жылы,

Жарқын күз – қыркүйек,

Жайнайды бұл күні.


Қазан – Б. Інжу

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады,

Жарқырады жарқын күз,

Келді міне Алтын күз.


Қараша – К. Нүргүл

Қараша, күз келді, күз келді,

Сары алтын жауып іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Шоғы толған гүлдей жайна
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!


Күз Ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.

Ән: 1. «Күз тамаша»



Залға қолдарында ленталары бар қыздар жүгіріп кіреді. (барлық қыздар билейді)

Би: «Ленталармен би»

Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Ә. Ұлдана

Айнала сары ала

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті

Қоймаға түсіпті!

Ж. Аңсар

Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Тойлайық, күлейік

Қуанып билейік!

Т. Алихан

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

М. Мерей

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.


Би: «Бұлттар мен тамшылар биі»

Д Альмира
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз .
Қ Сержан
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс ,
Алдық өнім сыйыңды.

С Зейнеп

Күзім – ау, күзім – ау,

Мінезің бұзық – ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.



Би: «Қолшатырлы қыздар» (барлық қыздар билейді)

Ойын «Қолшатыр кімге тиеді?»

Шарты: балалар шеңберде жатқан қолшатырдың жанына тұрады. Музыка ойналады балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар қолшатырдың жанына тұра қалу керек, қай балаға қолшатыр жетпей қалса , сол бала ойыннан шығып отырады.

Барысы: Тәрбиеші балаларға қолшатырды көрсетіп: Бұл не ? – деген сұрақ қояды.

Балалар : қолшатыр.

Тәрбиеші : Ал енді осы қолшатырмен бір ойын ойнағыларың келеме?

Балалар: ия ойнағымыз келеді.

Тәрбиеші : мерекеміз қызықты болсын деп бір ойын ойнап алайық. Кәзір мен

Қолшатырларды мунда қоямын. (тәрбиеші шеңберге 5 қолшатырларды қойып шығады). Кім ойын ойнағысы келсе қолын көтерсін. ( тәрбиеші 6 баланың атын атап шығарады, балалар қолшатырды айналып тұрады). Музыка ойнаған кезде балалар шеңбермен қолшатырды айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда әр бала бір қолшатырды қолына үстап отыра қалу керек, қолшатыр жетпей қалған бала ойынның шарты бойынша , ойыннан шығады, тәрбиеші бір қолшатырды алады.


Көрініс: «Көкөністер таласы»
Пияз Ә Алинур
Арамызда достарым,
Жасыл түсті баламын.
Айтқаным егер болмаса,
Жылатып өшті аламын.
Қырыққабат А. Мейіржан
Маған да сөз берсейші
Борщ менен жасалар
Адамзатқа пайдалы
Еңбегім бар ақ адал
Қияр Ж. Санжар
Мен қиярмын, қиярмын
Мақтанбай қалай тұрармын
Сендерден бұрын мен пісіп
Дастарханда тұрармын


Сәбіз Н. Нұрзада
Дәруменнің өзімен
Адамзатқа пайдам көп
Мен кәдімгі сәбізбін
Бәріңнен де пайдам көп
Картоп Т. Аяжан
Таласпаймын ешкіммен
Өз орнымды білемін
Өйткені мен картоппын
Белгілі өзі – ақ керегім

Ойын: « Кім жылдам?».
(2 ата-ана шығып жемістерді жеу керек. )

Би: «Вальс».

Жүргізуші: ендігі кезекті жемістер ге берейік.

Жемістер айтысы

Алмұрт – Ж. Дамир

Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың. 

Жүзім – С. Тамерис

Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім . 

Өрік – Ақнұр (Нұрәділ)

Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін. 

Алма – С. Алинұр

Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім. 

Шие – М. Альтарази
Мен кәдімгі шиемін,
Бәрінен ерте пісемін.
Жүргізуші: келесі кезекті күзге арналған әндерге берейік

Ән: 1. «Кап – кап – кап, тук – тук – тук » 2.. «Күзгі вальс»

Алтын күз Ханшайымы: Міне, балалар, ата – аналар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз, Отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз.

Жүргізуші: “Күз сыйы” көрмесіне белсене қатысып, қол өнер дайындағаны үшін ата – аналарымызға алғыс айтамыз. (ата – аналарды марапаттау сәті)





ЖИ арқылы жасау
08 Қаңтар 2020
49776
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі