«Әнім сенсің,жырым сенсің, Туған ел!»
( мерекелік концерт)
Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру;
жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.
ұлттық салт – дәстүрді, еліміздің мақтаныштарының үлгі –
өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ауылдастар!
2-жүргізуші: Сіздерді ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып,
назарларыңызға «Әнім сенсің,жырым сенсің,
Туған ел!» атты концерттік бағдарламамызды
ұсынамыз!
1-жүргізуші: Елбасымыз «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты
мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-
дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы
патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» - деп атап
көрсетті, өйткені, кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа,
яғни туған жеріңе деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша –
Отанға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю
екіталай.
2-жүргізуші: Отан десем, оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Ән «Туған жер». Сөзі Ринат Зайытовтікі, әні Арман Дүйсеновтікі
орындайтын Республикалық «Көктем нұры» фестивалінің ІІ орын иегері 11- сынып оқушысы Серік Айсана ( слайд көрсетіледі)
1-жүргізуші: Отан өз үйіңнің табалдырығынан басталып,содан
шетсіз,шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан
жусаны,кеудеңе құйылған мөлдір ауасы,жотаға өрлеген
жалғыз аяқ жолдары.... Нақты осы жер адам өмірін елімен,
өткенімен және болашағымен байланыстырады.
Міне, сондықтанда да туған жер әр адамның рухани бұрышы
болып табылады..
Келесі тыңдайтындарыңыз: жерлес ақынымыз Қасым Аманжоловтың сөзіне жазылған «Туған жер» әні. Орындайтын аудандық патриоттық әндер байқауының гран- при иегері 7- сынып оқушысы Төлеубайқызы Айжан.
Сүйемелдейтін облыстық «Дарындылар додасы» байқауының бас жүлде иегерлері «Самғау» домбырашылар ансамблі.
2-жүргізуші: Келесі кезекте назарларыңызда «Самғау» домбырашылар
ансамблінің орындауында халық күйлерінен поппури.
1-жүргізуші: Алдарыңызда облыстық «Рух» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткізілген мәнерлеп оқу байқауының І дәрежелі диплом иегерлері Тілеш Аяжан, Ыбыш Саяжан, Асқар Әсем, Мұратханұлы Ғибрат, Қобыланды Гүлбахрам.
Аяжан: «Мен табиғат бесігі» (Қасым Аманжолов)
Саяжан: «Қарқаралы» (Мәди Бәпиұлы)
Әсем: «Мұхтар аға» (Қасым Аманжолов)
Ғибрат: «Сарыарқа» (Қасым Аманжолов)
Гүлбахрам: Рухани жаңғыру ( Серік Сейітман)
2-жүргізуші: Таяда ғана облыс орталығында өткізілген «Ақсұңқар»
фестиваль- байқауының күй номинациясы бойынша І дәрежелі
диплом иегері Маралқызы Айымжанның орындауында Секен
Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны»
1-жүргізуші: Келесі кезекте осы облыстық «Рух» қайырымдылық қорының
ұйымдастыруымен өткізілген ән байқауының І дәрежелі
диплом иегері мектебіміздің оқушысы Есей Аружанды сахнаға
шақырамыз.
2-жүргізуші: Камзол кием қынай бел
Толған ою, өрнекке
Билесiн деп сұрайды ел
Өнерiмдi көрмекке - дей отырып, Республикалық
«Көктем
нұры» байқауының І дәрежелі диплом иегері мектебіміздің «Шаттық» би ансамблінің орындауында «Үкілі қыздар» биін тамашалауға шақырамыз!
1-жүргізуші: Сахнада Қарағанды қаласында өткен Республикалық «Нұрлы
көктем» байқауының І орын жүлдегері 7- сынып оқушысы
Төлеуғазы Ерасыл. Ерасылдың орындауында Қалқаман
Сариннің сөзіне жазылған Жарылқасын Даулеттің әні
«Қазақтай ел қайда?». Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Тарт күйіңді, домбыра,
Төгіл –төгіл тәтті күй
Тау суындай сылдырла.
Тауда тұман тұрмасын,
Ойды, қырды қыдыра
Күй әлемді шарласын!
Құрманғазының күйі «Балбырауын». Орындайтын мектеп мұғалімдерінен құралған домбырашылар ансамблі.
1-жүргізуші: Дәстүр, өнер, салтымен,
Таңқалдырған ғаламды.
Мейірлері жарасқан.
Елім бөлмес адамды – деп, ұлттар достығын насихаттап жүрген
бүлдіршін бишілерімізді тағы да ортаға шақырамыз. «Шаттық»
би ансамблінің орындауында «Русские узоры» биі.
2-жүргізуші: Қашанда ауыл мәдениетін көтеруде көшбасшы болып, білім
беру мен өнерді қатар ұстап жүрген мектеп мұғалімдерінен
құралған вокалды топтың орындауында Шәмші әндерінен
поппури. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында
еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Оны қайда жүрсек те
жүрегіміздің түбінде әлдилеп жүру – әрқайсысымыздың
азаматтық парызымыз.
2-жүргізуші: Жаса елім, жаса достық, бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің –Қазақстан, Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен!
бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген концертімізді аяқтаймыз!
Хор: «Қазақстан»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сценарий "Әнім сенсің,жырым сенсің,Туған ел!" (концерт)

шағым қалдыра аласыз