жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сценарии Апталық
Предметы:
айық бала шақтан болашаққа!!!»
Музыка ойнап тұрады.
-
Фанфары
-
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата аналар, ұстаздар, қымбатты қонақтар.«Аттанайық бала шақтан болашаққа!!!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй – тәй басып аттаған бүлдіршіндер еді. Енді міне бойларыда, ойларыда өсіп, әріп таныған бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғары сыныпқа қадам басқалы отыр. «Аттанайық бала шақтан болашаққа!!!» деген тілекпен кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Ағайын жұрт ,ардақты, армысыздар,
Бәріңізде есен – сау бармысыздар
Көрермен куә болсын бастауышқа
Болашақ шәкірттердің жалғасы бар – дей отырып , ортаға бүгінгі күннің басты кейіпкерлерін қошеметтеп шақырайық. (Вальспен шығады)
Жүргізуші: Күндіз – түні ойладының бала қамын
Тынымсыз атып жатыр бәрбір таңын
Басқарып, директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе мектеп – гимназия директоры Сәдуақасов Бекболат Әкиұлына сөз берейік.
Жүргізуші:
Ұстаз сөзі күн нұрына пара пар
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол
Шуақ болып жүректерге таралар
Осы алдарыңызда тұрған шәкірттеріңіздің көптеген жетістіктері бар. Сынып 25 оқушыдан құралған. Зерхан Мақсат мектепішілік олимпиададан 1 орын, ауд.олим.дан матем.дан 3 орын, мек.к «Ең сауатты, таза дәптер» иегері.
Оңдабаева Балнұр, Смағұлова Нұрила мектепішілік олимп.дан дүниетану пәнінен 3 орын.
Меңдалиева Жеңіскүл мек.к олимп.дан қазақ тілі пәнінен 1 орын.
Осы оқушылардың арасында пәндік сайысқа қатысып жүрген оқушылар да бар. Атап айтар болсақ орыс тілі, дене шынықтыру, бейнелеу, қазақ тілі, математика аудандық жарысқа дене шынықтыру пәнінен «Есірткіге жол жоқ» акциясына қатысып Кеңесбаева Б, Мырзаханов Е, Мұхитұлы Б 1 орын иеленді. Мектепішілік бейнелеу сайысынан Зейнешов азамат 1 орын иеленді.
З. Мақсат:
Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат
Алдыңа түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат – дегендей мұны көруде бір бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4 – сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ, бүгін міне ес біліп етек жинаған шәкіртпіз. Бұл күнге жайдан жай жете салмағанымызды ескерсек, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәтер аз емес. «Шуағын төккен 4 жыл» атты слайдқа назар аударыңыздар. Бір сәт елестетер болсақ... (слайд кетеді муз. «Учать в школе»)
Жүргізуші:
Мына біздей бірге жүрген құрдастар
Алдыменен әуелетіп жыр тастар
Оқулықтар қатарына сөз бердік
Білімдерін шертіп өтсін сырластар

(Әліппе, ана тілі , әдебиет кіруі)
Әліппе: (Ерасыл)
Ішімді аштым, білімді шаштым,
Әліппе деген атақты бастым
Ана тілі: (Әділжан)
Ағайын құлақ сал мен Ана тілімін
Шәкірттің «А» деген алғашқы үнімін
Ал енді қоштасам, балдырған өзіңмен
Шыңдалсын енді әдебиетпен білімін
Әдебиет: (Саят)
Білімді шәкірттерге сенген едім
Толықсып әуеніңе тербелемін
Келешекте сен менен дәріс ал деп
Араңа әдебиет боп мен келемін
Нұрила:
Әлі есімде мектепке келгеніміз
Келгеніміз сыныпқа, енгеніміз
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұзтазым сенгеніміз
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзің арнап ән салам ардақтап сізді өтем мен
Хор: Ұстазым (Ғалымда)

Жүргізуші:
Арманым боп аңсаған
Мәңгілік қалдым мекендеп
Өзіңе арнап жыр айтап
Ардақтап сізді өтем деп оқушылардың ұстаздарға деген жылы лебіздерін тыңдайық.
Ислам:
Әкемдей мейрімді құшақ ашып
Тұрасыз Бекболат ағай амандасып
Әр уақыт жылы сөзін шабыт беріп
Барамын болашаққа қадам басып
Қамқоршы және мейрімді номинациясымен мектеп – гимназия директоры Сәдуақасов Бекболат Әкиұлы марапатталады
Перизат:
Жұмыста ылғи қайсарды
Көрмейміз мұндай жайсанды
Ұжымның мықты ұстазы
Сағатай апайды айтсаңшы
Кеңпейілді ұлағатты номинациясымен Оқу ісінің меңгерушісі Құдайбергенова Сағатай Раматқызы марапатталады.
Зерхан:
Білімділік тіршіліктің тірегі
Айнагүл апай тереңнен түсіндіреді
Сөйлегенде мәдениетті тілменен
Барлық жанның елжіреген жүрегі
Байсалды ,мейрімді номинациясымен бастауыш ісі жөніндегі орынбасары Лашынова Айнагүл Айжарыққызы марапаталады
Балнұр:
Гүлмира апай тәрбиелікке оқытқан
Санамызға қырын – сырын тоқытқан
Ізгілікпен ізеттікке жетелеп
Ақыл кенің болаттай қып қорытқан
Өз ісінің шебері номинациясымен өзіөзі тану пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжеди Гүлмира Бақытқызы апай марапаталады.
Назерке:
Сөз сөйле жарқын –ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой сананы
Біздермен ойнап күледі
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді
Баға жетпес өнегелі номинациясымен сынып жетекішіміз Ерғалиева Гүлзада апай марапаталады

Мадияр:
Бизнесте тек экономикадан тарайды
Таусылмайтын кеңге өзіңді балайды
Талай шәкірт мақтанг тұтар Сәуле апайды
Өмірінің өзегі деп санайды
«Ардақты ұстаз» номинациясымен қаржы пәнінің Жүрімбаева Сәуле апай марапаталады
Алина:
Русскому языку от нас поклон
кто из нас В вас не влюблен?
Вы душевный и добры , и при этом так умны
Знайте , не забудет вас
Выпускной четвертый класс.
«Самая обаятельная и привлекательная» номинациясымен орыс тілі пәні мұғалі Ормахнова Нұрсұлу апай марапатталады.
Азамат:
Бояу сырын үйреткен
Шын көңілмен жүрекпен
Бауыржан ағай керемет
Сабақ берген суреттен
«Алтын қалам» бағамымен сурет пәнінің мұғалімі Шүйіншалиев Бауыржан ағай марапатталады.
Ерсұлтан:
Достарым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Үнемі айтады гой Абай ағай
«Ақ көңіл» бағамымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айдаралиев Абай ағай марапатталады.
Жеңіскүл:
Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр
Саған деген алғыстын шегіде жоқ
Әрбірінің азамат болған үшін
Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің
Әр балаға сен ана, әкедейсің
Болашақтың көктеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап мәпелейсің
Ұлағатты ұстаздарға бас иеміз.
Ән. «Ұстазым» хор
Жүргізуші: Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамызған ақында, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып тер төккен шаруада , көкті шарлаған ғарышкерде бәрі ұстаздан тәрбие алған.
Олжас:
Ұлы өмірге жетелеп
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін
Келешекке алтын бақ
Қосар таудың үлесін
Жасай берсін жарқылдап
Ұстаз атты ұлы есім
Аңсаған:
Білім алаған өзіңнен әрбір ұшқыш не ғалым
Саған ыстық сезіммен қайды жұрт мұғалім
Менде өзіңді әрдайым қамқоршым деп ұғамын
Күліп атқан таңдайын жарқынсың сен мұғалім

Альфия
Баулыған мұғалім
Өзіңсің ағытқан білімнің бұлағын
Мен сенің көктемім
Нұрымен көктедім
Сол үшін өзіңе алғысым көп менің
Елнұр:
Бастауышым бал бұлағым
Алдым сеннен балдың дәмін
Әріп танып білім алып
Рахметімді жаудырамын
Бақыт:
Сен менің әкемдейсің, анамдайсың
Мен үшін армандайсың алаңдайсың
Ұстазымым сенен артық ақылшым жоқ
Адалдық пен парасаттан жаралған.
Хор: Ұстазым (тұлғанды)
Би: Махамбет
Ән «бала тілегі»
Бексұлтан:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы
Өң бойымда тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салаған жолын ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Ақтоты:
Қазақ тілі пәнінен
Білім алды балалар.
Сөйлемді сөз таптарын
Етістіктің шақтарын
Жалғаулар мен жұрнақтар
Ережесін жаттадым.

Назерке:
Ой жіберсең бәріне
Дүниетану пәніне
Өмір сырын үйтер
Пәннің жақсы біріде
Жер байлығы көп екен
Игеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы.
Нұрдәулет:
Ойланып, есеп шығартып
Төрт таңбаны білдірген
Ғылымдардың патшасы
Математика данасы
Хормен: Білімімізді шыңдап биіктерге самғаймыз
Жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімен мәңгі бірге боласың
Сен асқар сың, сен аспансың биіксің
Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.
Ән. «Анашым»
Би «Корнаваль»
Жүргізуші:
Шәкірттердің тыңдар жауап сұраңын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан мұғалім.
Есентай: Ақылшым асыл ұстазым
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың
Фарида
Армысын сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағың
Мектебіме арналады бұл әнім
Д.Мақсат
Бастауыштан алдық біз білім нәрін
Бар білімнің жинадық шырын балын
Бала деген ұстазға таратады екен
Менің осы мектептен ұғынғаным
Ән: Атамеке
Көрініс
Би: Орыс биі
Жүргізуші:
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат
Айтылды ізгі тілектер
Болмасын еш жаманат
Алдыңда ұзақ жолыңАлдыңда ұзақ жолың бар
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман есен болыңдар!
Бастауышпен қоштасу кешімізді «Сыныптастар, құрдастар» әніменн аяқтаймыз.
Ән: Гена
Би: Тәжік биі
Жаса Қазақстан
БИ: Ариба
Жүргізуші:
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда
Бастауыш сынып жетекшісі Ерғалиева Гүлзада және 5 сыныпқа қабылдап алушы Дабылова Альбина апайды ортаға шақырамыз.
Ән
сыныптастар, құрдастар

Қортындылау сөзін басшыларға береміз.
Ата – аналардын бата сұрау.
Сынып жетекшісінің жылы лебізі
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет
№262 мектеп – гимназия
4 «б» сынып
Бастауышпен қоштасу кеші
Дайындаған: Ізбасқанова А
атериал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.
Аттандық бала шақтан болашаққа!
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!
1-жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
2 жүргізуші: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1
жүргізуші: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып,
оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген
шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала
шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға рұқсат
етіңіздер!
2
жүргіуші: Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші
түлектерімізді ортаға шақырайық.
1 жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.
)
1-жүргізуші: Армысыздар жас достар
Болашаққа жол бастар.
2-жүргізуші: Білім деген ғажаптың
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Айдос: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Лейля: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Азамат: Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Нұрия: Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
Бекет: Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
І
жүргізуші: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ІІ жүргізуші
: Олай болса Арай алтын ұя мектебімізге арнап
«Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
Слайд: «Мектептегі
мерекелер».
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1- оқушы
- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт
- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.
2- оқушы
-
Дос табу оңай ма? - депті қарт.
-
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.
3- оқушы
- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.
- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың -қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.
4 - оқушы
-
Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.
-
Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.
-
Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.
- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.
ІІ-жүргізуші: Дұрыс айтасың:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
І-жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.
Қалима: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып тасталғаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
Енді, міне сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден
Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.
Роза: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
Лейля: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл алЖақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.
Жүргеніңді ұнатып арамызда.
Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
.
1-жүргізуші: Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
2-жүргізуші: Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би:
1-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.
Күй:
ІІ жүргізуші: Келесі кезекті сөз 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға беріледі.(оқушыларға дипломдар тапсырылады)
Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан – жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.
Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тіріиісің өзі?
Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.
Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп – бүтін ғой?
Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығы боламын. Мен үшін қагшама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрініңкі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.
Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о – ой өткен күнім есіме түссе, сай – сүйегім сырқырайды.
Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.
Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлады.
Бірақ шындығын айтқанда әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой!
Математика: Енді бізді қайтер екен?
Қазақ тілі: Жинап – жинап, отқа тастайды.
Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!
Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.
Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?
Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.
Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына түсейік!
Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе берсін!
1-жүргізуші : Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.
Би:
І жүргізуші:
Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.
ІІ-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.
Ән
1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ...............................................
..............................................................................................................беріледі.
(ата-аналардың ыстық лебіздері)
Мың
бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді
шақырайық.
Қазақ биі
ІІ жүргізуші:
Достар, осы бізді болашаққа не бастайды?
1 жүргізуші: Ата- ананың ақылы
Болашаққа деген сенім
Ұстаздың көрсеткен жолы
2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Хор: Ұстазым.
1 жүргізуші:
Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.
Тақпақ
1.
2.
2 жүргізуші: Бүлдіршіндерге бастауыш кластың кілтін ұсынамыз
Айдос:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті сендер ақтаңдар
Мектепті үздік бітіріп,
Ұстаздың болшы мақтаны!
Шығыңдар білім шыңына,
Аманат осы сендерге
Болыңдар үздік тағы да
Оқуда және еңбекте
( Бір оқушы кілт тапсырады )
І жүргізуші: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.
ІІ жүргізуші: Иә, бізді болашақта не ктіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?
1 жүргізуші:
Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.
ІІ
жүргізуші: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
І
жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
Қоштасу вальсі
2 жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.
хормен Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым !
І жүргізуші: Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп т
1
Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсін.
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
1.Білімнің сара жолы
бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып
қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы
ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен
таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген
құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға
тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Мұғалім:Біздің оқушыларды қошеметтеп отырайық.
1.Оқушыларға арналған арнау оқылады.
2.Оқушылар өлең жолдарын оқиды.
1-жүргізуші: Армысыздар,ардақты ұстаздар,қадірлі қонақтар оқушылар.Бүгін біз бастауышпен қоштасып,үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
2-жүргізуші:-Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар , ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға дей отыра құттықтау сөзі мектеп директоры: Кабдрахманова Г.Т сөз беріледі.
1-жүргізуші:Мен өзіңмен қайда болсам біргемін
Махабаттың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
2-жүргізуші: Ана дегеніміз -әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы деген екен Расул Гамзатов ағамыз.Олай болса ортаға жарық дүние сыйлаған аналарымызды шақырайық. Аналардың құттықтау сөзі.
1-жүргізуші: Оқушылардың орындауында вальс .
2- жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші!
Ғылым иесі де, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
1-жүргізуші: Я,дұрыс айтасың Әли..Ұстаз ол мектептің жұрегі емес пе ....
2-жүргізуші: Олай болса ұстаздарға аралған арнауды тыңдайық:
Линара:Жетілдіріп жеткіншектер білімін
Сырын ашқан ағылшынның тіліннің
Армангүл апай енбегіңді бағалап
Сізге шексіз алғыс айтар сыныбың
Карина:Санамызда тұрса дағы сан ұғым,
Білмеуші едік көп нәрсенің анығын.
Тілі менен әдебиеттің орыстың.
Қарлығаш пененГаникамал апайлардан таныдым
Аян:Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді
Бізге үйреткен музыкадай өнерді
Қайырбек ағай ісіңізден бақ тауып.
Шығардыңыз талай талант өнерді.
ИсламЖұмыста ылғи қайсарды.
Көрмейміз мұндай жайсанды
Спорттың мықты ұстазы
Қамбар ағайды айтсаңшы
1-жүрг: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!
Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.
Жан дүниесін баланың жайлап алған.
2-жүрг: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еккен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Айзат апай шырағы боп жағылар
Хор: Ұстазым.
.1-жүргізуші:Тұрмыз міне бастауышпен қоштасып,
Жітіліп ек бәріміз қол ұстасып
Іс ілгері, толығып біліміміз
Теріс басып жүрмейікші шоқ басып.
2-жүргізуші: Мұнардың орындауында ән Мектебім.
1-жүргізуші: Иә, Әли есінде ме? 4 жыл бұрын біз 6 жастағы балалар сөмкөмізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың,енді міне сауаттымызды ашып,бастауыш мектеппен қоштасып,орта буын қатарына қосылғалы отырмыз.Алда қандай асулар күтіп тұр екен?....
1-жүргізуші:
Айдында аққудай сыдаңдаған
Біреулер күй,біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Қуыршақтар биі.(ұлдар билейді
1-жүргізуші: Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр
Саған деген алғыстын шегіде жоқ
Әрбірінің азамат болған үшін
Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің
Әр балаға сен ана, әкедейсің
Әли: Ұстазым
1-жүргізуші: І жүргізуші:
Мың
бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Гүлдер биін билейтін деп ортаға бишілерімізді
шақырайық
2-жүргізуші:Алдарында КВН көріністері:
1-жүргізуші:Бастауышым- балбұлағым
Алдым сенен балдын дәмін
Бәрі: мың алғыс сізге біздей түлектен
Мың алғыс мына отты жүректен.
2-жүргізуші:Өтті сенде қызық шағым
Басауышым Балбұлағым
Хормен: Қош бол балғын балалық
Қош бол сүйікті бастауышым.
1-жүргізуші: Біздің бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге ізімізбен жаңылмай келе жатқан 1-сынып сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
Ғылымды терең меңгеріп
Үмітті сендер ақтандар
Бастауышты үздік бітіріп
Ұстаздың үмітін ақтаңдар.
Хор: Ұстаздар.
2-жүргізуші.Осымен біздің бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды.Қош сау болыңыздар.
Бүгінгі шәкәрт көгершін, болашағын көгерсін.
(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген