Жүргізуші: Армысыздар
аяулы аналар, ақ
жаулықты аналар, сұлу арулар! Құлыншақ
тобының
8- Наурыз Халықаралық аналар күніне
арналған «Аялаған
анашым»
атты ертеңгілігіне
қош келдіңіздер!
Ортада
«Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері
/Әуенмен
залға балалар кіреді/
Балалар
залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді
бір рет айналып тоқтайды,содан кейін
қыздар кіреді, бір рет шеңберді айналып
ұлдарға қарама-қарсы тұрады, ұлдар
бір-бірден барып қыздардың қолдарынан
ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін
өздері отырады.
Жүргізуші:
Армысыздар
ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді
әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір
өзіңнен бар қуаныш таралар.
Шуақ
шашқан алтын көңіл арулар,
Дарын боп
өнерменен қарулан.
Қош
келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер,
қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем
шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз
халықаралық әйелдер мерекесі де келіп
жетті. Осынау көктем мерекесінің қай
кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға
ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан
сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі
көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі.
Міне,
алдарыңызда сіздердің балаларыңыз,
еліміздің болашағы, біздің бүлдіршіндеріміз
бар өнерін көрсетпек. Ендеше
көктемнің алғашқы күндеріне арналған
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жүргізуші:
Балалар
қалай ойлайсыңдар бүгін қандай мереке?
Балалар
ең асыл жан кім?\Ана\
Қызығыңда,бұзығында
көтеретін кім? \Ана\
Үнемі
жанында періштедей қорғаштап, демеу
беретін кім? \Ана\
Сонымен
бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай
үлкен мейрамында аналардың жүзіне
кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе
ме? \ Иә \
Олай
болса бәріміз
орынымыздан тұрып аналарға арнап ән
айтып
берейік.
/Ән:
Айналайын ақ мамам/
Жүргізуші: Осы
ардақты аналарымызға арналған
бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек
берейік
Айлин
My
dear, dear mummy!
I
love you very much.
I
want you to be happy
On
the 8th of March!
Ақерке
Менің
әжем, бұл әже
Айтқан
сөзі дәл әжем
Аман
болса көреді
Қызығымды
әлі әже
Назерке
Наурыздың
сегізі,
Сұлулықтың
негізі.
Әдемі
сөз баланың,
Анаға
айтар лебізі.
Мариям
Аналарды
сүйеміз
Ақылын
ойға түземіз
Әжені
де ардақтап
Әдеппен
бас иеміз.
Айсұлтан
Әр
сөзімді жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған.
Анашым
деп мақтанам
Айналайын
ақ анам
Арайлым
Шашымды
өріп тараған,
Қабағыма
қараған
Үлкен
кіші демейді,
Сыйлайды
оны бар адам.
Елтай
Амир
Всех
девочек и мам
Поздравить
мы хотим,
И
в день 8 марта
От
всех вас защитим.
Айқаракөз
Ақ
анашым, аппағым,
Өзің
жайлы тақпағым,
Өзің
жайлы әнім де,
Арнадым
саған бәрін де.
Мерей
Құтты
болсын ақ анам
Сегізінші
науырызың!
Қасымда
бол әрқашан
Жансын
жарық жұлдызың,
Жүргізуші:
Мерекеге
арналады бүгін билер ,
Көтерілсін
канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға
қазір би билейді.
Қол
соғып демеу берсе көрермендер.
Келесі
кезекті ұлдарымызбен қыздарымыздың
аналарына арнаған әсем биін тамашалайық.
/Би:
Вальс/
Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің
тақпақтарына кезек берейік
Азим
Ана
біздің күніміз
Ананың
біз гүліміз
Балаларды
қуантып
Ұзақ
өмір сүріңіз.
Надимұлы
Рамазан
My
Mom is pretty.
My
mom is sweet.
My
mom is the best mommy.
You
will ever meet.
Айару
Мен
анамды сүйемін,
Сөзің
ойға түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды
оған иемін.
Айым
Аялаған
саялаған,
Бар
бақытым берекем
Апатайым
құттықтаймын
Бүгін
сенің мерекең.
Елназ
Моя
мама лучше всех,
Моя
мама всех добрей,
Свою
маму я люблю,
От
всех бед уберегу!
Елжас
Mom,
Mom, Mom
My
sweet little mom!
Mom,
Mom, Mom
My
dear little mom!
Рафихова
Айша
Мәпелеп
мені өсірген
Ризамын
мен өзіңе.
Ана
деген керемет,
Сыйлап
өтем өмірде.
Саян
Аялаған
анашым,
Мәпелеген
анашым.
Менің
саған тілегім
Қартаймашы
анашым
Жүргізуші:
Ортаға бүлдіршіндерімізді аналарына
арнаған орысша әндерімен қарсы алыңыздар!
/Ән:
Мамочка милая/
Ойын:
Ортаға
ата-аналар шығу керек.
Жүргізуші:
Ортаға бүлдіршіндерімізді аналарына
арнаған тақпақтарымен қарсы алыңыздар!
Серік
Айша
I
like the way you look,
I like the way you cook,
Now I want
to say:
«Hаppy
Women’s Day!»
Раяна
Жанымызды
жайнатқан
Өзіңіз
ғой аналар
Зор
денсаулық, мол бақыт
Тілейміз
біз балалар.
Талғат
Айша
Теңдесі
жоқ данасың
Арқа
сүйер панасың
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман
болшы анашым
Димаш
Біз
қыздарды сыйлаймыз,
Шаштарынан
тартпаймыз.
Меркемен
құттықтап,
Қыздарменен
ойнаймыз.
Ясмина
Мамочка
родная,
Бабушка любимая.
Вас я
поздравляю
Цветами красивыми.
Жанерке
Анам
болса қасымда
Басқа
бақыт не керек.
Анашымның
жүрегі,
Мейірімді
ғой керемет
Жүргізуші:
Мың
бұралған арулар билей басып,
Келеді
міне ортаға толқып тасып,
Аруларын
сыйлаған халқым менің,
Қарсы
алайық қошеметпен шалқып тасып.
Ортада
қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
/Би:
Қыздар /
Жүргізуші:
Шалқып
тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Әже
сізді құттықтап
Ән саламыз бәріміз
Ортада
бүлдіршіндерімізді өздерінің «Әжемнің
шәйі»
әнімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Жарқырап
тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек
гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді
көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын.
Би:
ұлдар мен қыздар
Жүргізуші:
О,анашым
неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәңгілікке
арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер
де сен еш ауырмай, күліп-ойнап қуансаң
Бұл
тәңірден одан басқа,ешбір тілек
сұраман
Өмірдегі ең асыл жан- АНА.
Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,
ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.
(Балалар
гүл сыйлайды)
Жүргізуші:
Сіздерді тағы да 8 –ші Наурыз мерекесімен
құттықтаймыз! Уақыт бөліп келгендеріңізге
үлкен рахмет. Сіздерге арнаған шағын
ғана ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі
кездескенше сау болыңыздар!