Сценарий "Аяулы-аналар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Аяулы-аналар"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз мерекесіне керек,шығармашылық бағытта,сценарий кұруға қосымша көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Келісемін_____________ Бекітемін__________________

директордың тәрбие ісі мектеп директоры

жөніндегі орынбасары Ж.Жумабекова

Б.Утеулин «__»____________2020 ж

«__»____________ 2020 ж








Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«78 мектеп-гимназия» КММ

Тақырыбы: «Аяулы-аналар»












Сынып жетекшісі: Н.Тулегенова

3 «Ә» сыныбы




















Музыка ойналады. Ортаға екі бала шығады.

Арыстанбек:   Армысыздар  аяулы аналар!Армысыздар мейірімді әжелер!

Нұртөре: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
                                 

Арыстанбек:  

Ана десем  сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Аналар,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Нұртөре:

Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Арыстанбек:

Нұртөре,білесің бе? Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.

Нұртөре:

Неге, сиқыршы келе ме?

Арыстанбек:

-Жоқ, таппадың.

Нұртөре:

-Ә,таптым,таптым. Қайрат Нұртас келетін шығар?

Арыстанбек:

-Жоқ Нұртөре. Алда Аналар мерекесі келе жатыр емес пе. Сондықтан бүгін біз әлемдегі ең асыл жан аналарымызға арнап ән айтып, би билейтін боламыз!

Жүргізуші : Ия, дұрыс айтасыңдар. Құрметті қонақтар бүгінгі 3«Ә»-сыныбында өтетін «Ана – тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шоуға қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын,күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын!


Арыстанбек:Ендеше ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырайық.

Би: «Қуыршақтар» биі



Нұрғали:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мерекеңмен

Құрметті біздің Аналар!
Нұрмұхаммед:

Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Анашымның жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Сымбат:

Асқар тау,биігіміз сенсің- әже
Жүрегің теңіздей кеңсің- әже
Ұл қызың армансыз болар еді
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең- әже

.Нұртөре:

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық

Ән: «Әже» .

Орындайтындар: Асқар Сымбат пен Берік Арайлым
Жансая:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Меруерт:

Аялы қолда талпытқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі,

Қорғасындай балқытқан.
Мирас:

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Нұрбақыт:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.



Арыстанбек: Жарайсыңдар балалар! Енді жігіттеріміздің орындауында «джентельмендер» биін тамашалаңыздар!

Ақнұр:

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі

Нұртөре:

  • Енді аналарымызбен ойын ойнап көрсек қалай болады

  • Арыстанбек:

  • Әрине, мен бір ойын білемін. Ол «Пантомимо» деп аталады.

Тәрбиеші:

Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын  тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді. Ол үшін  мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар. Анасы понтомимомен канвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек
Ойын ойнатылады.

Би: Вальс.Билейтиндер:

Арыстанбек,Назгүл,Нурмухаммад,Ақнұр,Елболсын,Меруерт,Нурмухаммед,Еркежан


Ақжан:

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.


Гүлназ:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Арайлым:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,

Еркежан:

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен

Ақжарқын:

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Мадина:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым

Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «АНА – ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ» атты кешіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!


































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.11.2020
409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі