15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сценарий «Ауған соғысы – жүректегі жара»
Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Ауған соғысы – жүректегі жара»
атты іс – шара.
Жүргізушілер: 10 «А» сынып оқушысы Алимбеков Қанат
10 «А» сынып оқушысы Смадияр Айлина
1.жүргізуші: Армысыздар қымбатты ардагерлер және ұстаздар мен оқушылар.
2.жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған,
Ұрпаққа өмір жолы өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
1.жүргізуші: Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезіңде-ақ әр ауылдан, ірі қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің ғой,
Соғыстың бар азабын арқалаған.
2.жүргізуші: Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінң Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған, Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысы – жүректегі жара» атты салтанатты жиынына қош келіпсіздер!
1.жүргізуші: Қыран құсым самғасын ,
Еркіндікке кеңінен.
Әнұраным айтылсын,
Кетпесін күлкі, кетпесін.
Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалсын! Рахмет.
2.жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізі туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық, жазықсыз төгілген қан, тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1.жүргізуші: 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылдап шыңғыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды. Қазақстаннан Ауған соғысына 22 мың адам қатысып олардың 761 –і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 7000- ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарынан екен. Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.
2.жүргізуші: Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын,
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда бүгінде
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, біз үшін!
1.жүргізуші: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымыздың орнымыздан тұрып, 1 минут үнсіздікпен еске алайық. Рахмет!
2.жүргізуші: Ардагерлер
Айтса ертек көргендері
Сыңғырлап таймаған өрден кері
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 – жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған «Ауған соғысы – жүректегі жара» атты салтанаттты іс –шараны ашып беру үшін. Сөз кезегі мектебіміздің директоры Акылбекова Жанар Сатановнаны және
Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары Бердешов Абдіқайым мырзаны шақырамыз.
1.жүргізуші: 3 «Ә» сынып оқушысы Байдетов Бақтығалидің орындауында « Көтер көкке туыңды» әнін тамашалаңыздар.
2.жүргізуші: АӘД пән мұғалімі.Н. Құдіретов «Баяндама» оқыды.
Ауған соғысы жайлы видеоролик.
1.жүргізуші: Сол ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн – түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік.
10 сынып жігіттерінің «Қоян – қолтық шайқас» түрінен көрінісін тамашалаңыздар.
2.жүргізуші:10 сынып оқушысы Қаржаубай Томирис «Автоматты бөлшектеу және жинауынан көрініс».
1.жүргізуші: Келесі кезекті 10 «Г» сынып оқушыларынның дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.
2.жүргізуші: Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен.
Думанды ауыл, саялы қалаларда
Сыйласып, бір – бірімен күні өткен.
10 «Ә» сынып оқушыларының орындауында «Катюша» биін тамашалаңыздар.
1.жүргізуші: Досы келсе бәрін де қонақ еткен,
Жауы шапса, бас игізіп тізерлеткен.
Бабасына сиынып тағзым еткен,
Жаны – таза, қаны – таза, қазақ екен, -
Алдарыңызда 5 «Ж» сынып оқушысы Әлімбаев Жаппардың орындауында « Өз елім» әнән тамашалаңыздар.
2.жүргізуші: Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтсе де, сол жауынгерлер бүгінде бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып журген ауғандық ардагерлерлі қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз дегіміз келеді! .
1.жүргізуші: Шұбарсу ауыл әкімшілігі «Ауған соғысы ардагерлер қауымдастығының төрағасы Сүюнов Беркінбайға ағамызды сахна төріне шақырамыз.
Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Балғабеков Бауыржан ағайымыздың орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыныздар!
2.жүргізуші: Өтер жылдар, айлар тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар, - деп жырлағандай өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.
1.жүргізуші: Сонау ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін – бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түпкір – түкпірінде еңбек етуде. Аяулы жандар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Құрметті қонақтар! Осымен біздің Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 – жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отырған «Ауған соғысы – жүректегі жара» тақырыбындағы салтанатты іс –шарамыз аяқталды. Барлықтарыңызға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз.
Дайындаған: информатика пәні мұғалімі Байдуллаева Ботакоз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген