Материалдар / Сценарий: «Best биологтар» танымдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий: «Best биологтар» танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 9 сынып оқушыларының өткен тақырыптардан алған білімдерін жинақтай отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту. Оқушылардың логикалық ой - өрісін жетілдіре отырып өз ойларын анық, айқын жеткізу дағдысын қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға тірі тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс. Сабақтың әдіс - тәсілі: пікір - талас, сұрақ - жауап
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2022
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сценарий: «Best биологтар» танымдық сайысы


Сабақ тақырыбы: ”Best биологтар“ танымдық сайысы


1-жүргізуші: Армысыздар, қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абырой, атақ даңқың

Ұстаздар аман ба екен құрбы - құрдас

Сыныптас бірге оқып болған сырлас.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Best биологтар» сайысына қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Сабақтың мақсаты: 9 сынып оқушыларының өткен тақырыптардан алған білімдерін жинақтай отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту. Оқушылардың логикалық ой - өрісін жетілдіре отырып өз ойларын анық, айқын жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Қоршаған ортаны қорғауға тірі тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың әдіс - тәсілі: пікір - талас, сұрақ - жауап

2-жүргізуші: Шеберлікті, білімді

Саралап сіздер көріңіздер,

Әділ баға беріңіздер.

(Әділ қазылар алқасы сайланады.)

Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімдері:

1-жүргізуші: Жарыс заңы ежелден.

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Сәт сапар тілеп бәріңізге,

Сайысты біз басталық.

Көрсетіп өнерлеріңізді,

Қалмаңыздар жасқанып.

Олай болса, қатысушыларымызбен, әділ-қазылар алқасын сайысымыздың кезеңдерімен танысытырып өтейік.Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-жүргізуші: 1- Таныстыру. (Яғни, әр топ өздерінің топтарының атын, топ құрамын және топтың ұраны мен эмблемасын таныстырады)

2-жүргізуші: 2 - Менен сұрақ, Сіздерден жылдам жауап. Мақалдар сайысы.( Бұл сайысымыз мақалдармен байланысты болады. Әр топқа кезек-кезекпен 5 мақалдан қойылады.)

1-жүргізуші: 3 - Білім минуты.( Бұл кезеңде топтарымыздың көсбасшылары сайысқа түсетін болады. Көшбасшыларға «Қар борау» әдісімен 10 минутта 10 сұрақ қойылады. Қай көсбасшы бірінші жауап берсе, ұпай санына сол топ ие болады.)

2-жүргізуші: 4 – Magic box.( «Magic box» кезеңінде топтарымыз реттік номері бойынша тақтадағы ұяшықтардан сұрақтар таңдайды. Әр сұраққа дайындалуға бір минут уақыт. Cұраққа дұрыс жауап беру бермеуіне қарай, ұяшықтың сыртында тұрған ұпай санына ие болады.)

1-жүргізуші: 5 – Үй жұмысы.( Яғни қатысушыларымызға алдын ала берілген үй тапсырмасын тексереміз. Қатысушыларымызға үй тапсырмасы ретінде: «Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері» атты 3-і бөліміміз бойынша тапсырма берілген. Яғни, қатысушыларымыз осы тақырып бойынша өз ойларын қалыптастырып, және басқа оқушыларымызды табиғатты қорғауға, аялауға үндеуі керек.)

2-жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа қатысушы топтарымыздың реттік нөмерлерін анықтап алайық. Ол үшін әр топтың топ басшысы ортаға шығып, сыйқырлы қапшығымыздан бір-бір асықтан таңдайды. Асықтарда 1 ден 7 ге дейін сандар жазылған. Қай топқа қай сан түссе, сол топ сол номерде, сол ретпен сайысқа түсетін болады.

1-жүргізуші: Басталар сайыс енді жоспармыен,

Достарым отырсың ба елеңдесіп

Ата – салты, баба дәстүр жолыменен

Алайық біз әуелі сәлемдесіп

1 Ендеше, сайысымыздың 1 - бөлімі "таныстыруға " кезек берелік.

(Әр топ өздерінің топтарының атын, топ құрамын және топтың ұраны мен эмблемасын таныстырады.) Осы сайыс қортындысы бойынша ең жоғары ұпай саны: 5.

2-жүргізуші: Білімділер болады әркез алда,

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.

2 "Менен – сұрақ, сіздерден жылдам жауап ” бөліміне кезек келді.

Бұл сайысымыз мақалдармен байланысты болады. Олай болса қатысушыларымыздың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетінін тексерейік, Әр топқа кезек кезекпен 5 мақалдан қойылатын болады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Осы сайыс қортындысы бойынша ең жоғарғы ұпай саны: 5.

Мақалдар:

- Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.

- Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос - жарымен мықты.

- Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

- Нөсер алдында найзағай ойнайды.

- Күн күркіресе, көп дүркірер.

- Ел құты - қария,
Жер құты - дария.

- Жер отты болса, мал сүтті.

- Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

- Көрмеген жер таныс болмас,
Көрінген жер алыс болмас.

- Адамды аздыратын - дерт,
Жерді аздыратын - өрт.

- Жер - қазына,
Су - алтын,
Мал - байлық.

- Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса - жер ырысы.

- Жер құлағы жетеу.

- Бұлт қайда қонса,
Береке сонда қонар.

- Пайдасыз бұлт теңізге жауады.

- Нәзіктік талға жарасымды,
Қаттылық қайыңға жарасымды.

- Бір тал кессең, он тал ек.

- Гүл - шаттықтың белгісі.

- Гүл патшасы - раушангүл.

- Түн тынышсыз болса, үйқы қашады,
Күн тынышсыз болса, күлкі қашады.

- Бұлақ көрсең, көзін аш.

- Судың да сұрауы бар.

- Ағын судың арамдығы жоқ.

- Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі - бұлақ. - Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні кәріп. - Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ. - Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. - Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей. - Алтау ала болса ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

- Байлық байлық емес, бірлік байлық.

- Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

- Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

- Отан үшін отқа түс — күймейсің,

Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

-Отанын сүйген: отқа жанбайды,

суға батпайды.

1-жүргізуші: 3 Білім керек бұл сайыста.

Тез қимылдау бұл да керек,

Жеңіп шығар тобыңыз.

Болса егер ойлы зерек.- деп

келесі сайыс -“Білім минуты“ кезеңі (Бұл кезеңде топтарымыздың көсбасшылары сайысқа түсетін болады. Көшбасшыларға «Қар борау» әдісімен 10 минутта 10 сұрақ қойылады. Қай көсбасшы бірінші жауап берсе, ұпай санына сол топ ие болады. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Осы сайыс нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай саны: 10. )


Жауаптары:

1) популяция

2) амилаза

3) жұтқыншақ

4) өт

5) демэкология

6) катализатор

7) ұлтабар

8) лизоцим

9) метан

10) бауыр

1-жүргізуші: Кезекті сергіту сәтіне берейік. Қатысушыларымызға жұмбақтар жасырылады. Дұрыс жауап берген оқушыға сыйлық беріледі. Бұл кезең бағаланбайды.

2-жүргізуші: Жер қайысқан тобырдай

Жесең бірақ жұғымтал

Көзден жасты шұбыртар (жуа)

1-жүргізуші: Денесін жерге тығатын

Шашы жерден шығатын

Қызғылт сары қызықты

Кім бар қане ұғатын? (сәбіз)

2-жүргізуші: Сопақша көк өңі бар

Пайдалы мөлдір сөлі бар

Піскен кезде жияр

Оның аты,,,,,,,, (қияр)

1-жүргізуші: Іші сары, сырты қатты

Дәні дәрі, дәмі тәтті

Пісіп жесең ас тамақ

Оның аты,,,,,,,, (асқабақ)

2-жүргізуші: Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (орамжапырақ)

1-жүргізуші: Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы.(cегізаяқ)

2-жүргізуші: Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер.(бит)

1-жүргізуші: Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады. (тоқылдақ)

2-жүргізуші: 4 - Біліміміз жетеді ойланайық

Оқушыға осы сөз болар лайық

Көтерейік достарым ауыл көркін

Көпшілікте қосылса болмас айып

«Magic box» кезеңінде топтарымыз реттік номері бойынша тақтадағы ұяшықтардан сұрақтар таңдайды. Әр сұраққа дайындалуға бір минут уақыт. Cұраққа дұрыс жауап беру бермеуіне қарай. Ұяшықтың сыртында тұрған ұпай санына ие болады.

Жауаптар:

A1- цитоплазма

A2- плазмалық мембрана

A3- ядро

A4- ЭПТ

A5- рибосома

A6- гольджи аппараты

A7- лизосома

1-жүргізуші: 5- “Үй жұмысы”

Яғни қатысушыларымызға алдын ала берілген үй тапсырмасын тексереміз. Қатысушыларымызға үй тапсырмасы ретінде: «Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері» атты 3-і бөліміміз бойынша тапсырма берілген. Яғни, қатысушыларымыз осы бөлім бойынша өз ойларын қалыптастырып, басқа оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға үндеуі керек. Осы сайысымызды қортындысы бойынша ең жоғары ұпай саны: 5.

2-жүргізуші: Қайсысы білгір білімді.

Талабына қарайық,

Кімдер зерек кім жылдам,

Таланттарын табайық.

Әділ қазы алқасы,

Сараласын бағалап.

Кім жеңеді сайыста,

Анықтайық даралап.

Әділ қазылар алқасы шешімдерін шығарып болғанша қатысушыларымыздың өнерлерін тамашалайық.

9 Ә сынып оқушысы ______________ орындауанда: Балбырауын кұйі.

Сайыс соңында әділ қазы алқалары сөз алады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!