жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сценарий «Біздің сұлу шыршамыз қандай әдемі»
Мереке алдында екі шырша уйге тығылып қалады.Музыка ойналады. Жүргізуші балаларды залға шақырады.
Жүргізуші:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жаңа-жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шатыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Балалар залға шығады, шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші:
Жаңа жылдарыңызбен, Жаңа жылдарыңызбен!
Барлықтарыңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі біздің ертеңгілік кешімізде ән, би, күлкі көп болсын.
1 – бала:
Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Сыйлықтар алдық.
2 – бала:
Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
3 – бала:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
4 – бала:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
5 – бала:
Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты.
Аппақ боп үстіміз,
Ақ қырау жабысты.
Ән: «Қар жауып тұр»
6 – бала:
Тамаша сый алып
Келді аяз атамыз,
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз.
7 –бала:
Алғашқы ақшақар
Бетімде із қалды
Жүйіткейді ақ шанам
Алға ұстап ызғарды
8 –бала:
Әкелсін жыл ырыс- құт,
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша!
9 –бала:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
10 –бала:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Шеңбер биі орындалады (хоровод): «Міне, қандай шырша»
Жүргізуші:
Далада жапалақтап қар жауады, үйде жарқырап жарық жанып тұр,
Мерекеге бізге кім келіп өз әнін арнайды?
Жасыл ине киемін,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойлайсың,
Төріңдемін үйіңнің
Сымбатты жасыл кімдер? (Не деп ойлайсыңдар балалар?) (шыршалар)
(Үйден шыршалар жүгіріп шығады, Ақшақар шыршаларды өзінің қасына шақырады).
Қараңдаршы, қандай әдемі шыршалар.
Шыршалар:
Біз әдемі құрбы шыршалармыз,
Ойнағанды, билегенді,ән айтқанды жақсы көреміз.
Шыршалар биі.
Жүргізуші қыс: Біздің шыршалар биледі, қуанды айналаға қарап үлкен шыршаны көріп қуанып қалған сияқты.
Шыршалар:
Бірінші шырша: Ах, қандай әдемі шырша және үлкен!
Екінші шырша: Ойыншықтары қандай, көзің жауын аларлықтай, санап үлгермейсің!
Бірге: Бізді қонаққа шақырдыңдар бірақ шартылдақтар мен моншақтармен безендірмедіңдер.(Жылайды)
Жүргізуші қыс:
Қымбатты менің шыршаларым, қайғырмаңдар, қазір сендерді біз безендіреміз.
Жұмсақ қонжықтар,мұнда келіңдер шыршаларға сыйлықтарын тездетіп әкеліңдер!
(Жұмсақ аюлар әдемі кәпиттер мен шатырлақтарды әкеледі және Ақшақрдың көмегімен оны шыршаға іледі).
Аюлар (қонжықтар): Жаңа жылдарыңмен құрбылар!
Біз сендерге ойыншықтар әкелдік!
Қонжықтар биі.
Жүргізуші қыс:
Қәнекей, тиіндер келіңдер,
Бүрлер мен саңырауқұлақтар әкеліңдер!
(Тиіндер музыкамен жүгіріп шығады, шыршаның алдына тұрады, бүрлер мен саңырауқұлақтарды іледіде жүгіріп кетіп қалады).
Жылжымалы ойын:
«Қолғаптар»
Жүргізуші қыс:
Біздің әдемі меркемізге, конаққа түлкіде келді.
(Муыкамен түлкі жүгіріп келеді,қолындағы моншағын шыршаға іледі)
Түлкі: Әдемі моншағымды сендерге сыйлаймын,
Ах, қандай әдемі шырша - шыршалар!
Ақшақар:
Орманда жас ханзада шауып келеді, ол өзіне шырша іздеп жүр екен.
Атын түсіп, біздің мерекелік шыршамызға өзінің сыйлығын ала келіпті.
(Залдың ішінде атымен шауып келіп, шыршаға өзінің «ЖҰЛДЫЗЫН» сыйлайды. Жүргізуші қыс жұлдызды алып шыршаға тағады).
Жүргізуші қыс:
Жас ханзада сені біз мерекелік шыршамызға шақырамыз, барлығымыз кетік балаға.
Қымбатты менің шыршаларым қараңдаршы біздің шыршамыз оданда әдемі болды, орнан жануарлары біздер үшін тырысып сыйлықтар сыйлады. Олай болса мен сендерді, барлықтарыңды биге шақырамын.
Би: «Тіиіндер және қояндар билейді»
(Жүргізуші қыс балаларды назарларын кесек қараға (сугроб) аудартады).
Жүргізуші қыс: Қараңдаршы, қараңдаршы мұнда кесек қар пайда болыпты.
Ой, жай кесек қар емес, кесек қар – тірі сияқты қараңдаршы балалар.
(«Ксек қар» - Аққалаға айналады).
Аққала:
Мен көңілді Аққаламын,
Суық пен қатты аязға үйренгенмін.
Шелегім менің басымда,
Ал қолымда сыпырғышым.
Мұнда жаңа жылды қарсы алуда?
Мұнда қонақтар күтуде?
Жүргізуші қыс: Сәлеметсің бе? Аққала. Біздің меркеде сені көргенімізге қуаныштымыз. Бізбен бірге тұра қал, бірге жаңа жылды қарсы ал!
Шеңбер биі (хоровод) «Аққала»
Аққала:
Мен жәй Аққала емеспін,
Мен көңілді, тентекпін.
Мен ән айтып, билегенді және ойынағанды жақсы көремін.
Мен өзіммен бірге қар кесектерін ала келдім.
Ойнаймызба балалар?
Қар кесектері ойыны
Аққала:
Балалар мен ұмытып барамын,
Сендерге арналған хатым бар.
Сендердің мерекелеріңе асығып келеді,
Ол ақжарқын және тентек.
Оның дорбасында сыйлықтар көп,
Оның шапашы сондай әдмі.
Ол шыршаның шамдарын жағады,
Ол осы мерекеге бізге қуанышпен әр түрлі ертегілер алып келеді.
Балалар ол кім деп ойлайсыңдар?
Балалар: Аяз ата!
Аққала: онда мен Аяз атаны күтіп алайын! Зерікпеңдер! Сау болыңдар балалар!
Аққала кетіп қалады.
Музыкамен Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңбе, Қыс!
Бүгінгі ерекше мерекеде мұнда қонақтар көп жиналыпты. Онда дұрыс айтыпты, мені балалар күтіп отыр деп.
Ой, шыршаның шамдары әлі жамбапты ғой. Келеңсіз жағдай. Онда түзетейік.
Бәріміз бірге: бір – екі - үш.
Қәне, шырша шамдары жансын. (шырша шамдары жанады)
Жүргізуші қыс:
Біздің шыршамыздан алтын түсті шауқ шашты.
Аяқтарымызбен топылдатқанда, шырша шамдары өшіп қалды.
(Жүргізуші және балалар аяқтарымен топылдатады, шыршаның шамдары өшеді)
Аяз ата:
Қәнекей, шапалақта, шапалақта, бір – екі - үш,
Қәне, шырша жарқыра! (шырша шамдары жанады)
Ал, балалар тездетіп шеңберге тұрыңдар, бәріміз бірге ән айтып би билеп жаңа жылды қарсы алайық.
Шеңбер биі (хоровод) «Аяз ата»
Ойын: «Тоңдырамын»
Жүргізуші: Аяз ата! Балаларды тоңдырма! Оданда бізбен бірге билеңіз.
Жалпы би: «Қысқы ойындар»
Аяз ата: ой, ыстық болып кетті.
Жүргізуші: Отыр ата, демалыңыз!
Қаршалар, құрбылар, тездетіп ұшып келіңдер,
Өздеріңнің билеріңмен атамызды салқындатыңдар!
Қаршалар биі.
Жүргізуші: Және де, Аяз ата біздің балалар тақпақ біледі. Сіз тыңдап көріңіз.
Тақпақтар:
11 – бала:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызы ала шапаны
Сағындым аяз атаны
12 – бала:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
13 – бала:
Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Менде бүгін ән салдым
Араластым биге де.
14 – бала:
Новый год я очень жду
И под елочкой сижу.
Там подарки охраняю,
Их от всех оберегаю!
15 – бала:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елендеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
16 –бала:
Ақсақалды шал жылына
Бір ақ рет келіп кетеді
Қызы мен Ұлына
Сыйлық алып келеді
17 – бала:
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Аяз ата келеді
Құттықтауға біздерді
18 – бала:
Келеді деп Жаңа жыл
Қоян, Қасқыр досым да
Жиналыпты осында
Кел, кел Жаңа жыл
19 – бала:
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдың жарық қып
Шыршамызға шам іліп.
20 – бала:
Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз Ата келіп тұр
Ақ күпеге оранып
21 – бала:
Ал балалар тұрайық
Би билейік, ойнайық
Аяз Ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық
22 – бала:
Көрдің бе Аяз Атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны.
23 – бала:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Аяз ата: (балаларды мақтайды).
Мен сендермен ойнадым?
Шыршаңың жанында биледім?
Әнде айттым? Балаларды күлдірдім?
Тағы нені ұмыттым? (Балалар айтады)
Уақытта келді сендерді тәтті сыйлықтармен құттықтау.
Таяғыммен тақылдатып, өзімнің дорбамды іздейін.
Менің дорбам қайда жатыр екен а? Мүмкін ол есіктің артында тұрған шығар?
(Аяз ата есіктің артына кетеді).
Аяз ата:
Менің дорбамды кесек қар жауып тастапты.Кәнекей, көмекке келіңдер. Бір – бірлеріңнің артарыңнан тұрыңдар, лентадан ұстаныңдар.
Бірге айтамыз: бір – екі - үш,
Тартамыз, тартамыз, - дорба шығады.
(Лентадан тартып, сыйлықтарды ортаға әкеледі).
Аяз ата: Әйтеуір, менің дорбам табылды гой! Дорбамды мен ашайын, ішінде не бар екен қарайын!(Балаларға сыйлықтарын көрсетеді, топқа шақырады).
Ақшақар мен Аяз ата: Сендермен балаларым қоштасамыз, келесі жылы тағыда келеміз! Ауырмаңдар, сағынбаңдар, осы Жаңа жылдық мерекені жақсы қарсы алыңдар!
«Бекітемін»
«Нәзік» б\б КМҚК директоры
__________Менисова.Ж.Б
Жаңа жылдық ертеңгілік:
«Біздің сұлу шыршамыз қандай әдемі»
№ 6 «Қуаныш» екінші кіші топ
Дайындаған: Музыка жетекшісі Палеха Е.А.
Аманбек Нұржан
2017 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген